banner-top12

Ақпараттар ағымы 2fc7a1cc99d9a88992e089a2892c9213

Қосқан уақыты Қаңтар 15, 2015 | 521 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Сәулет-жоспарлау тапсырмасы бар анықтаманы алу

2014 жылдың мамыр айынан бастап қазақстандықтар ХҚКО-ларда сәулет-жоспарлау тапсырмасы бар анықтаманы тек бір құжатты көрсету арқылы ала алады. Ол – жобалаушы қол қойған және мөрімен куәландырылған, тапырыс беруші бекіткен жобалау тапсырмасының көшірмесі.

Бұдан бұрын осындай анықтаманы алу үшін жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне немесе салынған ғимараттардың үй-жайларын қайта құрастыруға тиісті құқық беру туралы шешімінің көшірмесін ұсыну талап етілетін. Бұл мәліметті атқарушы орган енді сәулет басқармасының мұрағатынан өзі ала алады

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – құжаттарды қабылдау күнін қоспағанда, 8 жұмыс күні (техникалық күрделі объектілер – электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар, тау-кен өндіру және байыту өндірістік кәсіпорындары, қара және түсті металлургия кәсіпорындары және т.б. үшін 15 жұмыс күні және салынған ғимараттардың үй-жайларын қайта құрастыру жобасын әзірлеу үшін 3 жұмыс күні).

Сәулет-жоспарлау тапсырмасы бар анықтаманы алу үшін қажетті құжаттар тізімінің қысқартылуы қызмет көрсету үдерісін оңтайландырудың және оларды ұсыну стандарттарын қайта қарастырудың арқасында мүмкін болды.

«Қызметтерді автоматтандыру оларды алу процесін жеңілдетуге бағытталған және азаматтарға ыңғайлы болу үшін жасалған, бүгінгі күні ХҚКО ұсынатын 164 қызметтің жүзден астамын электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады.

Бұдан басқа, өткен жылдан бастап ХҚКО-ларда «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету алаңдары жұмыс жасауда, онда кез келген клиент қызметті өз бетінше немесе ХҚКО қызметкерінің көмегімен ала алады. Осындай алаңдарды енгізу ХҚКО инспекторларының жұмысын анағұрлым жеңілдетті.

Олардың ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, білімі туралы құжаттардың телнұсқаларын беру, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру және т.б. бар.

Алматы қаласы бойынша ХҚКО мекенжайлары:

Әуезов аудандық бөлімі

Алматы қаласы,  Жандосов көш., 51

Алмалы аудандық бөлімі

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көш., 221.

Алатау аудандық бөлімі

Алматы қаласы, «Шаңырақ-2»  ықшам ауданы, Жанқожа батыр көш., 2

Бостандық аудандық бөлімі

Алматы қаласы, «Алмагүл» ықшам ауданы, 9а

Медеу аудандық бөлімі

Алматы қаласы, Марков көш., 44

Жетісу аудандық бөлімі

Алматы қаласы, Төле би көш., 155

Түрксіб аудандық бөлімі

Алматы қаласы, Рихард Зорге, 9

Алматы қаласы ХҚКО баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑