banner-top12

Құрылтай no image

Қосқан уақыты Қараша 25, 2012 | 745 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Саған келдім атажұрт»

Мұратхан Шоқан

 

Армысыздар ардақты ағайын!

Мен сөзімді «Саған келдім атажұрт» деген өлеңімнің бір шумағымен бастамақпын. Бұл өлең 2001 жылы 7 қазанда мен атажұртқа ат басын алғаш тіреген күні жазылған еді.

Саған келдім, атажұрт,

Қаңғырып келген ұл деме.

Тұяғы тозған тұл деме,

Қызығып келіп тұрғам жоқ,

Үлде менен бүлдеңе.

Саған қарай сүйрейді,

Қанымдағы бірдеңе.

Расымен біздіңқанымыздағы бірдеңе сүйреп атажұртқа оралдық. Содан бері он неше жыл өтті. Қазақстанның күн санап алға басуының куәсы болып, ертеңіне елеңдеп, жақсылығына қуанып әр қайсымыз, әр салада еңбек етудеміз.

 

Суға түсіп, отқа күйіп жанса да,

Тәуелсіздік, бостандық деп жан сала.

Жер бетінде зар боп жүрген отанға,

Отансыздар қаншама?! Шүкір дейік!

Осы тәуелсіз Отанға бүгінгі таңда шетелден 1 миллионға жуыққандастарымыз оралды. Оралған ағайындардың арасынан 70-тен аса ғылым докторы, 300-дей ғылым кандидаты шықты. Отанға оралып, қазақтыңөнеріне, әдебиетіне, ғылымына, экономикасына үлес қосқан, үлес қосып, таланытмен тамсандырып жүрген қандастарымыз жетерлік. Мәселен, ғылым саласындағы қайталанбас тұлға — дінтанушы ғалым Халифа Алтай (Түркиядан), тарихғылымының докторы, қоғам қайрат­кері Зардыхан Қинаятұлы (Моңғолиядан), медицина ғылымының док­торы Сейітхан Жошыбаев (Қырғыз­­станнан), тарих ғылымының докторы, про­фессор Нәбижан Мұқамет­ханұлы, (Қы­тай­дан), шығыстанушы ға­лым, филология ғылы­мының докторы Ислам Жеменей, (Ираннан) т.б.; жазушылардан – Жақсылық Сә­мит­ұлы, Оразанбай Егеу­­бай қатарлылар, әнші Майра Мұқаметқызы, Қабылаш Әбікейұлы, биші Шұғыла Сапарғалиқызы, күйші Еркін Ергенұлы, жұбай әншілер  Құрманбек пен Риза, Ермұрат Зейіпқан, айтыскер ақын Қайрат Құлмұқаммет, таэквондодан V дан иегері Мұстафа Өз­түрік, олимпиада чемпионы Бақыт Сәр­сек­баев, Бейжің Олимпиадасыныңқо­ла жүлдегері Қанат Ислам деп тізе берсек, бар­лық саланың саңлақтары санап тауыс­қысыз. Кәсіпкерлік салада Сабыржан Мұ­қа­метханұлы, Төлеу­бай Нығарбай, Ша­ғанбек Қан­жарбайұлы, Қуанышбек Өнер­ханұлы, Қамбар Әжі­қадырұлы, Баһаргүл Төлегенқызы, Фарида Мерхамит­қызы сияқ­ты жүздеген адамға жұмыс беріп, өн­ім өндіріп отырған азаматтар жетерлік.

Былтыр ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай зиялы ағалармен ақылдасып  Елбасымыз  Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтыңқазақ тұтастығын ойлаудан туған көші-қон саясатының жемісін көрсететін «Тәуелсіздік жемісі» атты кітап шығардық. Кітапқа жоғарыда аттары аталып өткен адамдармен қатар,әр саланың мамандарынан әр мемлекеттен келген 118 адам кірді. Кітаптың маңыздылығы жайлы ақпарат құралдары жарыса жазды. Бұдан қоғамның келген ағайынға, олардың еңбегіне деген шексіз құрметін сезіндік. Кітаптың тұсаукесерін Астанада Президенттік Мәдениет орталығында өткіздік. Тұсаукесер шараға Президент әкімшілігі атсалысып, кітаптың тұсауын қазақтың зиялысы, сол кездегі Президенттік Мәдениет орталығының деректоры  Мырзатай Жолдасбеков кесті. Мен барлық ақпарат құралдарына разымын, келген қандастарымыздыңеңбегін жарқыратып көрсетті. Қандастарымыз жайлы бір жақтылы айтыла беретін олардың мұң-мұқтажынан гөрі, табысын Отанына келіп, жемісті еңбек етіп жатқанын көресету –  келетін елге үміт сыйлайды деп ойлаймын. Көшіміз жемісті. Жемісті іс – жалғасын табатыны заңды құбылыс. Көш тоқтамайды.

Мен сөзімнің соңын «Бұрмаңдар кері ат басын» деген өлеңіммен аяқтайын.

 

Жаратқан алла жақтасын,

Қырық бір шілтен сақтасын.

Үміттің айы батпасын,

Өз қанын ешкім сатпасын.

Бұрмаңдар кері ат басын.

Тілімді алсаң егерде

Ерегесіп егерге.

Көшіңді артқа шегерме,

Түйеңді шөлге шөгерме,

Бүгініңүшін алданба.

Кері қайтуды малданба,

Біреуден көңіліңқалғанға,

Күжірейіп жалданба,

Айтпады деп көкем деп,

Айтқаныма жетем деп,

Кетемін еше кетем деп,

Қайтесің кері тепеңдеп.

Жолығар талай жаз, ақпан

Назалан, мейлі азаптан.

Қашқанда қайда барасың

Қарға тамырлы қазақтан.

Бұрмаңдар кері атбасын!

 

Құрметті халайық! Бүгінгі «Жанашыр» қоры мен Алматы қалалық ішкі саясат департаменті ұйымдастырған «Елге оралып еңбегі жанғандар» атты форум қандастарымызға елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, ел үкіметініңүлкен мән беріп отырғанының айғағы. Біздер боп, сіздер боп – барлығымыз алты алаштыңқамын жеп, Отан үшін суға түсіп, отқа күйейік! Алаш бірлігін ойлаған алаш зиялыларының аманатын ұмытпайық!




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑