banner-top12

Замандас index.jpg---11

Қосқан уақыты Қараша 12, 2014 | 919 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Сағыныштан туған «Шұбарат»

3fXH13qY

Қыдырхан ұлы Уахап (23.12.1932 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Ақарал ауылы) — жазушы, аудармашы, дінтанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1979). 1933 — 55 ж. Шығыс Түркістанда тұрған. Шинжиаң халық радиосында алғаш қазақша хабарлар бөлімін ашқан. 1955 ж. Қазақстанға оралып, ҚазМ У-дің журналистика факультетін бітірген соң, “Лениншіл жаста” (қазіргі “Жас алаш”), Қазақ радиосында, “Социалистік Қазақстанда” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) қызмет атқарған. 1986 — 96 ж. халықаралық “Шалқар” газетінің бас редакторы болды. “Тасқайнат”, “Шаңқай түс”, “Таң нұры”, “Алтын ай”, “Сағыныш саздары”, т.б. шығармалары жарық көрген. Қыдырхан ұлы Қазақстанда тұңғыш рет қасиетті Құран Кәрімнің мағыналық-түсіндірме аудармасын жасады (1991). 2002 ж. бұл аударманың толықтырылған нұсқасы қайта басылып шықты.

Сағыныштан туған «Шұбарат»
«Егемен Қазақстан» газетінің редакциясы 2009 жылдың аяғында өзінің 90 жылдық мерейтойының құрметіне «Егеменқазақстандықтар» деген атпен тамаша кітап шығарып, келушілерге таратты. Соның бірі маған да бұйырды. Ал кітапты тамаша дейтінім: онда осы басылымның тарихы, аталған газетте әр жылдары қызмет істеген қаламгерлер мен ұжымда қалыптасқан игі дәстүрлер жөнінде қызықты да маңызды деректер және жан толқытарлық шуақты дүниелер жарық көріпті.
Солардың арасынан осы газетте жиырма жыл қызмет істеген Уахап Қыдырхан есімді журналистің мына бір естелігі де менің назарымды ерекше аударды. Бұл өзі шағын ғана әрі ана тілімізде шешен тілмен, төгілдіре жазылған мақала екен.
1973 жылы газеттің бір топ журна¬листері ірі өндіріс орындарының тыныс-тіршілігімен танысу үшін Қарағанды қаласына келеді. Теміртауда болғанда оларға қонақасы беріліп, дастарқанды қалалық партия комитетінің сол кездегі екінші хатшысы Нұрсұлтан Назарбаиев жүргізеді. Мұны автордың өзі: «Жас патриоттың парасаты, тапқырлығы таңғалдырды. Еш¬кімнен сөз сұрамайтын журна¬листерді сезіммен селт еткізіп, ойлармен орап-шымқап тастады» деп жазады.
Ең қызығы, журналист сонда Нұр¬сұлтан Әбіш ұлы қонақтарға орындап берген «Шұбарат» деген әннің сөзін жазып алады. Оның әні мен сөзін Елбасымыз өзі жазыпты. Сол әннің өлеңі мынау екен:
Алатау – туған жерім, елім менің,
Сағындым арасынан ескен желін.
Арқада ардақталып жүрсем-дағы,
Ер жігіт ұмытар ма өскен жерін.
Шұбарат Алатаудың етегінде,
Шамалған тұрады екен жетегінде.
Арқадан асыл жарды тапсам-дағы,
Туған жер, сенен алыс кетермін бе!
Бай да өтер, би де өтер, батыр да өтер,
Басында панасы жоқ пақыр да өтер.
Бұл өмір қарап тұрсаң тұрағы жоқ,
Жел соқса, бір-ақ күнде ұшып кетер.
Бұл жас жігіттің туған жерге деген перзенттік сағынышынан, сезім толқы¬ны¬сынан туған жыр мен ән екені анық. Халқымыз Нұрсұлтан Әбіш ұлының ән айтуды, тыңдауды ұнататын әрі ақынжанды азамат екенін жақсы біледі. Жұртымыз «Елім менің», «Жерім менің», «Үшқоңыр», «Сарыарқа» сияқты әндерін тыңдап жүр. Оның Әнұранымыздың мәтініне енгізген толықтыруларынан да ақындық жүрек, азаматтық тілек айқын аңғарылып тұр.
«Талант иесі қашанда жан-жақты келеді» – деп халық жайдан-жай айт-пайды ғой. Енді, міне, өлеңге деген бейімділік Нұрсұлтан Әбіш ұлына сонау жас кезінен-ақ тән екені өмірде де өнегелі өз ізін салып келеді.
Осындай жақсы журналистердің гүлден нәр жинаған арадай тынымсыз еңбегіне қалайша риза болмассың?
Махмұт ҚАСЫМБЕКОВ,
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы.
«Егемен Қазақстан» газеті, №100-103, 19 наурыз, 2010 жыл.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑