banner-top12

Ислам тағылымы ramadan-dates-1295554

Қосқан уақыты Маусым 16, 2017 | 479 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

   Сексен үш жылдан артық болған қадірлі түн

 

Бес парыздың бірі – ораза ұстау.  Бір айға созылатын Рамазан айында барлық ауыз бекіткен адамдар Алладан тілер тілегін сұрап, жалбарынуды үдетеді. Себебі, бұл қасиетті Рамазан айында тіленген дұға тілектер қайтарылмайды делінген. Дұғаның қабыл болып,  тілектің орындалатынынан бөлек  отыз күн ашығып, күннің ыстығына төзіп шыдаған адам, өзінің сабырлылығын арттырып, нәпсісін тыяды екен. Және де ораза ұстаудың ағзаға пайдалы жақтары жайында да көп айтылып жүр.

Ораза айы сауапқа дархан болар,

Ораза айы нәпсіге арқан болар.

Бұл өмірде күнәдан қорған болар,

Арғы өмірде тозақтан қалқан болар – деп, бұл өлең жолдары хадистегі, құрандағы, Алла сөзіндегі аяттарды тиек етіп, бұл айдың қаншалықты маңызды, сауапты болатындығын баян етіп тұр.   Сондықтан, жылына бір рет келетін қасеитті айда ораза ұстауға ниеттенген жөн.

Рамазан! Қасиетті рамазан айын кеше ғана асыға күткен едік, енді міне аз күнге келген құтты қонақтай қайта кетпекші. Яғни, оразаның аяқталуына санаулы күндер ғана қалды. Айдың ең шарапатты, қасиетті соңғы он түні басталды. Бәйгеге қосылған тұлпарлар, мәреге, соңына жақындаған тұста, бар күш жігерін салып, оқтай ұшады. Ендеше, бізде аянып қалмайық. Себебі, көп ұзамай біздің бір жылдық тағдырымыз шешілетін, құны сексен үш жылдан артық болған қадірлі, құрметті түн – Қадір түні келе жатыр. Кез келген нәрсенің қадірін уақытында білейік, ағайын.

                                         Гүлмарал Ерсұлтанқызы

                                      




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑