banner-top12

Поэзия no image

Қосқан уақыты Мамыр 16, 2012 | 835 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Серік Қапшықбайұлы.   ЕКІ ШОҚТЫҢ АРАСЫ

 

(Топтама өлеңдер)

 

ЖАҢА ЖЫЛ         

 

Көрер қызығы ма,

Айтар ой,

Сом алтынның

Сынығына

Құлдық!

 

Берекемен

Бітерлік жанжал …

Пісірілген

Нандарға

Құлдық!

 

Аспанның

Жұмыр оғына, –

Күн екемның күрең

Шоғына

Құлдық!

 

Ақ тіс,

Қара шашқа.

Темір тіреу,

Ағаш атқа

….

 

Істің бір

Кіттейіне,

Біткенімен

Оның –

Бітпеуіне

Құлдық!

 

Ажал алақан

Жая тұрғанына…

Тірлік ептеп

Бала туғанына

….

 

Жаңа жыл –

(Бұла таң кезінде)

Ұлтым,

Ұлы отан,

Өзіңе

Құлдық!

 

 

 

 ШЫН-АУ

 

Бақыт байқұс,

Ар жағында –

Таулардың!..

Иә сонан,

Қандалмай жүр

Қармағым.

(Қиіп тұрған,

Қимай қойып

Қайшылар…

Бәлкім оның,

Бір білгені

Бар шығар?..)

 

Бақыт байқұс

Өзіңде ерік,

Бар ма дым?..

Уысында

Умаждалып

Алланың!

 

Мені мен

Сені.

Жақындатпады

Ол,

Бір елі!

 

 

 

ЖАҚСЫ ӘКЕНІҢ АРУАҒЫ

 

Отаным!

Маған рауа,

Ат – атағың!.

 

Жүк малы –

Түйелер.

Тайлақ

Түйенің бірі

Екенін біле бер!

 

Үйіп кеткен –

Дауылың…

«Қызыл құмда –

Ауылым.»

 

Ауызға да

Ілінер:

Ій шелектің

Бірі болып –

Күбілер!

 

Аймалақтап –

Кәрі күн!..

Сол баяғы

«Жайдақ суда ауылым.»

 

Қолымды ұзарт,

Іліндір!

«Жақсы әкенің

Аруағы

Жаман ұлын ,

Сүйремей ме

Қырық жыл!»

 

 

АПАЙТӨС

 

Тұрайын,

Тұрсам –

Өтінде желдің.

Қалыңдау, жылы

Тоны бар елмін!

 

Тоғылып кетпей

Түбіне көлдің…

Ажайып жосық –

Жөні бар елмін!

 

Таймастай болып

Тағынан,

Мен кім?..

Өз дәулерім –

Шоңы бар елмін!

 

Аспаннан жұлдыз

Жинасақ, мейлім.

Терерлік – қаптап,

Қолы бар елмін!

 

Барлығы бәлем:

Берешек –

Келешек үшін!

Алашақ –

Болашақ үшін!

 

ШЫРАЙЛЫМ

 

1

Ұшқарылық

Емес шығар

Пәлендей?..

Алтын басты

Ұл туып бер,

Әйелдер!?

 

Терін төккен,

Алшы түсіп асығы.

Бұл ғасыр нақ,

Қазекемнің ғасыры!

 

2

Не алсаң ал,

Бір шетінен

Күре өзің,

Молықтырып

Ғажабын да – әжебін!..

 

Ауыр талап

Емес шығар

Бәлендей?..

Алтын басты

Ұл туып бер,

Әйелдер!?

 

Қол жаямын,

Құдайыма жылаймын.

Күміс құрсақ

Қыз туып бер,

Шырайлым?!

 

 

  ЗОБАЛАҢ

 

1

Бұрын,

Майды –

Бай жеп.

Көз

Қызартушы

Едік-ай, кеп!

 

Әзір

Татпай,

(Байламай белді)

«Тамыр майланып,

Бас айналып…

Жатып қаламыз»

Дейді.

 

Бүгін май –

Жарлының асы.

Қайдам:

Ет қымбат,

Май арзан!

 

Бұл –

Обал да…

Кедейлер –

Құлап жатыр,

Сонан ба?..

 

2

Құм құйылып –

Көмей…

«Төңкерістен»

Ат кекілін –

Кестің бе, кедей?!

 

Қайткенің ол,

Неге?..

Сөзіңде –

Тұрмай,

Жаман неме!

 

БАСЫНАН ҚАРА ТАУДЫҢ КӨШ КЕЛЕДІ

 

1

Алдында анау –

Қалибек хакім,

Тұра қалайын…

(Үрпйіп шашым).

 

Күндердің –

Шырқап

Өткені-ақ, рауа.

Куәміз оған –

Өзіміз ғана!..

 

Ауыл-үй қонып,

Тағдырға жақын –

Жүре алған кісі ол,

Қалибек хакім!..

 

Айменен жұлдыз

Іләйім – теңі!..

«Теңі» болған соң –

Әкеміз еді!..

 

Сөзімде,

Түк

Болмасын ақың!

Тірліктің –

Тұлым шашындай…

«Шашындай кісі»

Ол –

Қалибек хакім!

 

2

Қалғыдық ба?..

«Қалғысақ»

Қап, біз –

Бор болдық қой.

Ал олар ақ тұз!..

 

О-Оу, қалқам,

Оспан батырға да

Қалекең,

Ақылын айтқан!..

 

(Білем мен!

Білмейім бе-е?

Халық-ау,

Сындырған,

Игенің не-е?..)

 

Байқап…

(Алайдым.)

«Тәуелсіздік

Алу арқасы шығар,

Бір аз адамның?..

 

3

Тағдырға –

Жақын.

Дөкей кісі ол

Қалибек хакім!

 

(Жау

Алқымынан алмақ!..)

Қазақтар ауды –

Мал – сұлын айдап!..

 

Демей-ақ:

Құлайым, именем.

Гималай асты

Бұл көш,

Табаны күректей

Түйемен.

 

Бастаған

Жасақ (ғаскерді).

Жаужүрек болып –

«Тас» болды!..

 

Әйтпегенде,

Атамыз

Қандай –ды ол? –

Қазақтағы бір

Маң – маңкер!

 

Қиял-елес:

Ұшып жүрді ме?

Қонып жүрді ме?

Тоңып жүрді ме?..

Өліп жүрді ме?..

 

4

(Келер-ау, тез

Лап еткім!

Әдебиет – пиғыл,

Мен – ниетпін.)

 

Тәуелсіз елім-ай,

Көбең.

Әйтеуір, көкке

Бір елі

Жетпей тұр

Төбем!

 

Оу,

Мінің де дардай…

Тарихтан

Таязсың

Бай – бай!.

 

Бұл сөзім

Сәл өтірік…

Шабар ойың бар

көсіліп!..

Сен

Таяи,

Кимеле!..

Алу үшін өмірден,

Беруің қажет

бірдеңе!..

 

(Имандай сырым:

Ой –

Түйіншегін шешу

Менің,

Сенің де өз –

Қырың!..)

 

Имандай сырым:

Адам сықылды,-

Дұрыс бітсе

екен –

Құлақ пен мұрын?..

 

5

(Желім бе, тентек

Құйыным ба?..)

Ағаның жиынында

 

Әр шөптің басын шалып

Сөйлейім, –

Боламын қарық!!

 

(Қозбаса ал,

Делебем!

«Итке темір не керек».

Не керек өлең?)

 

Бәз күндер –

Бұрқақ.

Көз ұшына

Жеткенмен –

Шырқап

 

Мен тимесем,

Ол тимей.

Әр тайып…

Кеткен жоқ –ты

Қартайып.

 

Қиялым қаржалма!

Тал болып –

Өс:

Теріскей,

Сайларға!

 

Бір сөз емей

Не дұр:

Өмір мен құдырет?

Құдырет пен өмір?..

 

6

(Жусан,

Терек.

Өсімдік –

Баласы ғой,

Демек!)

 

Сол –

Менің қайғым:

Атар таңы нешік,

Керемет ойлардың?..

 

Саңлақ, ересен де –

Бұлар!

Бір-ақ сөз:

«Қазекем» мен,

«Қалекеңдер»!

 

(Көзімнен тамып

Көкала ұшқын.)

Ұлы ойлардың кеп –

Үстінен түстім,

 

«Жасасын!» дейік

Ендеше:

Біз –

Соны көздейміз,

Сол ойлар нені

Көздесе!..

 

«Басынан қара таудың көш келеді».

 

ТҮЙЕНІҢ…

 

Осы мен…

Оңам ба?

Онан да:

 

Керек-тын

Ә, бұрын,

Менің –

Құруым!..

 

Қоиу түндер

Не көрсетпек?..

Жеп кетсе –

Еді-ау,

Бөрілер

Бөлшктеп!?

 

Бұған

Жылайым ба еш!..

«Түйенің өзі –

Түйе.

Құмалағы

Түйе е-мес.»

 

 

БИІККЕ , БИІККЕ

Отаным –

Піскен қауындай…

Мұның аты –

«Аман жүр,

Ауырмай».

 

Отаным

Ірі бол.

Ұсақтар –

Төгілер,

Үгілер.

 

Отаным

Ояумысың?..

Мұны айту –

Қалғып кетпеуің

Үшін!..

 

Отаным

Мен бар,

Ол бар…

Мұның аты –

Қозбау керек:

Алалық,

Жанжал.

 

Отаным

Өс,

Жарқыра.

Түсейік:

Күннің соңы,

Айдың алдына!..

АНАЛАР

 

Омырауды

Сүт –

Керіп кетеді.

Сол кез –

Қорғасының

Еріп кетеді!..

 

Білмей қалып

Қызыл қаның,

Тамырларыңда –

Сұйылғанын!

 

Онан да –

Ары қарай…

Шыдайды

Екен,

Жан қалай?..

 

 

      ІЛІК ІЗДЕСЕҢ

 

 

Жел жағымнан айқайлар:

Шындықтар не, жағдайлар!..

 

Өлген адам

Оқыс басып өрескел

«Тайып» кеткен,

«Жанып» кеткен емес пе ол?..

 

Жатыр әне өз тізгінін

Ала алмай:

Тым самарқау,

Тым оңбаған адамдай.

 

Жатыр әне,

(Бұл да осыған –

Ұқсап сәл)

Майға өткісіз,

Тесе болған пышақтар!

 

Танымайым,

Мен оныңнан былаймын!

Тек, осыған

Ілігі бар Құдайдың!..

 

 

 ТЕМІР МЕН АҒАШТАР

 

Отаным-ай, десіңе

Ризамын әкелік!

Қондырып ай бетіне!

Қолыма күн әперіп!

 

Келе кетер қисынға,

Бірін-бірі ысырмай.

Ағұзы мен бисміллә,

Бір ұяның құсындай.

 

Отаным-ай, (не күлкі?)

Ағытам сөз тиегін:

Менің етім сенікі.

Өзімдікі ал, сүйегім.

 

Кім ылғамақ біз үшін

Біле қойып, жаным-ау?

Бір жағында тірінің

Сақаулар мен саңырау.

 

Не болсақ – бір болайық.

(Сырқуаңдық жоқ мұнда.)

Отаным-ай, сен арып,

Сен қажыған жоқсың ба?

 

Тең болмайды шынында

Тең болуы оғаш тым.

Темірлердің – қиыла,

Сынуы да – ағаштың.

 

ИШАРА

 

«Жартастар».

Ежелден –

Бар тастар.

 

Біз –

Жоқ едік…

«Жоқ» болған

соң –

Ақ едік те,

Көк едік!

 

«Бұ қалай –

Ишара?..)

«Аттан түскенмен

Үзеңгіден түспес-ау,»

Өлең бишара?.

 

            АЯҚТАЛМАҒАН  ӨЛЕҢ

 

Үзіп жеген –

Желкегім.

Тізіп жеген –

Желкегім!

 

Желкегімді

Жегізбей.

Тойдық-болдық,

Дегізбей.

 

….

….

 

Серік Қапшықбай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑