banner-top12

Ақпараттар ағымы photo_2020-05-04_16-12-53

Қосқан уақыты Мамыр 8, 2020 | 102 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Шахматтан әлем чемпионы Әсел Серікбай ХҚО-ның жаңа жұмыс үлгісін қолдайды

photo_2020-05-04_16-12-57 photo_2020-05-04_16-12-50 photo_2020-05-04_16-12-59 photo_2020-05-04_16-13-15

Бүгіннен бастап қайта ашылған Қазақстанның кейбір қалаларындағы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ фронт-офистері жұмысын жаңаша бастады.

ХҚО-лардың жаңаша жұмысы жөнінде Шахматтан Қазақстанның 17 дүркін, Әлемнің 3 дүркін, Азияның 7 дүркін чемпионы, Әйелдер арасындағы халықаралық спорт шебері, әйелдер арасында WIM халықаралық мастері Әсел Арманқызы Серікбай өз пікірімен бөлісті:

ХҚО-дан қызмет алу үшін алдын ала кезекті онлайн брондайды екен. Бұл өте дұрыс шешім.  Қызметті онлайн алу деген – өте қолайлы, ұтымды әдіс. Біз әлемнің түкпір-түкпірінде жүріп, өзімізге қажетті қызметтерді онлайн алып жүрміз. Еш қиындық жоқ, ыңғайлы, уақыт та кетпейді. Қазақстан халқы да карантин кезінде қызметті үйде онлайн алып үйреніп қалды. Сондықтан мемлекеттік қызметтің 80 проценті электронды түрде алуға мүмкіндік болғасын, оны пайдаланған жөн.  egov.kz, Телеграм-бот eGovKzBot2.0 және eGovMobile мобильдік қосымшаларының кез-келгенін пайдаланып, ХҚО-ға бармасаңыз да болады.

ХҚО-ға бару қажеттілігі бола қалған жағдайда, алдын ала кезек брондау әдісін міндетті түрде қолдануға көшкенін өте дұрыс деп санаймын.  Уақытыңды үнемдеп, белгілеген уақытыңда барып, кезексіз қызмет аласың және қазіргідей індет вирусы жүргенде, сақтық үшін де керек. Броньмен кезек белгілеп, дәл уақытында барсаң, халық шоғырланбайды, індет таралу мүмкіндігі азаяды.

Сондықтан, барлық замандастарыма мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға, ХҚО-ға бару үшін кезекті де онлайн броньдауға кеңес беремін.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑