banner-top12

Ақпараттар ағымы желтый номер

Қосқан уақыты Қазан 23, 2014 | 592 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Шетел азаматтарына тиесілі көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және есепке алу қызметі МХҚКО-да көрсетіледі

ҚР ІІМ ТЕБ жабылуына байланысты Алматы қаласы бойынша шетел азаматтарына тиесілі көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және есепке алу қызметі «ХҚКО» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының «Мамандандырылған ХҚКО» бөліміне берілді.
2014 жылдың 22 қыркүйегінен бастап «ХҚКО» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының «МамандандырылғанХҚКО» бөлімі «М» «Н» «F» серияы шетел азаматтарына тиесілі көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және есептен шығару қызметін жүзеге асыра бастады.
«М» – ҚР аумағында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарының және өкілдіктерінің көлік құралдарына беріледі.
«Н» – ҚР аумағында тіркелеген шетелдік қатысушысы бар заңды тұлағалардың көлік құралдарына беріледі.
«F» – шетелдіктерге және азаматтығы жоқ азаматтардың көлік құралдарына беріледі.
«М» сериялы МТНБ алушы ҚР СІМ (Сыртқы істер министрлігі)  ДКБҚ ( Дипломатиялық корпустқа қызмет көрсету басқармасынан) анықтама алып, көшірмесін тіркеуші офицерге тапсырады. Офицер өтінішті «Латон» ЖШС–не нөмірлер дайындау үшін жібереді. Нөмір дайын болған соң офицер қызмет алушыға телефон шалып, мемлекеттік тіркеуі үшін нөмірі дайын болғанын хабарлайды.
«Н» және «F» нөмірлерін алу үшін, құжаттар белгіленген тәртіп бойынша тапсырылады.
Алматы қаласы бойынша 2014 жылғы 22 қыркүйектен бастап бүгінге дейін «М» «Н» сериялы нөмір белгілері үшін 300 өтініш қабылданды. Ал «Ғ» сериясы үшін 75 өтініш қабылданды.

желтый номер    Суретте:  Алматы қалалық «Мамандандырылған ХҚКО» бөліміне шетелдік заңды тұлғадағы нөмірді есептен шығару үшін келген шетелдік “OK MOTORS” ЖШС өкілі Рахим Талғатұлы Чалов

Меруерт Әділбаева, 

Алматы қалалық МХҚКО инспекторы.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑