banner-top12

Ақпараттар ағымы image-29-09-15-11-41-7

Қосқан уақыты Қыркүйек 29, 2015 | 484 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Шетелде тұратын қазақ диаспорасының өкілдерінен құралған ақпараттық топ жұмыс істеуде

Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Шетелде тұратын қазақ диаспорасының өкілдерін қазақстандық қоғаммен ақпараттық жұмыс жүргізу ушін жұмылдыру» атты жоба бойынша жұмыс жүргізуде. Жобаның мақсаты – шетелде тұратын қазақтармен қарым-қатынасты нығайту. Аталмыш жоба барысында Қазақстанның даму басымдықтарын ілгерілету үшін ақпараттық жұмыстарды жүргізу мақсатында шетелде тұратын қазақ диаспора өкілдерін тартып, пул құру; Қазақстан қалаларында жергілікті халықпен кездесулер өткізу; республикалық және облыстық телерадио арналарда тікелей эфирлерге қатысу, бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар, мақалалар дайындап, атқарылған жұмыстар жайлы ақпарат жариялау және интернет-сауалнама жүргізу; Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдық мерейтойына арналған мәдени іс-шараларға шетелде тұратын қандастарымыздың белсенді түрде қатысуын ұйымдастыру көзделген.
Осы мақсатта құрамында Германия, Түркия, Франция, Финляндия, Норвегия, Австрия,Дания, Қытай, Ауғанстан, Иран, Сауд Арабиясы, Ресей, Ұлыбритания, Моңғолия елдерінен келген қандастарымыз бен қазақстандық өнер қайраткерлері, сондай-ақ Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры қызметкерлері бар ақпараттық топ құрылды.
2015 жылғы 29 қыркүйек пен 10 қазан аралығында ақпараттық топ мүшелері Алматы, Қызылорда, Түркістан, Кентау, Тараз қалаларына іссапармен барып, жергілікті халықпен кездеседі, онда шетелде тұратын қазақ диаспорасының тыныс-тіршілігі, Атажұртпен қарым-қатынасы, қазақ тіліне, салт-дәстүріне, діні мен діліне қатысты өзекті мәселелерді қозғап, пікір алмасады




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑