banner-top12

Ақпараттар ағымы e783f6b4d5919a04b0a633188f766f15

Қосқан уақыты Мамыр 11, 2014 | 631 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Шетелден 1538 ірі қара әкелінді

 2014 жылдың 4 айында Қостанай облысына шетелден 1538 ірі қара мал басы жеткізілген. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Базыл Жақыпов хабарлады.

 «Ірі қара мал етін экспортқа шығару әлеуетін арттыру жобасы аясында биыл шетелден асыл тұқымды 2000 ірі қара мал басы әкелінуі тиіс. Есеп беру кезеңінде 1538 мал сатып алынды. Барлығы соңғы 3 жылда облысқа 11,6 мың асыл тұқымды төл, оның 8,8 мың етті мал жеткізілді», -деді Базыл Жақыпов.
Оның айтуынша, шаруа және фермерлік қожалықтарда мал шаруашылығының даму үдерісі мен саланың ары қарайғы генетикалық өсу әлеуеті «Сыбаға» бағдарламасының орындалуына байланысты болмақ.
«Сыбаға» бағдарламасын іске асыру кезеңінде, яғни 4 жылда 2,3 млрд тан астам теңгеге 11,9 мың ірі қара мал басы сатып алынды. 2014 жылы 6 850 аналық ірі қара мал аламыз деп жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күні 237 басы алынды. «Аграрлық Несиелік Корпорация» АҚ на 411 мал басына 13 өтінім келіп түскен. Өткен жылы осы уақытқа дейін шаруа және фермерлік қожалықтар 1069 ірі қара мал немесе жылдық тапсырыстың 22%-н алған болатын», – деді Б.Жақыпов.
Айта өтейік, «Сыбаға» бағдарламасы – ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламасы болып табылады. 2011 жылы бастау алған мемлекеттік бағдарлама асыл тұқымды жас малды қалпына келтіру үшін агроөнеркәсіп кешені субъектілерін ірі қара малдың сиырларын және тұқымдық бұқа сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу, айналымдағы қаражатты толықтыруға бағытталған. Осы мақсатта 1 млн. теңгеден 18 млн. теңгеге дейін 7 жыл мерзімінде заңды тұлғаларға, шаруа қожалықтарына, жеке кәсіпкерлерге ставкасы жылдық 6% сыйақы мөлшерінде қарыз беріліп келеді.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑