Шетелдерден келген қандастарға бағыт-бағдар берілді - Шалқар газеті
banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 18 мая, 2015 | қосқан shalqar | 752 рет оқылды

0

Шетелдерден келген қандастарға бағыт-бағдар берілді

     IMG-20150515-WA0019  IMG-20150515-WA0028  20150515_154427 20150515_155303 20150515_152109 20150515_160045 20150515_171042 20150515_16343220150515_155430 20150515_154846 20150515_163904  20150515_155118 20150515_154518 20150515_154257 20150515_15381920150515_152351 20150515_152036 20150515_151808 

  Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы, Алматы қаласы ХҚКО бірлесе отырып «Көші-қон мәселелерінің қазіргі жағдайы» атты дөңгелек үстел өткізді. Жиында қазіргі көші қон жағдайы мен шетелдерден келген қандастардың құжат рәсімдеу, «оралман» мәртебесін алу, азаматтық алу және басқа мәселелері талқыланды.
Жиынға Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы, Алматы қаласы ІІД Көші-қон полициясы, Алматы қаласы ІІД Көші-қон полициясы аудандық бөлімдері, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, Халықаралық құқық қорғау орталығы, Жоғары оқу орындарының, ҮЕҰ-лар өкілдері қатысты. Германия, Моңғолия, Түркия, Қытай, Өзбекстан сияқты елдерден келген қандастар қатысып, толғандырған сұрақтарына жауап алды. Жаңадан келіп жатқан қандастар Қазақстан заңдарын білмегендіктен, көптеген қиындықтарға тап болып жатады. Енді біреулері виза мерзімін өткізіп алып жатады. ҚР азаматтығын алу үшін қандай визамен келу керек, қандай құжаттарға апостиль керек, оқу визасымен келген жастар азаматтыққа өткізе ала ма, жұбайлардың бірі Қазақстан азаматы болған шетелдіктердің азаматтық алуы, этникалық қазақтардың азаматтық алуында қандай жеңілдіктер қарастырылған, «оралман» мәртебесі азаматтарға қандай жеңілдіктер мен мүмкіндіктер береді және т.б. сұрақтар туралы айтылып, жаңадан келген қандастарға бағыт-бағдар берілді.
Сонымен қатар, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында Халықаралық «Жанашыр» қоры жанында төртінші жыл жұмыс істеп жатқан Оралмандарды қолдау орталығы, оралмандарға тегін құқықтық кеңестер берумен қатар, ниет білдіруші қандастар үшін қазақ тілі, орыс тілі курстары жұмыс істейтінін, әдебиет, қолөнер саласындағы майталмандар шеберлік курстарын өткізетінін айтты. Сондай-ақ, «Жанашыр» қоры алдағы уақытта да оралмандардың ұсыныстары мен пікірлерін, көкейтесті мәселелерін ескере отырып, тиісті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен осындай тақырыптық дөңгелек үстелдер ұйымдастырып отыратынын айтты.
Мұның бәрі, түптеп келгенде, «Атамекенім — елім!» деп келген қандастардың жаңа ортаға бейімделіп, орнығуында қағажу көрмесін деген тілектен туып отырған шаралар.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑