banner-top12

Ақпараттар ағымы m2a3269

Қосқан уақыты Қыркүйек 22, 2016 | 483 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Шетелдік делегаттар Алматы ауруханаларының Универсиадаға дайындығымен танысты

m2a3285 m2a3221 m2a3256 m2a3269

2017 жылғы қысқы Универсиада аясында жұмыс сапарымен келген шетелдік делегаттар Алматы ауруханаларына арнайы барып, ондағы жағдаймен жақынырақ танысты. Қазір қаладағы барлық ауруханалар 2017 жылғы қысқы Универсиадаға тыңғылықты дайындалып жатыр.

Шетелдік делегация тобы Алматы қаласындағы №4 қалалық ауруханаға, Қалалық жедел-жәрдем ауруханасына бас сұқты. Бұл ауруханалар Барлық озық технологиямен жабдықталып, шетелдерде тәжірибеден өткен білікті мамандар қызмет атқарады. Аталған емдеу мекемелері жоғары мамандандырылған. Алматы қаласының тұрғындары және республиканың әр түкпірінен келгендерге шұғыл және жоспарлы түрде медициналық көмек көрсетеді. Медициналық көмектер келесі бағыттар бойынша көрсетіледі: хирургия, травматология нейрохирургия, гинекология, урология, терапия, неврология, инсульттық орталық, токсикология және тб. Ауруханалар озық үлгідегі құралдармен жабдықталған. Ең күрделі операциялар жасаумен және аз кездесетін ауруларды емдеумен айналысады.

Ұлыбритания ұлттық студенттер спорты федерациясының медициналық комитетінің жетекшісі Эджэи Абосидэ Олугбоинва ауруханадағы жабдықтарды көріп, жоғарғы бағасын берді.

«Біз қаладағы ауруаналарды көріп, жақсы ойда қалдық. Барлық палаталар озық үлгідегі техникалармен жабдықталыпты. Ал мамандардың біліктілігі жоғары екеніне көз жеткіздік. Жарыс кезінде спортшылар үшін барлық көмек көрсетілетініне сенімдімін», – деп өзін ойын білдірді Эджэи Абосидэ Олугбоинва.

Делагаттарға жедел медициналық көмек көрсету станциялары да көрсетілді. Олар автоматтандырылған жүйе мен жаңа жедел жәрдем машиналарымен танысты. АҚШ студенттер спорты федерациясы медициналық комитетінің жетекшісі Рональд Олсон Универсиада кезінде шұғыл көмектің аса қажет екенін айтады.

«Кез-келген сәтте спортшы құлап, жарақат алуы мүмкін. Ал, оған, шұғыл көмек көрсету аса маңызды. Медицина қызметкерлерін көріп, олардың ақжарқын жандар екеніне көзім жетті. Бұл да аса қажетті фактор. Меніңше, бәрі ойдағыдай болады», – деді доктор Олсон.

Алматы қаласы әкімдігінің шешімімен Универсиадаға 40 жедел-жәрдем көліктері жұмылдырылмақ. Оның 8-і реанимобиль көліктері. Медициналық көмек көрсету үшін Алматы қаласының 8 стационары жұмылдырылады.

«Біздің медицина қызметкерлері Универсиадаға сақадай-сай дайын. Барлық бағытта шұғыл көмек көрсете алатын деңгейде. Олардың дені ағылшын тілін меңгеріп, біліктілігін арттырып жатыр. Ауруханаларымыз барлық озық үлгідегі медициналық құралдармен жабдықталған. Біз Универсиада кезінде дәрігерлерді ғана емес, сондай-ақ медициналық колледже оқитын студенттерімізді де еріктілер ретінде пайдаланамыз», – деді Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Уәлихан Ахметов.

Ойындарды өткізу уақытында Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының, Спорттық медицина және оңалту орталығының, «Катастроф» медицина орталығының, «КазАвиоСпас» оңтүстік аймақтық филиалының медициналық мамандары, сондай-ақ ағылшын тілін білетін еріктілер ретінде медицина уиверситеттерінің студенттері мен түлектері тартылатын болады.

Атлетикалық ауылда спортшылар мен аккредтелген тұлғаларға  амбулаторлық көмек көрсету үшін медициналық орталық (спорттық дәрігерлер, травматолог-дәрігерлер және басқа мамандар, зертханалық-диагностикалық блок, изолятор, дәріхана) және сауықтыру-оңалту іс-шаралары (физиотерапия, ЛФК, массаж) жұмыс істейтін болады. Шұғыл науқастар үшін Универсиаданың ресми ауруханаларына кедергісіз қабылдау ұйымдастырылатын болады.

Құтқарушы дәрігерлер үшін спорттың қысқы түрлері үшін медициналық көмек көрсету және тау дайындығы бойынша оқыту, сонымен қатар медициналық қызметкерлер үшін спорттық медицина және допингке қарсы кодекс бойынша оқытатын тренинг-семинарлар жүргізілетін болады.

Медициналық көмек көрсету жағдайларын тіркеу ағылшын тілінде арнайы формада (анықтама карточкасы) толтырылуы керек. Қазіргі уақытта медициналық қызметкерлердің 130 астам қызметкерлері ағылшын тілін оқиды.

Әрбір спорттық жарыс нысанында және Атлетикалық ауылда допинг-бақылау станциялары ұйымдастырылатын болады. 2017 жылғы Универсиада дирекциясы FISU медициналық комитетімен бірлесе отырып, Алматы қаласындағы 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың допинг-бақылау рәсімдерін, сондай-ақ спортшыларды тестілеуді бөлудің жоспарын әзірледі. Допинг бақылау рәсімдері тестілеуге арналған Дүниежүзілік допингке қарсы күрес кодекстің және Халықаралық стандарттың ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Інжу Сағидолла




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑