Шетелдіктер асырап алған қазақ балаларының тағдырынан сыр шертетін бірегей тележоба жалғасын тапты - Шалқар газеті

banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 2 июня, 2015 | қосқан shalqar | 854 рет оқылды

0

Шетелдіктер асырап алған қазақ балаларының тағдырынан сыр шертетін бірегей тележоба жалғасын тапты

29 01 04 05  08 09 12 14 15 18 20 21 22 23 24 25 26 27

Соңғы 13 жылда 9 мыңнан астам қазақ баласын шетелдіктер асырап алған. Осыншама баланың тағдыры не болды? Өмірі, ата-анасы қандай және кімдер? Туған жері, тегі, шыққан ортасы қайсы? «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасының авторы, жүргізушісі әрі продюсері Жанар Байсемізова осы сауалдарға «Қазақстан» телеарнасында басталған жобаның үшінші маусымында жауап іздейді. «Қазақстан» телеарнасының тілшілері шетелдіктер асырап алған, жат жерде, ортада жүрген қазақтың ұл-қыздарының талайлы тағдырын көзімен көріп келді.

Бағдарламаның мақсаты — жат жұртта тәрбиеленіп жатқан қазақтың бір бөлшегін көрсету арқылы оларға туған елі, ұлты, тілі, діні туралы айтып, сәби санасына сәуле түсіру. Хабарда олардың қазіргі өмір сүру ортасы, тағдырлары, тұрмыс деңгейі, болмысы жан-жақты баяндалады. Осы бағдарлама арқылы сыртқа ағылған қазақстандық жетім балалар мен Қазақстан арасында байланыс орнату, туған елден жырақ кеткен балалармен қарым-қатынасты үзбеу көзделіп отыр.

Бағдарлама авторы Еуропада, АҚШ пен Канадада тұрып жатқан 70-ке жуық қазақ баласымен кездесіп қайтты. Алыста жүрген жетімдеріміздің өмірі, арман-мұраты, тағдыр-талайы жүрегі қазақ деп соққан әрбір азаматты алаңдатпай қоймайды. Ұлттық арнаның аталған жобаны бірнеше жыл көлемінде жүзеге асырып келуінің басты себебі де осы.

Жесірін қаңғыртпаған, жетімін жылатпаған ел емеспіз бе?! Ендеше, бұл жобаға бейжай қарамай, шетелдерде қандас бауырларымыз өсіп келе жатқанын ұмытпайық!

Жіберіп алмаңыздар! 7 маусым күні сағат 10.50-де «Қазақстан» телеарнасының эфирінде «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының ІІІ маусымын тамашалаңыздар.
ҚАЗТРК баспасөз қызметі.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑