banner-top12

Ақпараттар ағымы 1

Қосқан уақыты Қыркүйек 30, 2016 | 445 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Шетелдіктер қазақ сериалдарына жоғары қызығышулық танытуда

5 2 3 4

Астана қаласы «Қазмедиа» орталығында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ұйымдастыруымен «Телеарналардағы сериал өнімдерінің сапасын арттыру» атты дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш шараға «Қазақстан» РТРК шақыруымен Испаниядан келген «Avant Venture Distribution» компаниясының атқарушы директоры Адела Веласко Мартиниз, түркиялық «ТРТ» телерадиокорпорациясының Астанадағы өкілі Рашид Озден, БСТ «Башкортостан» телеарнасының бас редакторы Хасанова Гузель, Қырғызстандағы «НТС» телеарнасының директоры Үсенов Жайнақ, сонымен қатар, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің Ақпарат комитеті Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Әлішев, «MG Production» компаниясының режиссері Марина Құнарова және «Көркем фильм» компаниясының продюсері Рустам Азаматов қатысты.

Бұл шарада аясында сериалдарды шығарудағы шетелдік компаниялармен тәжірибе алмасу, сондай-ақ, Қазақстан нарығындағы киноиндустрияның қалыптасуы мен дамуына байланысты талқылау өтті.

Әңгіме барысында қатысушылар қазіргі продюсерлік деңгейін жақсарту мен қазақстандық мамандардың сапасын жоғарылату  бойынша ойларын ортаға салып, сонымен бірге шетелдік телевизиялық жобаларды продюсерлеу тәжірибесімен алмасу және оны отандық тәжірибеде қолдану мүмкіндіктері туралы баяндады.

Шара соңында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінің Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Әлішев «Жақында киноиндустрия саласына бюджетті арттыру жоспарлануда» деп жағымды жаңалығымен қуанты.

Соңғы 7 жыл көлемінде телехикая өңдіру ісінде Корпорация Қазақстанның телевизиялық нарығындағы сериалдар өндірісінің көшбасшысы екендігін дәлелдеді. Жыл өткен сайын өз контентінде өз күшімен өндіріс үлесін арттырып келеді.

2009 жылы Корпорация өзі өндірген 6 бөлімнен тұратын «Ағайынды» телехикаясын түсірсе, 2010 жылы 84 бөлімнен тұратын «Кұрдастар» және «Айналайын» телехикаяларын көрерменге тарту еткен. Дәл қазір Корпорация қорында 62 сериал сақтаулы, бұл 1322 серияны құрайды.

Жоғары көрсеткішке ие болған жобалар ішінде алғашқы «Ағайынды» жобасы, қазіргі замаңғы Күлбике бейнесі сомдайтын «Сырғалым», «Жамбыл» драмасы, «Аяулы арман», «Әке» және т.б. бар.

Айта кету керек, «Қазақстан» РТРК» АҚ тапсырысымен түсірілген «Әке» сериалының бас кейіпкері Оңтүстік Кореяда өткен «Сеул Интернейшнл Драма Эвордс 2016» халықаралық кинофестивалінде «Жылдың үздік актері» номинациясын жеңіп алды. Осылайша, Корпорация шетелдік рыноктағы қазақстандық киноөндірістің орнын нығайта отырып, өз үлесін қосуда.

Былтырдан бері «Қазақстан» корпорациясы көп бөлімді телехикалар түсіруді қолға алған. Нақтылап айтса, бұл көрермен жүрегіне жол тауып, көпшілік сүйсінген «Қара шаңырақ» отбасылық дастаны және жақында эфирге шыққан «Айман&Шолпан» телехикаясы. Екеуі де көлемді, 100 бөлімнен тұратын үлкен телеөнім.

«Қазақстан» РТРК отандық телехикаялар өндірісіннің дамыуна көңіл бөліп қана қоймай, өз контентін халықаралық телевизиялық нарығына ұсыну бойынша белсенді жұмыстар жүргізуге мүдделі. Мысал үшін, 2014 жылы белгілі MIP TV (Франция, Кан қ) көрмесінде шетелдік көрермендерін өзі өндірген бірнеше телехикаямен таныстырған.  Бұл ретте отандық өнім шетелдік дистрибьюторлардың қызығушылығын тудырған. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы контентін модернизациялау аясында халықаралық ынтымақтастықты күшейту және отандық контентті ілгерілету мақсатында белсенді жұмыстар жүргізуде. Атап өтетін болсақ, «Сырғалым», «Қасым», «Жамбыл»  және басқа да көркем сериалдардың лицензиялық құқығын бізбен қатар, таяу және алыс шет елдер де (РФ, Татарстан, АҚШ, Кипр, Словения) иеленіп отыр. Осылайша, Корпорация шетелдік нарықтағы қазақстандық киноөндірістің орнын нығайта отырып, өз үлесін қосуда.

Осы бағыттағы жұмыс Корпорацияның өз контентін қаржыландыру жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізуге мүмкіндік берді.

Корпорация шетелдік әріптестердің тәжірибесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Мысалға, осы апта бойы хабар тарату медиакомпанияларының қызметкерлеріне Корей әріптестерімен сапалы сериалдық контент жасау тақырыбы бойынша арнайы тәжірибелік семинар өтті. Оның қатысушылары Корея институтының продюсерлік және режиссура шеберлігі бойынша білім беруші мамандарынан кәсіби білімі мен дағдыларын жетілдіруге тамаша мүмкіндік алып, оқыту бағдарламасы аясында продюсерлік ерекшеліктер мен қазіргі кино өндірісі, телеөнім және ноу-хау бағдарламаларын жасау бойынша тәжірибе алмасты.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑