banner-top12

Айтарым бар 12122732_1176479212365552_7794099545922627194_n

Қосқан уақыты Қазан 20, 2015 | 1  401 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының “Шетелде тұратын қазақ диаспорасының өкілдерін қазақстандық қоғаммен ақпараттық жұмыс жүргізу үшін жұмылдыру” тақырыбындағы Жобасын жүзеге асыруға белсене қатысып, қолдау көрсеткен барлық ұйымдар мен азаматтарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
Атап айтқанда, ақпараттық топ құрамында басынан аяғына дейін болған Европадағы қазақ қоғамдары федерациясының төрағасы, саясаттану ғылымдарының докторы Қаюм Кесижи (Германия); Франциядағы қазақ мәдени қоғамы ақсақалдар алқасының төрағасы Абдулсамет Алтай (Франция); Кельндегі қазақ мәдени орталығының басшысы Шұғайып Ерол (Германия), Мәскеудегі “Астана” қоғамдық қорының басшысы Жарқын Өтешова (Ресей),  жас кәсіпкер Харун Қудаяр (Сауд Аравиясы), жастар атынан келген Арайлым Дарханқызы (Мәскеу), өнер зерттеушісі Құндыз Бекболатқызы (Моңғолия), этнограф Салтанат Өмірәлі (ҚХР), сапар барысындағы барлық кездесулерді әнмен әрлеп, дәстүрлі әндерден шашу шашқан Айткүл Кәкімқызы мен Қанат Құдайбергеновтер, шығыстанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Ислам Жеменей (Иран), белгілі этнограф Ғалия Аюп, (Қазақстан); меценат Сүлеймен Шадкам(Германия); журналист Бешир Жаналтай (Ұлыбритания); компьютер дизайнері Батыр Хамзаұлы (Түркия); музей қызметкері Айкен Солонен (Финляндия),  күйші-термеші Әбіш Әділбеков, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, суретші Камила Жапаловаларға, сонымен қатар Жоба бойынша жұмыс істеп, сапарға ілесуге түүрлі себептермен мүмкіндігі болмай қалған Мимар Синан университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Әбдулуахап Қара, ақын Рысалды Төкеева (Бельгия), “Вестас” компаниясының бизнес-сарапшысы Қажи Акбар Аюби (Дания) және т.б. ақпараттық топ мүшелеріне алғыс айтамыз.
Сонымен қатар, ақпараттық топтың жұмыс сапары барысында шараларды ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Алматы қаласы Әкімдігі, Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мамай Қаниұлы Ахетов пен басқарма қызметкерлеріне, Алматы қаласы Орталық мемлекеттік мұрағатының директоры Абзал Ботанов пен ұжым қызметкерлеріне, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің проректоры Ішпекбаев Жанатбек Ешенқожаұлына, филология иститутының директоры Балтабай Әбдіғазиұлына, тәрбие ісі жөніндегі басқарманың бастығы Абдыхалықов Арман Үкіұлына, “Қазақ газеттері” ЖШС ұжымына және президенті Жұмабек Кенжалин мырзаға, орынбасары Ноғайбаева Ләззат ханымға, “Алматы ақшамы” газетінің бас редакторы Сәрсенбай Қали мырзаға және оның ұжымына, “Қазақ радиосы” Алматы бөлімшесінің басшысы Мұқаш Мұрат мырзаға және ұжымына, “Шалқар” радиосына, “Айқын”, “Литер”, “Түркістан”, “Қазақ әдебиеті”, “Ана тілі” газеттері мен “Қазақстан”, “BAG kz”, “Tengrl news” порталдары, Қазақстан ұлттық телерадио корпорациясына, “Алматы” каналы, “31” телеарна, “Білім мен Мәдениет”, “Хабар” телеарналарына, “Алтын Қарғалы” шипажай-қонақүйі ұжымына, Алматы облыстық ХҚКО қоғамман байланыс жөніндегі менеджері Айна Файзулдинаға, Қызылорда облысының Әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевқа, Қызылорда облысы Әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханға, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұжымына және бірінші проректоры Абайбек Талғатұлы Жүнісовке, Қызылорда облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Жазира Жақсылыққызы Жылқышиеваға, басқарма қызметкері Шахарбан Өзбекбайқызы Нұртаеваға және аты аталмаған басқа да қызметкерлеріне, “Қазақстан-Қызылорда” телеарнасына, Қызылорда облыстық қоғамдық телеарна ұжымына, журналист Айткүл Шалғынбаеваға, Қызылорда облыстық “Сыр бойы” газеті ұжымына, “Сыр медиа” ЖШС” ұжымына, Қызылорда облыстық ХҚКО қоғамман байланыс жөніндегі менеджері Гүлназ Бадрақоваға, “Алтын төбе” қонақ үй ұжымына, Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің баспасөз хатшысы Рауан Есқалиға, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы ұжымына, Кентау қаласы Әкімінің орынбасары Әділ Арысбайұлы Әуелбековке, Кентау қаласы Білім басқармасының қызметкері Мақсат Айтпаевқа, Кентау қаласының тарихшы ұстаздарына, Түркістан қалалық “Жастар орталығының” директоры Айдос Байжановқа, Қ.Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті ұжымына және проректоры Бақыт Мұхаметжановқа, жергілікті журналистерге, Жамбыл облысының Әкімі Кәрім Нәсбекұлы Көкрекбаевқа, Жамбыл облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Рахия Сейітбекқызы Тұрмаханбетоваға, Жамбыл облыстық “Ана мен бала” орталығының бас дәрігері Әзімқұлова Гүлнар Молдасбайқызына,Тараз қалалық 2-ші аурухана бас дәрігерінің орынбасары Омаров Ғұлам Мұхтарұлына, Жамбыл облыстық Білім саласы Бақылау департаменті Әкімшілік және қаржы жұмыстары бөлімінің бастығы Көпбаев Қуаныш Жетпісұлына, Тараз қалалық 1-ші аурухана бас дәрігерінің орынбасары Жұмашев Сәкен Шералханұлына, Жамбыл облыстық ауруханасы “Нұр Отан” партиясының төрайымы Төребекова Гүлнар Рысалықызына, Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімдігіне және т.б. қолдау көрсеткен барша ұжымдар мен азаматтарға ризашылықпен рахмет айтамыз!

Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қорының  ұжымы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑