banner-top12

Ақпараттар ағымы img_9918

Қосқан уақыты Тамыз 23, 2019 | 88 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Сот әкімшілері цифрлық сауаттарын арттырды

photo_2019-08-07_15-51-14 photo_2019-08-22_13-30-53 photo_2019-08-22_13-31-04 photo_2019-08-26_02-01-17 photo_2019-08-26_02-01-32 photo_2019-08-26_02-01-52 photo_2019-08-07_17-30-21 photo_2019-08-07_17-26-44photo_2019-08-22_12-45-26photo_2019-08-07_17-26-22 img_9927_0img_9925

Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ  Алматы қаласы бойынша филиалы және “Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі” РММ бірлесіп «Цифрлан! Трендте бол!» акциясын өткізді. Акция аталмыш мекемелер арасында осыған дейін жасалған әріптестік Меморандумы негізінде жүзеге асты.

Меморандумның мақсаты – жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді көрсетумен байланысты бірлескен ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ, электрондық үкіметті дамытуды қамтамасыз ету жолымен мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, бірлескен дәрістер мен семинарлар өткізу болып табылады.

Шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ  Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Данияр Қырықбаев Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі міндетін атқарушы Болат Жүкенов, Соттар әкімшісі бөлімдерінің басшылары, аудандық және соған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы фронт-офистерінің мамандары қатысты.

«Цифрлан! Трендте бол!» акциясы бастау алғалы төрт ЖОО-ның студенттеріне өзім тікелей цифрлық қызмет алуды үйреттім. Біз ең әуелі жастарды үйретуіміз керек. Жастар тез үйренеді, сосын өз қатарластарын, отбасындағы ата-аналары мен туыстарын үйретеді. Сондықтан жастармен жұмыс істеу қолайлы әрі тиімді. Бүгін де осындағы жастарға өзім бас болып цифрлық қызмет алуды үйретудемін», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ  Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Д. Қырықбаев.

Ол қалалық соттың 50 қызметкерін egov.kz порталы арқылы өз бетімен мемлекеттік қызметтерді алуға үйретті.

«Елімізде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының енгізудегі басты мақсат — бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу. Бүгінде еліміз электронды үкімет индексі бойынша 33, желі дайындығы бойынша 39 орында екен. Компьютерлік сауат көрсеткіші – 76,2%. Егер «Цифрлық Қазақстан» жобасының жұмысы жоспар бойынша жүргізілсе, осы салада әлемдегі ең озық 15 елдің қатарына кіру мүмкіндігіміз арта түсетін көрінеді.

Сондықтан, әр бағытта қалыптасқан технологиялық шешімдерді өзара интеграциялау арқылы ортақ жетілдіру, қамтылмаған бағыттарды әрі қарай цифрландыру және оның біртұтас болуына мүмкіндік жасау жолдары қарастырылуда. Осылардың бәрін меңгеру үшін, ең алдымен азаматтарымыздың цифрлық сауаттылығын арттыруымыз керек» – дейді  Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының президенті Жаңыл Әпетова.

Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі м.а. Б. Жүкенов: «Мемлекеттік қызметшілер жұмыс барысында туындаған арыз-шағымдардың санын азайту және даулы жағдайлардың алдын алу үшін азаматтармен сыпайы және тактикалық қарым-қатынас жасау дағдыларын арттыру қажеттігін атап өтті. Қазіргі уақытта соттар мен ХҚКО қызмет көрсетудің электрондық форматына белсенді түрде көшуде. Технологияның дамуымен бірге қызметкерлердің азаматтармен қарым-қатынас дағдылары да дамытылуы тиіс» – деп атап өтті.

Акция барысында ақпараттық роликтер көрсетіліп, парақшалар таратылды. Азаматтарға арналған үкіметтің фронт-офис мамандары сот қызметкерлеріне смартфондағы телеграм-бот қосымшаларымен жұмыс істеуді үйретті.

Айта кетейік, қазіргі уақытта телеграм-бот (@EgovKzBot) арқылы мемлекеттік қызметтердің 25 түрі қолжетімді. Бұл мекенжай анықтамаларын, зейнетақы аударымдары туралы анықтамаларды, психо және наркодиспансерден анықтамаларды, сондай-ақ кезекті онлайн брондау, дәрігерді үйге шақыру және т. б. анықтамаларды алуға болады.

Шара соңында Б. Жүкенов қонақтарға алғысын білдіріп, алдағы уақытта да өзара ынтымақтастықта жемісті жұмыс істеуге сенім білдірді.

Гүлмарал Ерсұлтанқызы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑