banner-top12

Керек баған

Уақыты 9 февраля, 2020 | қосқан shalqar | 128 рет оқылды

0

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

 

📑Бүгінде құжаттың заңды маңыздылығын растау үшін оған апостиль қою қажет. Сот құжаттарында апостильдің болуы оның Гаага конвенциясына қатысушы елдердің ресми мекемелерінде жарамдылығын растайды.

📌Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостильді ҚР Жоғарғы сотының аппараты, облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аймақтық органдар қоя алады.

💻Заңды және жеке тұлғалар бұл қызметті алу үшін egov.kz порталын қолдана алады:

✅  Порталда авторизациядан өтіп, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз

✅  Электронды өтінішті толтырыңыз

✅  Әр апостильденетін құжатқа 0,5 АЕК көлемінде баж төлеңіз

✅  Апостильденуі қажет құжаттың скан-көшірмесін жүктеңіз

✅  ЭЦҚ-мен қол қойғаннан кейін жауап бір күн ішінде келеді

✅  Жеке кабинетіңізге оң жауап келген жағдайда, сот органдарына апостильді бірден қойғызуға жүгіне аласыз.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑
  • Соңғы жазбалар

  • Свежие комментарии

  • Архивы