Сотталған азаматтарды жұмыспен қамту жайы талқыланды
«ХҚКО» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының Түрксіб аудандық бөлімінде ерекше бір кездесу өтті. Кездесу «Кезінде сотталып, айыбын өтеп келген азаматтарды жұмыспен қамту» тақырыбына арналды. Жиынға «Нұр Отан» партиясының Түрксіб ауданы филиалы басшысының бірінші орынбасары С.Қазтайқызы, Түрксіб ауданының прокуроры Т. Атжанов, құқық қорғау органдары өкілдері, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері және басқа да ұйымдар өкілдері қатысты.
Мақсаты – әлеуметтік салада әлеуметтік мәселелерді шешу, оның ішінде сотталып, айыбын өтеп келген азаматтардың еңбекке бейімделуін, оларға қолдау көрсетуге және жұмысқа орналасуларына ерекше назар бөлу, азаматтарды кәсіби дайындау, қайта даярлау және біліктіліктерін көтеруді ұйымдастыру мәселелерін талқылау.
«ҚР Жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабында бас бостандығынан айыру немесе күштеп емдеу мекемелерінен босап шыққан азаматтар халықтың мақсаттық тобына жатады деп көрсетілген. Оларға жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша іс-шаралар жүргізу кезінде басымдық беріледі, яғни оларды жұмыспен қамту, кәсіби білім алуға бағыттау, қоғамдық ақы төленетін жұмыстарға алу,- деп еске салды Түрксіб ауданының прокуроры Тимур Атжанов.
Кездесуге барлығы 20 адам келді, оларға негізінен жұмысшы мамандықтары бойынша жұмыстар ұсынылды.
Қарлығаш Ерқарааева,
Түрксіб аудандық ХҚКО инспекторы