banner-top12

Денсаулық no image

Қосқан уақыты Мамыр 14, 2014 | 5  868 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

1

         Спорт – денсаулық кепілі

                            

Әлемдегі жаратылыс дүниесі дамылсыз қозғалыста, өзгерісте, жаңалану үрдісінде тұратындығы заңдылық. Бұл заңдылыққа дамылсыз жасалып жататын қайшылықтар табиғат пен адам өміріне мүлде кереғарлығымен күн санап айшықталуда. Ортаның бұзылуы, ауаның ластануы, залалды азық-түліктердің молаюы, осы заманғы рахатты тұрмыс тәсілдерінің орын ала бастауы, адамдардың қимыл-қозғалыстарының азаюы, спортпен айналсудың кемдігі т.б. факторлардың салдары түрлі ауруларды туындатып жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Бұл тектес келеңсіз құбылыстардың адам өміріне тіке қатер төндіретіндігі жас қазақ қоғамының тағы бір көкей тесті проблемасы. Десе де, салауатты өмір салтын ұстануда, адам денсаулығының маңыздылығы басты күн тәртіпте тұруы керек. Солай болуда деп сенеміз, әрине. “Ал, балық, аузыма сал балық” деп қол қусырып отырғаннан гөрі бір минут уақытымыз бола қалса, саусақтарымызды уқалап, белімізді толғап тынымсыз күйде тұрсақ, денсаулығымызға пайдалырақ.

“Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің” деген мақал да текке айтылмаған шығар. Кейбір аурушаң адамдар үнемі ем ала бермей, уақыт шығарып түрлі спорттармен айналысуды біртіндеп әдетке айналдырғандықтан, денсаулықтарының қалпына келе бастағанын, тіпті жеңіл-желпі жұмыстарды да өздері істеп жүргендерін айтып жатады. Өйткені, адам денесіндегі қан тамырлардың тозуы, қан құрамының ластануы, қоюлануы ағзалардың белгілі бөлектеріне қажетті қанды жеткізе алмай, әлсіреуге, ұмытшақтыққа, қартайуға тез кіріптар ететіні шындық. Осылардың алдын алудағы алғы шарттардың бірі-  азықтануға ерекше көңіл бөлу десек, енді бірі спортпен айналысу. Емдік денешынықтырумен шұғылданып, бұлшық еттер мен барлық арқа омыртқаларды, буын, сіңірлерді, жүйке жүйелерді әрекетке келтіріп, қан айналысының іркіліссіздігіне қол жеткізу қажырлықты да қажет етеді.

Ауру-сырқау адамдар көбінде жеңіл-желпі спортпен айналыса жүріп, дене қуатының біртіндеп артуына байланысты басқа да түрлеріне машықтануға шамасы келгенше талпынады. Емдік денешынықтыру жаттығулары көбінде бұлшық еттердің серпінділігін жоғарлатып, буындар қозғалысын реттеуге бағытталған. Бұл компенсация мөлшерін жоғарлатуға және патологиялы өзгерген талшықтардың ауысу процесін оңауға мүмкіндік тудырады екен. Спортпен айналысу түрлі аурулардың алдын алуға оң әсерін тигізіп ғана қалмастан, қыруар ауруларды емдеудің де таптырмас амалы.

Спорттық денешынықтыру жаттығулары дене қуатты арттырумен бірге артық салмақтан арылуға да көмектеседі. Бұл арада бір айта кетерлік жай: Емдік жаттығуларды әркім өз білермендігімен жүргізе беруден күтілмеген жағдайлар туылуы мүмкін. Сондықтан, дәрігерлердің емдік жаттығуларды белгілеген кездерінде, аурулардың ерекшелігін, сипатын, жүйке мен ағзалардың ауру басқыштарын ескерулері өте маңызды.

Спорттың емдік дене жаттығулары ауру адамдар мен әлсіз жандарға салар салмағы ауырлау келуі мүмкін. Сондықтан, бұл жаттығуларды екі түрге бөлуге болады: оның бірі жалпы жаттығулар. Ол негізінен жалпы денсаулықты оңауга қаратылған десек, енді бірі арнайы жаттығулар болып, ол ағзаның сондай-ақ белгілі бір жүйе қызметінің бұзылуын қалпына келтіруге бағытталған.

Ауру адамдардың кешендік терапиясының барлық мүмкіндікгерін сәулелендіре отырып, спорттың емдік денешынықтыруын атқару науқастың сауығу мерзімін қысқартып ғана қоймай, ауыруы асқынуының алдын алуға пайдалы.

Қазақтың ұлттық спор ойындарының емдік орны айтарлықтай жоғары және оның түрлері де өте күрделі. Күрделілігіне  қарамастан  ебдейлі, жанға жайлы тұстарын емдік дене жаттығуларына қолданса, өнімі аса көрнекті. Қазіргі кезде ат ойындарын негіге алған ұлттық құндылықтарға ие спорт түрлерінің туылу, даму, бүгінгі алар орны, денсаулыққа тікелей қатыстылығы жан-жақты зерттеліп, дүниежүзінің назарын аударуда. Ауруға шалдығып емделушілер ұлттық ерекшелікке ие жеңіл спорт түріне жататын ат мініп сейілдеуді әр күні үзбей жалғастырғанда сауығу мерзімі тез әрі түбегейлі болған. Мұның себебін ғалымдар таңырқай отырып дәлелдеген. Ат мініп бір-ер сағат сейіл құрған адам өзін ғажап рахатқа бөленгендей сезінеді. Ертеңінде бүкіл денесінің ауырсынғанын біледі. Атқа мінуді жалғастыра бергенде ауырсыну жоғалады. Бұл ауырсыну барлық ағзалардың қозғалысқа түскенін, бел омыртқалардың, мойын, қол-аяқ буындарының қата бастаған шеміршектеріне дейін қан тарағандығын көрсетеді. Қазақтар шау болған адамдарды атқа, түйеге мінгізіп, желдірте,шақпылата беріп жазып алатын. Ат пен түйе міну ең үлкен массаж жасатқанмен тең. Дамыған Қытай медициснасынна жүгінер болсақ, адам ағзасында 700 ден көбірек биологиялық тітіркенгіш, сезімтал нүктелер бар. Олардың 60 тан астамы әсіре сезімтал нүктелерге жататын болса, соның 60 нүктесі жыныс жүйесіне төңіректей орныққан. Әлгінде айтқан атқа, түйеге міну дәл сол өңірді дамылсыз уқалап, қан айналысын жақсартумен бірдей. Үнемі ат үстінде жүрген адамның ішкі ағзалары ерекше  белсенді. Олардың аударыспағы мен тақымдарынан талшық тартқызбас бекем көкпар тартулары үрейлі де күрделі, қызғылықты спорт.

Халық биі “Қара жорға” – таптырмас спорт түрі. Қазақстан халқы үшін жоғалып табылған асыл бейзаттық мәдени мұралардың бірегейі. Оны, буын биі деп те атасады. Буын деген атауынан-ақ оның бүкіл дене мүшелерінің қозғалысынан тұратындығы белгілі. Сондықтан, “Қара жорға” көркем біи өнері болып қалмастан, барлық адамға ортақ спорт, денсаулық кепілі. Суық тиіп, қалжырап, дене қызуы өрлеп мең-зең болғандар емделе қоярлық дәрігер таппай тарыққанда, тәуекел деп “Қара жорғаға” арсы-күрсі түседі де кетеді. Олардың тұла бойлары лезде балқып, құды пар моншаға түскендей алтайрықтарынан қара тер саулайды. Киімдерін ауыстырып шайға отырғанда, олардың бойларындағы тұмауға айналмақ болған дерттің зым-зия жоғалғанына қайран қаласың. Сонысымен-ақ “Қара жорғаны” ем ретінде  қабылдасақ та орынды.

Адам бір мезет күйкі күйбеңнен арылып, жағымды музыка тыңдаса, өрелі концерттер көрсе, қызықты спорт ойындарын тамышаласа және мүмкіндігінше олардан ләззәттанса көңіл-күі серпіліп, өмірдің қымбаттылығын жете ұғынғандай болады. Осылардың барлығы өмірдің құрамдас бөлегі.

Болат Құрманғажы ұлы,

Публицист-жазушы, жорналис

 

 




One Response to          Спорт – денсаулық кепілі

  1. Миржан says:

    …………….

Миржан үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑