banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_6635

Қосқан уақыты Мамыр 30, 2014 | 927 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Студенттерге арналған қызмет көрсету орталығы ашылды

IMG_6635 2 9923 4 5 6 7 8 9 10 11

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Студенттерге арналған қызмет көрсету орталығының салтанатты ашылуы болды. Осы орталықта ХҚКО-ның да  бөлімшесі жұмыс істейтін болады. ХҚКО инспекторлары студенттерге кеңестер береді, орнатылған екі ҚҚП арқылы электрондық анықтамалар алуына көмектеседі.

Сонымен қатар, орталық ішінде заманауи медициналық құралдармен жабдықталған жаңа медициналық диагностикалық орталық бар. Бұл Оңтүстік Кореядағы Сеул ұлттық университетімен  арадағы стратегиялық келісімшарт аясында жүзеге асқан жоба. Мұнда студенттерге тегін, оқытушылық құрамға белгілі бір жеңілдікпен қызмет көрсетіледі.

«Бұл орталық Қазақстанда ғана емес, бүкіл ТМД елдері бойынша тұңғыш рет ашылып отыр. Мұнда студенттер өздеріне қажетті барлық құжаттарды, анықтамаларды рәсімдей алады. Жұмыс орындарында іс-тәжірибеден, машықтану мерзімдерінен өту мәселелері, сонымен қатар заңдық және кәсіби сұрақтар бойынша жан-жақты ақыл-кеңестер ала алады. Орталықты өз алдына «Смарт-сити» яғни, «Ақылды қала» деуге де болады. Ол 7300 шаршы метр жерді алып жатыр. Бес сектордан тұрады. Олар: оқу секторы, медициналық орталық, ойын-сауық орталығы, әкімшілік сектор және  әлеуметтік сектор. Атап өтер болсам, мұнда кинотеатр, нотариус, банк, әуе және темір жол кассалары, супермаркет, сұлулық салоны, кір жуатын орындар және кітап дүкендері жұмыс істейді. Орталық 20 мыңға жуық студент пен 5 мыңдай оқытушы құрамына қызмет көрсетуге лайықталған. Алдағы қыркүйек айына қарай толықтай пайдалануға беріледі. Егер болашақта орталықтың қуаты ұлғайып жатса, қаладағы басқа да жоғары оқу орындарының студенттеріне қызмет көрсететін боламыз. Бұл орталық – ректорымыздың идеясы!» – деді өз сөзінде осы “Керемет” студенттерге қызмет көрсету орталығының директоры Сайран Баяндинова.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑