banner-top12

Оқырман хаты images

Қосқан уақыты Мамыр 18, 2014 | 809 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Суық тер  

images

2010 жылғы ақпан. ҚХР ындағы әңгіме. Оның бұрын сыр-сипатын білмейтін жаңа құданың үйінде қонақта отырмыз. Байқайым жаңа құда тұрақты, артық-кем айтпайтын, сабырлы да салмақты, қытайда үкімет қызметкері көрінеді.

Жарық та кең бөлмелі қонақжайда қызу әңгіме. Ой ортақтасып, «әзілің жарасса атаңмен ойна» дегендей, әзіл- қалжың аралас, әңгіме ұзаққа созыла берді. Сөз арасында құданың назары Қазақстанға бұрыла бергендіктен, әркім өз шыққан тауым биік болсын дегендей, біз де өз құмалағымызды төрттен қойып, оның олқынып, күртіскен жеріне қарама- қарсы мысал сөздермен салыстырғанда, деп өзінен асырмасақ, бас ұрмақ жағында, алаш ұранды қазақ баласының қарашаңырағы ғой, жердің кеңдігі, ауасы, орманы, қайда барсаң тіл ұғыспастық жоқ, бәрі қазақ, қазір бүкіл әлемге танылып отыр. 20 жылдың өзінде 50 жылға жетеміз деп талпынуда. Оның қасында Қытайларыңыз 70-80 жыл болғанына қарағанда түк емес, деген сияқты әңгімемен жеңістік бермей отырғанымызда, оның сұрауы Шипаханаға ауысты. Ол бізге таптырмайтын орай болды. Шынында екі ел арасында парық көп қой. Бұл жөнінде шашасына шаң жуымайтын желтабан жүйріктей суырыла жөнелдік.

Біздің Шипахана естіп жатқан шығарсыздар, теңге қажет емес, тек қана адамды құтқару! Ол ауыр аяқ әйелдер мен балаларды апта сайын тексеріп тұрады,- деп бастырмалата бердік. Сіз сәті түсіп қытайға бара қалсаңыз – Қазақстан ай шарынан жер шарына түсе қалғандай бір тылсым сияқты, қытай қазақтарының сұрауынан мезі боламыз.

Заң, саясат, экономика, салт- сана, жер бедері, тіпті төрт түлік малды да сұрайтынын қайтерсіз… Ал мен Қазақстанның итін неге сұрамайсыңдар?- деймін! Сонда бүйрегі бүлк етпей: шынында иттері қандай екен?- дегендерге: иттері тақ сендей екен деймін. (күлкі). Міне осындай көп сұраудың кезінде біздің көпірте мақтаған шипахананың дәрігерін сұрамасы барма. Оның қайталай сұрауының астарында не жатқанын қайдан білеміз, жалғасты аққан судай аға жөнелдік. Ол бізді кілтеңнен тосып, аңның қасуы мен масаның басуы дәл келгендей, Үрімжіде ауру көрсетіп жатып, Қазақстанның бір тума азаматымен таныстым. Ол да бір ауру әкеліпті.

 

Машкей Нұғыман

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑