banner-top12

Ақпараттар ағымы index

Қосқан уақыты Қараша 20, 2014 | 2  621 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік міндет

             2014 жылдың қараша айының 5 жұлдызында Алматы қаласы Түрксіб аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік міндет» тақырыбында семинар-сабақ өткізді. Семинар-сабақтың негізгі мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, оны түбегейлі жою.
Семинар-сабақта сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың жолдары талқыланды. Қазақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңының мақсаты, игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз алудағы сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық түрлері, оның жолын кесу жолдары, негізгі ұстанымдары мен нормативтік актілері туралы айтылды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы»- сыбайлас жемқорлық көрінісінің анықтамасы болып табылады. Сондықтан да сыбайлас жемқорлық елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететіндігі және елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретіндігі анық. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамада сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған тұлғаларды мемлекеттік қызметке алуға тыйым салатын нормаларының көзделгендігі және саяси мемлекеттік қызметкерлерді ротациялау институты енгізілгендігі айтылып өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы тақырыпта қозғалған мәселелерді ХҚКО қызметкерлері өзара талқылап, сыбайластыққа жол жоқ деп негізгі мәселелерге көшті. Әрбір азамат, әрбір мемлекеттік қызметші сыбайластыққа жол бермеуі керек. Себебі, адал қызмет ету – баршамыздың міндетіміз.

Жадыра Тоқтасынова
Алматы қаласы Түрксіб аудандық
ХҚКО инспекторы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑