banner-top12

Ақпараттар ағымы DSC_1225

Қосқан уақыты Қараша 26, 2015 | 1  391 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

DSC_1225 DSC_1252

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Алмалы ауданы әкімінің аппараты, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесе Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша жиын өткізді. Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алғы шарттары, оны тудыратын себептермен күресуге арналған кешенді шаралар талқыланды. Сонымен қатар, “Қазақстан -2050” Стратегиясының маңызды міндеттері және Қазақстанның 30 дамыған ел қатарына кіру мақсатында еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің тиімді әдістері талқыланды.
Жиынға Алматы қалалық мәслихатының депутаттары, мемлекеттік органдардың, аудандық құқық қорғау органдарының, Халыққа қызмет көрсету орталығы, білім, денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жиналыс барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Тәртіптік кеңес төрағасы Бахтияр Камалұлы Камаловтың – «Қазіргі заманғы кәсіпқой мемлекеттік аппаратты қалыптастыру», Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жансұлтан Сағнайұлы Оңалбаевтың – «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша Алматы қаласының Алмалы ауданында атқарылған жұмыстар туралы», Алматы қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық Кеңесінің төрағасы Құсман Кәрімұлы Шалабаевтың – «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық Кеңесінің атқарған жұмысы туралы», қалалық кардиологиялық орталығының бас дәрігері Алмат Турысбекұлы Кодасбаевтың «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша Алматы қаласының Алмалы ауданының денсаулық сақтау саласындағы атқарылған жұмыстар туралы», И.В.Панфилов атындағы №54 Қазақстан-Ресей мектеп-гимназиясының директоры Гүлнар Маутқанқызы Карамединованың «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша И.В. Панфилов атындағы №54 Қазақстан-Ресей мектеп-гимназиясында атқарылған жұмыстар туралы» баяндамалары тыңдалды.
Осылайша, жиынға қатысушыларға әрбір мекемені, әрбір азаматты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шоғырландыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сыбайлас жемқорлыққтың барлық әрекеттеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастырудың маңыздылығы айтылды .




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑