banner-top12

Радиохабар 69

Қосқан уақыты Қараша 16, 2009 | 1  393 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Табындырған Тәңіртау

«Мен-қазақпын!» ақпараттық –танымдық хабарының 2009 жылы 26 қазанда әуе толқынына шыққан саны. Хабар қонақтары – «ҚР мемлекеттілік тарихын және Президенттік институтын зерттеу зертханасының» аға ғылыми қызметкері Досан Қаумен, «Іле Алатауы» ұлттық саябағы бас директорының ғылыми жұмыстар жөнінде орынбасары Қуат Нұрахымұы  және «Мәдениеттер мен діндер» халықаралық орталығының жетекші ғылыми қызметкері Гүлнәр Жақыпова. Хабарды жүргізушілер – Досымжан Ермұрат, Жанар Мақсұтқызы.

Досымжан Ермұрат: Тәңіртау мен Ұлытау аңғарында, Қаратау мен Тарбағатай сайларында мекен еткен қазақ халқының тарихқа толы, көркем өңірі қаншама! Осындай сұлу табиғатты, тылсым сырға толы мекеннің бірі – халық арасында «Тәңіртау» аталған Тянь-Шань таулары аймағы. Хабарымыздың бүгінгі санында көкпен таласқан осынау заңғар таудың табиғат ерекшелігі, тарихы мен зерттелуі жайына тоқталмақпыз.

Жанар Мақсұтқызы: Ұлы Тянь-Шань тауларының ақ басты шыңдары, күн сәулесімен жарқыраған қарлы сілемдері қаншама жанның көкірек көзін ашып, қиял-шабытына дем берген. Бұл талайдан бері көркемдігі көздің жауын алып, ғажайып құпияларына құмарттырған тау болды. Заңғар биік құзар шыңдар, тылсым табиғат, елсіз, жолсыз, жан аяғы баспаған шатқалдар… Осынау ғажап тауларын қазақ халқы «Тәңіртау» деп атаған.

Досымжан Ермұрат: Хан Тәңірі –Қазақстанның ең биік нүктесі. Орталық Тянь-Шаньның ең әдемі шыңдарының бірі саналады. Үшкір ұшты пирамида түріндегі мәрмәр шың жан-жақтан көрінеді. Тау тарихы баяғыдан аңызға толы. Оны Тәңіртау және күн бату кезінде қызыл реңке ие болуына қарай Қантау деп те атайды.

Жанар Мақсұтқызы: Осы өлкені ежелден атамекені етіп, сонда кіндігін кескен байырғы халықтың өмір-тірлігі әлі де бабаларының бағзы салт-тіршілігінің дәстүрінен аумай қалған. Қытайлар «Тәңіртаудың» жалпы атын «Тянь-Шань» – «Аспанмен тілдескен таулар» деп асқақтатып атаған. Ендеше, Досымжан, асқар таудың тарихына тоқталып, өңірдің алғашқы зерттелуі жөніндегі мәліметтерді келтіріп кеткеніміз жөн болар.

Досымжан Ермұрат: Ел арасында Аспантау аталған Алатаудың алып шыңдарының бірі – Хан Тәңірін білмейтін қазақ жоқ. Тау үш мемлекеттің – Қазақстан, Қырғыстан Және  Қытайдың шекарасында орналасқан. Қазақстанға таудың солтүстік бәлігі қарайды. Қазақ жерінің ең биік нүктесі- Хан Тәңірі жайындағы тұңғыш мәлімет бұдан 1200 жылдан астам уақыт бұрынғы Қытай жылнамаларында кездеседі.

Жанар Мақсұтқызы:

Хан Тәңірі – қарт Тянь-Шаньның жүрегі …

    Хан Тәңірі – көк аспанның тірегі…

    Хан Тәңіірі – бұл жамылып, мұз киген,

    Хан Тәңірі – көкті құшып, құшып, күн сүйген, –

Деп Қасым ақын жырлаған, шыңның тұңғыш рет ғылыми түрде ашылған кезі-ХІХ ғасырдың ортасы. 1856-1857 жылдары Тянь-Шаньға жасаған атақты сапарында белгілі орыс географы және саяхатшысы Семенов- Тянь-Шаньский Хан Тәңіріне байланысты көрген – білгенін бірінші болып хатқа түсірген. Әлемді дүр сілкіндкрген осынау ғылыми мәлімет көптеген зерттеушілер мен альпинистердің шыңға деген ынта-ықыласын аударып, Хан Тәңіріне бірінші мәрте экспедиция ұйымдастыруына түрткі болды. Бірақ ХХ ғасырға дейін атақты шыңды бағындыруды ешкім қаперіне алған жоқ.

Досымжан Ермұрат:  ХІХ ғасырдың 50-60жылдарында Жетісу Алатауы мен Іле өңірін қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уалиханов зерттеді. Жетісу және Тянь-Шаньның табиғатына ғылыми сипаттама берді. Жетісу Алатауы мен Солтүстік Тянь-Шань тауын жануарлардың таралуына қарай биік таулық белдеулерге бөлді. Сонымен бірге осы зерттелген өңірлерлің маршруттық және жалры шолулық карталарын жасады.   

Жанар Мақсұтқызы: Ендеше, жер жаннаты – Жетісудың төрі атанған Хан Тәңірі баурайының зерттелу тарихы, географиялық сипаттамасы мен тарихи деректері туралы «ҚР мемлекеттілік тарихы мен Президенттік институты зерттеу зертханасының» аға ғылыми қызметкері Досан Қаумен былай әңгімелейді.

Досан Қаумен: Аспантаудың (Алатау) алып шыңдарының бірі – Хан Тәңірін (Тәңір тауы немесе Хан тауы және «Қантау» деп те аталады) білмейтін қазақ жоқ, тау үш мемлекеттің: Қазақстан, Қырғыстан және Қытайдың шекарасында орналасқан. Қазақстанға таудың солтүстік бөлігі қарайды. Қазақ жерінің ең биік нүктесі – Хан Тәңірі (6995 метр; басқа дерек бойынша -7010 метр) жайындағы тұңғыш мәлімет бұдан 1200жылдан астам уақыт бұрынғы Қытай жылнамаларында кездеседі. Бірақ шыңның тұңғыш рет ғылыми түрде ашылған кезі – ХІХ ғасырдың ортасы, 1856-1857 жылдар Тянь-Шаньға жасаған атақты сапарында белгілі орыс географы және саяхатшысы Семенов Тянь-Шаньский Хан Тәңіріне байланысты көрген –білгенін бірінші болып хатқа түсірді. Осы жарық көрген ғылыми  мәлімет орыс және шетелдің көптеген зерттеушілері мен альпинистерінің шыңға деген ынта-ықыласын аударды. Сөйтіп 1864,1876,1886 жылдары орыс және шетел оқымыстылары мен шың бағындырушыларының Хан Тәңіріне  бірнеше мәрте экспедиция ұйымдастыруына түрткі болды. Бірақ ХХ ғасырға дейін атақты шыңды бағындыруды ешкім қаперіне алған жоқ. Хан Тәңірінің басына шығуға  талпыныс жасағанмен, орта жолдан қайтуға мәжбүр болды.  Олар жеткізген мәлімет бойынша, 1902 жылы неміс географы және альпинист Мерцбахер нарынқолдық аңшы Н:Нобаковты жолбасшы етіп алып, таудың 5500 метр биігіне дейін көтерілді. Бірақ жып-жылтыр мұздан жасалған пирамида іспетті Хан Тәңірінің сұсты бейнесіне көз жүгірткен  сайын, ары қарай жүруге жүрегі дауаламай, шыңды бағындыру үмітін үзуіне тура келді. Сөйтіп, өзінің күнделігіне: «Тянь-Шань –альпинистер қызығатын орын емес»,- деп жазып қалдырды. Дегенмен, Мерцбахердің Хан Тәңірінің орналасқан жерін анықтаған сызбалары көп жылға дейін картографиялық құнды құжат ретінде маңызды рөл атқарды.

География ғылымы немістің осы айтулы азаматына таудың биіктігін анықтап бергені үшін де қарыздар. Сол кездегі прибордың көрсетуі бойынша, Хан Тәңірінің биіктігі 7 120 метр деп белгіленген. Тянь-Шаньның ең биік тұсы – 7439 метрлік Жеңіс шыңы анықталғанға дейін Хан Тәңірі ең биік шың саналып келді.

Досымжан Ермұрат: Тянь-Шаньныңқазақстандық бөлігінде 1009 мұздық бар. Оның ең ұзыны (13 шақырым)  – Коржевский мұздығы Талғар шаңынан Таушілік жазығына келіп түседі. Тянь-Шань – мәңгілік мұздықтар биігі. Оның мұздықтарында миллиардттағантонна мұз қоры жатыр.

      Досан Қаумен: Мерцбахерден кейін Хан Тәңіріне 27 жылдан кейін ғана жол түсті. 1929 жылы мәскеулік жас альпинистердің шыңды бағындырмақ болған әрекеті қайғылы түрде аяқтала жаздап, жорықшылар келген ізімен кері қайтуға мәжбүр болды. Дәл осы жылы Орталық Тянь-Шань тауларын тыңғылықты түрде зерттеуді украиналық қайсар саяхатшы-альпинист М:Т:Погребецкий қолға алды. Ол басқарған экспедицияның іргелі зерттеуі нәтижесінде Тянь-Шань туралы география ғылымы соңғы деректермен біршама молыға түсті. 1931 жылы Погребцский өзі басқарғае жорықшылар алдын аХан Тәңірін қалай да бағындыруға батыл мақсат қойды. Сөйтіп, бөгет болар небір табиғи қиыншылықтарға және қазіргідей жетілген құрал-жабдықтың жоқтығына қарамай, шың басына оң жағынан беттеген экспедиция көп ұзамай жердегі әлеммен байланысты жоғалтқанына қарамастан, көздеген мақсаттарына жетті. 1931 жылы 11 қыркүйек күні жаужүрек  Михаил Погребцкий Борис Тюрин және Франц Зауберер Хан Тәңірінің ұшар басында тұрды. Бұны «Ұлы Жеңіс»деп атауға болатын. Шың басына апарған осы жол әлі күнге дейін ең оңтайлы классикалық бағыт саналады. Погребцкий бастаған топ шыңның биіктігін  теңіз деңгейі бойынша анықтады. Ол бойынша хан Тәңірінің биіктігі 6995 метр болып белгіленді. Ал бүгінгі өлшем бұдан басқаша, 7000 метрден асады. Мұны кейбіреулер: «Коммерциялық қызығушылықтан туған өлшем, себебі туризм – ең көп түсім түсіретін бизнес, сондықтан бұл жерде нарықтық экономика басты рөл ойнауы мүмкін»,-деседі. Соғысқа дейін адамдар Хан Тәңірінде тағы да екі рет болып қайтты. 1936жылы 12 адамнан құралған алматылық альпинистер тобы шыңға батыс жағынан өрледі. Сөйтіп, олардың ішінен үш адам: Колокольников, Тютенников және Кибардин ғана шың басына көтерілді. Алматылықтардың ізімен іле-шала аттанған мәскеулік альпинистер тобынаң талпынысы сәтсіз аяқталып, бір адамның өліміне әкеп соқты. Қалыың қар көшкініне тап болған мәскеулік топтың біразы үсіп қалып, ұшақ арқылы әрең құтқарылды. Ал енді Хан Тәңірінің неліктен Қанды тау аталғанына келейік. Бұл таудың да жапонның Фудзияма шыңы сияқты үнемі басын бұлт бүркеп тұрады, көзге сирек шалынады. Семенов-Тянь Шаньскийдің жазуына қарағанда, жергілікті тұрғындар шыңның бір жақ шекесінің батар күннің шұғыласына бөленіп, оттай лаулап қызаратынына байланысты «Қанды тау» атап кеткен көрінеді. Көзімен көргендердің айтуы бойынша, шынында да, күн ұясына қонарда кешкі шапақпен шың басы өзгеше алаулап, тау басымен жүгірген ала көбең бұлт көрінеді екен.  Шыңның «Қанды тау» атын табиғаттың осы тосын көрінісімен бірге Шыңғыс ханға апарып телитіндер де бар. Ежелгі заманда адамдар Хан Тәңірінің түбіндегі көлге келіп, Тәңір тауына арнап құрбандық шалатын болған-мыс. Сондай-ақ, қанды тау атын шыңды бағындырушылардың қазасымен байланыстыратындар да бар. Соңғысына сүйенсек, бұрынғыларын қоспағанның өзінде, тек соңғы жылдардағы Хан Тәңірінде болған адам өлімдерінің өзі шыңның, шынында да, осы «Қанды тау» атын ақтағандай көрінеді.

Жанар Мақсұтқызы: Тянь-Шань тауының көз тартар жоталары мен сайлары ешкімді де бейжай қалдырмайтыны анық. Ендеше, Батыс Тянь-Шань табиғи кешенін түгелдей сол қалпында сақтау мақсатында құрылған «Іле Алатауы» ұлттық саябағының жұмысы жөнінде бас директордың орынбасары Қуат Нұрахымұлы айтып береді.

Қуат Нұрахымұлы: Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 1996 жылы 22 ақпан айында Алматы облысы аумағында құрылған. Аталмыш парктің аумағы 2 мың гектардай жерді құрайды. Паркте мәңгі мұз шыңдар, таулар, ормандар бар. Таулар эльфі 1700 метр биіктікте орналасқан. Парк аумағында Ыссық, Жасыл, Үлкен Алматы көлі бар. Ал жануарларға келсек, олардың мыңнан аса түрі кездеседі. Мұның ішінде «Қызыл кітапқа» енген Тянь-Шань суыры, арқар, барыс, қабан, марал, елік, түркістан сілеусіні бар. Өсімдіктерге келсек, мұнда мыңнан аса өсімдіктер өседі. Атап айтсақ, қарағай, қайың, шырша, тауда өсетінқызғалдақ, сарғалдақ, т.б. Іле Алатауы ұлттық қорығының құрамында Ақсай, Талғар, Мөде, Түрген филиалдарының табиғат қорғау шұғыл топтары құрылған. Сондай-ақ, Алматы мемлекеттік қорығы бар. Олар да табиғатты қорғап жүреді. Біздің филиалдарда туристерді қабылдайтын орталықтар да жеткілікті. Талғар филиалында «Маралсай», «Державин», «Голден Фиш», «Ақбұлақ», тағы басқа демалатын жерлер баршылық. Жазда балалар демалатын «Эдельвейс», «Таң самалы» деген лагерьлер бар. Сонымен қатар, жоғарыда айтып кеткен филиалдарда өсімдік тәлімбағы бар. Онда шырша, қарағайды өсіріп, тауға барып отырғызамыз. Сондай-ақ, шабдалы,жабайы алма ағаштарын  отырғызуды қолға алдық. Тағы бір филиалымыз мектептермен жұмыс жасайды. Оқушыларды тәлімбаққа әкеп, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруды көздеп отырмыз. Олар да бізге көмектеседі. Жан-жақтан ағылған туристер «Тау дастарханы» демалыс кешеніне келеді. Іле Алатауында демалушылар үшін таудың мұзды шыңдарын көру, құзға өрмелеген қайың қарағайды тамашалап, таза ауада серуендеу керемет ғанибет. Өзіміз  де көктемде орман-тауды тазалап, ағаш отырғызып, оны түптеп, көп жұмыстар атқарамыз.

Досымжан Ермұрат:

 

               Тұранның Тянь-Шаньдай тауы қандай!?

               Пар келмес Тянь-Шаньға таулар талай!

               Еріксіз ер түрікті ойға аларсың,

               Көкке асқан Хан Тәңірге қарай-қарай,-

деп  Алаштың сыршыл ақыны Мағжан Жұмабаев ырға қосқан Тянь-Шаньдай алып тауды, ақ мәрмәрдан шыңы жылтырайтын Хан Тәңірін ер түріктің ата қонысы, асқақтық пен биік рухтың символына теңеген. Өңірдің табиғаты мен өлкенің ерекшеліктері жөнінде осы өлкенің перзенті, Хан Тәңірі баурайында туып-өскен , бүгінде «Мәдениеттер мен діндер» халықаралық орталығының жетекші ғылыми қызметкері Гүлнәр Жақыпова былайша тарқатады:

Гүлнәр Жақыпова:  Талас Алатауының солтүстік-батыс бөлігі мен Өгем жотасының молтүстігін алып жатыр. Батыс Тянь-Шань табиғи кешенін түгелдей сол қалпында сақтау мақсатында  1926 жылы құрылған Қазақстандағы тұңғыш қорық Төле би жіәне Түлкібас ауылдарының жерінде, теңіз деңгейінен 1200-4200 метр биіктегі Ақсу,Жабағылы, Майдантал өзендерінің алабында орналасқан. Құрамында Қаратауға «Қарабастау» (126 гектар) жер телімдерібар. Жерінің ауданы1997 жылы 75.09. мың гектар болған. Қазір Ақсу-Жабағылы қорығы  ЮНЕСКО  жасаған  дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.  Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайықтүрлі шөптер, боз жусан,  беткейінде селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Шыңдарын мұздықтар мен көпжылдық қар жапқан. «Ақсу Жабағылы » қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 метрдей) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі әр алуан. Онда мүктің-61, қынаның -58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің -1400түрі, соның ішінде: дәрі-дәрмектік өсімдіктерден-арша, рауғаш, таран; жеміс-жидектерден – жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген; жемшөптік өсімдіктерден- жоңышқа, майысқыш қияқ, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл; реликт өсімдіктерден- Минквиц кендіршесі, жалған масақша, Қаратау шетені бар. Қорықтың жануарлар әлеміде өте бай. Сүтқоректілердің-42(арқар, таутеке,елік, марал, барыс, Тянь-Шань  қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.); бауырымен жорғалаушылардың -9 (алтай жалаңкөзі, сары бауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан, т.б.);  қосмекенділердің -2(жасыл құрбақа және көлбақа) және өзендерінде балықтың 23 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері бар. Қорықта ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі. Ғалымдардың  қорықтың табиғат байлықтары жөнінде 400-ден астам еңбектері жарияланды. Экологиялық туризмге қатысты небір сарабдал стратегиялық жобаларды іс жүзіне асырумен айналысатын әлемдегі жетекші орталықтардың: «Ақсу-Жабағылы» қорығын туризмді дамыту үшін аса қолайлы аймақ деп бағалауы, тектен-тек емес. Енді сөзден іске көшетін уақыт жетті.

Жанар Мақсұтқызы:  Қазақтың  қай жері болса да қасиетті. Қай өңір болса да таңғажайып тарих пен тылсым сырға толы. Ендеше, аспанмен таласа, сеңгір көкке ұмтылған заңғар тау – Хан Тәңірінің неліктен «Қанды тау» аталғанына келейік. Осы жөнінде Гүлнәр Жақыпова былай дейді:

Гүлнәр Жақыпова: Тянь-Шаньның өсімдіктері мен хайуанаттар әлемі сан алуан және өте бай. Оларды қорғау мақсатында «Ақсу-Жабағылы», «Алматы» және  «Іле Алатауы»   тәрізді ұлттық саябақтар мен қорықтар ұйымдастырылған. Тянь- Шань тау етектері негізінен сұр., Батыс Тянь-Шаньтау етегі сұр-қоңыр, Солтүстік Тянь-Шаньмен Алтай таулары етектері ашық қара-қоңыр топырақ таралған. Бұл жерлерде суармалы және тәлімді егіншілік пен мал шаруашылығы  дамыған. Аласа таулы дала белдеуі – әр түрлі аймақта деңгейі 600-2200 метр биіктікте орналасқан таулы алқапты екінші белдеу деп атайды. Алтай мен Солтүстік Тянь-Шаньда таудың күңгірт қара – қоңыр және қара топырағы таралған. Ал Батыс Тянь-Шаньда (Оңтүстік Қазақстанда)  сұр қоңыр және таудың қоңыр топырағы басым. Қарашірік мөлшері -10-15 пайыздай. Жайылымы – шүйгін, ағашы қалың алқап, мал шаруашылығы жақсы дамыған. Үшінші белдеу- орташа таулы, орманды-далалы және шалғынды-орманды белдеу. Биіктігі әртүрлі  таулы аймақтарды (1000-2500 метрге дейін)  қамтиды. Негізінен таудың шайылған, сілтісіз қара топырақтары  мен орманның сұр  топырақтары және таулы шалғынды Батыс Тянь-Шаньда таудың қоңыр топырағы тараған Алтайда  – күлгін топырақтар түзілген.  Жайылымы шүйгін , орман шаруашылығы жақсы дамыған.  Төртінші- биік таулы, альпілік  субальпілік  шалғынды және қарлы-мұзды белдеулері Батыс Тянь-Шаньмен Алтай  аралығындағы биік таулы аймақтардың  1800-3800 метр, кейде одан да биік деңгейлерді алып жатыр. Топырағы альпілік, субальпілік,  шалғынды. Көпшілік жері топырақсыз  тасты шыңдар мен мәңгі мұз, қар басқан шыңдардың үлесіне тиеді. Шалғынды жерлері жазғы жайлау  ретінде пайдаланылады. Өсімдіктердің  15 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңнан астамы – балдырлар, 5 мыңдайы – саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы – мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы жоғары сатыдағы түтікті һөсімдіктер . Қорықтарда көптеген сирек кездесетінжануар түрлер і мемлекет қорғауына алынды («Ақсу-Жабағылы», «Барсакелмес», «Қорғалжың» «Наурызым» «Марқакөл» «Үстірт» қорығы). Республикамыздың қазіргі жануарлар дүниесі алуан түрлі, ал оның кең-байтақ жерінде бұрын да көптеген жануарлар  мекендеген. Мұнда бір кезде құрып кеткен омыртқалылардың 200-ден астам түрі, көне дәуірдегі теңіз жайылмасында тіршілік еткен бауырымен жорғалаушылардың, балықтардың, омыртқасыз жәндіктердің, мәселен, ұлулардың  бірнеше жүздеген түрі табылды.

Досымжан Ермұрат: Ұлттық байлығымыздың жауһары – Тәңіртаудың  табиғат мұрасын  көздің қарашығындай сақтау




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑