banner-top12

Ислам тағылымы әйел

Қосқан уақыты Қаңтар 26, 2015 | 802 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Тәрбие – иманда

Адамзатты жаратқан Аллах Адам атадан кейін, әйел затына орын бергенін білеміз. Ендеше, әйел затының орны да, мәртебесі де тым жоғарыда екен. Себебі, Аллах осындай екі адамды жарату арқылы, бүкіл жер бетінің адамзатын жаратты, жаратып жатыр да.
Менің бұл жерде айтпағым – әйел затының өмірдегі орны мен бағасы, дәрежесін әйелдер қауымының өзіне аз да болса көрсету, қадыр-қасиетін ашу. Басқа біреудің бағасынан гөрі әйел адам, өзіне-өзі «өмірдегі орнымда дұрыс жүрмін бе?» деген сұрақтар қою, істеп жүрген жұмысына баға беру арқылы да өзінің міндетін көре білгені абзалырақ болар деген ой. Білетіндерге Аллах риза болсын! Әйел затының өз мәртебесіне сай, алар орны әрқашан жоғары. Осындай әйелдер күннен-күнге көбейіп келеді. Дәл сондай мәртебеге қандай жолмен жетуге болатынын мен иманнан көремін. Иншаллах!
Ислам – адамзатқа Аллах тарапынан түскен өте жоғары таза дін екенін мұсылман адам біледі. Ғылымның да осында жатқанын әлем енді-енді біліп жатпай ма? Тазалыққа, жақсылыққа бастайтын істің ешқандай қайырсызы болмайды. Ендеше, әйелдің санасы мен амалы исламның негізінде жүрсе, қоғамның, адамзаттың ешқашан бұзылуы болмайды. Өйткені, әйел – ері мен баласына барлық жақсылығын аямайтынын білеміз. Ендеше, оның басқа біреуге жамандық жасамасы ақиқат. Ондай тәрбиедегі адам жамандыққа бармасы анық. Сондай отбасынан ешбір сөлекет жағдайлардың шықпасы бір Аллаға аян. Иманы мығым, ибалы әйелден – қоғам үлгі алары хақихат. Біз оны көре, біле тұра көрмеске салып, қайта оның «көзге ерсі қылықтары көрінсе екен» деп іздестіреміз. Өкінішке орай, ондай қылықтар мұсылман әйелдерінен кездесе бермейтіні анық. Ол өзінің ері алдында кішіпейіл, ерінің сөзін екі етпейтін, баласы алдындағы аналық міндетінің жоғары екенін, баласының әдепті, ибалы өсуіне ерекше көңіл аударатынын, туыс-туғандары алдындағы жауапкершілігін ешқашан басқамен ауыстырмайтынына, Алланың құзырының түсіп тұрғанын біле бермейміз. Иманы басым әйел, істеген ісінің тазалығы мен тыңғылықтылығына сенеді. Қысқасы, дәретсіз жүрмеген адамның маңына, жаманшылықтың жолай бермейтінін ескерсек, онда мұсылман әйелдерінің баласын дәретсіз емізбей, тамақтандырғаны баланың ішкі ағзасын қойғанда, сыртқы жақта да барлық нәрседен қорғалып таза жүргізері шындық. Бала – деп отырғанымыз келешек әке мен ана ғой. Сондықтан, тәрбиенің негізін салатын тұлға ол – Ана деп айтар едім. Біз қоғамды адам құрайды десек, онда адамның алатын орны өте жоғары. Соның ішінде де иманда жүрген аналар арқылы қоғамды тәрбиелеуге, жамандықтардан ауашалауға әбден болатынын білгеніміз дұрыс. Ананың туа біткен бойында, ер адамдарға қарағанда мейірімділік, ибалылық, ұяңдық басым екені ешкімге дау тудырмайтын шындық. Оған иманның амалдары қосылса, ондай адамның орнының қаншалықты жоғарылайтынын біле беріңіз.
Менің, әйел затының өте жоғарылығымен, иманға тоғысқан тұстарының шегін елестетуден гөрі, қоғамның анық бейнесін көруді армандайтынымды бір Аллах өзі ғана білер. Мен сияқты армандар арқалайтын қаншама адамдар бар екеніне еш шүбә келтірмеймін. Сондай адамдардың көбеюін тілеймін де. Көп болған сайын тіптен жақсы болар еді-ау. Алдымен иманға әйел келсе, алаңдауға негіз азаяр еді. Ол, иманы басым адамдар көбейеді деген сөз. Менің айтайын дегенімнің өзі де осы!

Л. ИГІСІН




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑