banner-top12

Оқырман хаты no image

Қосқан уақыты Маусым 18, 2014 | 1  210 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Тәртіпке бас иген  құл болмайды»

 

Экономика қанша дамыса да, сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шаппайынша, оның жемісін көре алмайтынымыз анық. Қоғамды жегі құрттай жейтін қылмыс күннен күнге өршіп бара жатыр. Сыбайлас жемқорлық барлық мемлекетте бар. Оның тамырын жою өте күрделі мәселе. Бірақ, меніңше, саясат пен бизнес бір-бірімен астасып кеткен, қоғам қанша дамыса да бұл қылмыс індетінің азаяр түрі жоқ. Пара берген адам өз мүддесін көздесе, пара алушы адам өз қалтасының қалыңдауын көздейді. Қоғамдағы әр азамат осылай өз қалтасының қалыңдауын ойласа, бұл қылмыспен қалай күресеміз? Барлық жұмысты құзырлы орындарға ғана артпай, қоғамдағы әр азамат өз үлесін тигізсе, қылмыстың алдын-алуға болар еді. Дегенмен де, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын азаматтар жоқ-ау.

Тарихта парақорлықтың пайда болуымен күресудің көптеген әдістері бар. Біріншіден, бұл бағыттағы жұмыс Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының қатаң бақылауында. Елбасымыздың қойып отырған осы қатаң тәртіпті сақтай отырып, біздің мекеме де тыс қалып жатқан жок. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл біздің күнделікті ұранымызға айналып отыр, жұмысымызды бастамас  бұрын осы ұранды басшылыққа аламыз. Басшылықтың да бізге қояр басты талабы осы. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші ұжым болып, қоғам болып бұл дертпен күресу – біздің міндетіміз әрі мемлекет алдындағы басты борышымыз.

Осы бағытта менің азаматтық ұстанымым –  заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне қызмет еткен азамат ғана мұратына жетеді. Заңның беделінің өсуіне септігін тигізіп, қоғамның дамуын жылдамдатады. Сол себепті де мен әріптестерімді осы қылмыстың алдын-алуға шақырамын. Еңбектенбей тапқан қаражаттың далаға кететінін және де осы кызығу мен ақшаға құнығу жаксылыққа апармайтынын да ұмытпағандары жөн екенін айтқым келеді.

«Қылмыс құрықталмай, тұрмыс дұрысталмайды» деген қанатты қағида әрдайым біздің басты назарымызда жүрсін, бізге жүктелген осы жауапкершілікті мүлтіксіз орындау – бәріміздің абыройлы міндетіміз екенін есте ұстайық, ағайын.

Алмагүл Уәлиқызы,

 «ХҚКО» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы Медеу бөлімінің инспекторы.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑