banner-top12

Ақпараттар ағымы 22

Қосқан уақыты Қазан 6, 2016 | 988 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Тәуелсіз елдің текті ұрпағы тағылымды әңгіме тыңдады

24  21 19 13 16

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған тағымы мол шаралар өткізді.

Жиын мақсаты – тәуелсіздіктің, ынтымақтың құндылықтарын нығайту, мемлекеттілігіміздің құрылуы мен тарихи мұрасын зерделеу. Жас ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке үндеу.

Жиынға Қазақстанның белгілі тұлғалары қатысып, жастарға өнегелі өсиеттерін айтты. Білім ордасындағы шаралар, алдымен студенттермен «Тәуелсіздік және Мәңгілік елдің даму болашағы» атты кездесу-лекциямен басталды. Тағылымы мол лекция соңы, «Қазақстандық жолдың қалыптасуы мен мемлекеттіліктің құрылуы» атты дөңгелек үстелге ұласты.

ds17 ds1 ds2 ds3 ds4 ds5

Жиынды жүргізген М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымының докторы, академик Уәлихан Қалижанов жастарды елжандылыққа шақыра айтқан мына бір сөздері жиынға қатысушыларды тебірентпей қоймады.

“Дөңгеленген дүние шыр айналып тұр. Бірақ енді кез-келген елге барғанда аяғыңды нық басып, сол елдің шекарасынан жалтақтамай ары өтесің, бері өтесің. Өйткені, сен қазақ елінің өкі­лісің, Қазақстан азаматысың! Төбеңде желбіреген Көк Туың бар, жүрегіңнің тұ­сында бойыңды қуат­тандыратын Әнұраның бар, аты жаһанға танымал Елбасың бар. Сондықтан да баяғыдай Кеңестер Одағының «орысы» емес, қазақпын деп жалтақ­тамай, есіктегі басың төрге шыққанына мән де бермей, шалқақтай жүресің, еркін күлесің. Өйт­кені, сен тәуелсіз елдің тумасысың, егемен елдің ұланысың,” – деп жастарға мақтаныш сезімін ұялатқан шешен, сөзін: “Иә, осындай заманды ата-бабала­ры­мыз ар­мандағаны қашан! «Ер етікпенен су кешті, ат ауыз­дықпен су ішті». Ер «еңку-еңку жер шалды, қо­рам­сағына қол салды, бір салғанда мол салды», осынау кең жа­зира қазақ даласында қазақ мем­лекетін құру үшін, жан алысып, жан бе­рісті. Күндіз көз ілмеді, түнде бел шешіп төсекке жатпады, сондағы Тәуелсіздік еді сенгені,” – деп жалғады.  – Сендер бақыттысыңдар,- деді жастарға. Ғасырлар тоғысып, заман алмасып жатты. Өзгермеген бір-ақ нәрсе! Ол егемен ел болам де­ген қазақтың арманы еді. «Елім-айлап» зарлады, қызыл қырғын ке­зінде 4 миллион қазақты аш­­тық жалмады. 48 мың ұлтын сүйген Алаш оғ­лан­­дары мен қыздары атылды, жер аударылды, елінен, ана тілінен айрылды. Бірақ са­надағы сәуле өшпеді. 1986 жылдың жел­тоқ­санында Алматының қақ төрінде, Алатаудың етегінде қазақтың ұл-қы­зы тағы да қызыл қанды қырғынға ұшырады. Ен­ді қа­зақ қызы күң бола алмайды, енді қазақ ұлы құл бо­ла алмайды! Қылбұрау бостандық рухын тұн­шық­тыра алмайды. Аппақ қар қып-қызыл түске боял­ды! Қа­зақтың ғасырлар бойы бұғып жатқан ар-намысы оянды. Бұл осылай келген еге­мендік еді,” – деп сөзін жалғаған ол, жастарды тәуелсіздіктің қадірін біліп, көз қарашығындай сақтауға щақырды, елдің иесі, болашағы жастар екенін ескертті.

ds6   ds10  ds12 ds15

Жиында сөз алған Қазақстан авторлар қоғамының  Бас директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, сазгер, драматург, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі Байғали Есенәлиев, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетінің деканы, қаламгер ұстаз, ақын, тарихшы, тілші-баспагер, филология ғылымдарының докторы, профессор Сағатбек Медеубек,Ұлттық салт-дәстүр академиясының академигі, жазушы-этнограф Болат Бопайұлы, Қытай Халық Республикасынан келген фольклоршы-ғалым Қалиолла Нұртазаұлы азаматтық үн мен ұлттық болмыстың өзара қатынасын, елдік рух пен отансүйгіштік қасиеттер жайлы кеңінен әңгімеледі Желбіреген тәуелсіздік туы ел тағдыры үшін жанын пида еткен құрбандардың тікелей бастауымен келгенін, сайын дала – ата-бабаларымыздың көзінің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғауының арқасында бізге жеткенін тілге тиек етті. Осындай алып Отанды сүю кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет екенін баса айтты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай  отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі  күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деген үмітін ақтайтындықтарына сенім білдірді.

ds7 ds8

Қорыта айтқанда, жиын жастардың рухани деңгейін көтеріп, тәуелсіз елдің текті ұрпағын, жаңа күннің жігерлі кейіпкерлерін өмірге әкелуге сеп болды деуге болады.  Өткен күн мен бүгінгі өмірдегі сабақтастық салаланған, кең ауқымды келелі ойлар жеткіншектердің жүрегіне рухани-адамгершілік, азаматтық-моральдық  құндылықтарды құндақтады.

Қатысушылар шара аясында өзіндік пікірлерін қалдырып, сауалнамаларға жауап берді.

Мұндай келелі кездесулер қаладағы басқа да жоғары оқу орындарында жалғаспақ.

 

Гүлмарал Ерсұлтанқызы,

Алматы қаласы.

 

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑