banner-top12

Замандас 00204997

Қосқан уақыты Қараша 25, 2011 | 737 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Тәуелсіздік шежіре тарихын парақтайтын болсақ…

 

Тәуелсіздік шежіре тарихын парақтайтын болсақ, талай маңызды оқиғаларға куә болатындығымыз сөзсіз. Іргеміз кеңейіп, буынымыз бекіген тұста батыл қадамдарға бет алуымыз Тәуелсіздіктің арқасында мүмкін болған істер еді. 1992 жылы қазақ Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшқанда бөркін аспанға атып еді. Ал, 1994 жылы екінші қазақ Талғат Мұсабаевтың көкке көтерілуі қазақтың қуанышын тағы бір еселеді. Осы сияқты саналуан оқиғалар еліміздің мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етті. Енді тарих беттеріне алтын әріптермен жазылған маңызды оқиғаларға жеке жеке тоқталып өтсек.

 

ШІЛДЕ 1994 жыл

… Шілденің бірі күні ел өміріндегі елеулі оқиға болған еді. Дәл осы күні тағы бір қазақ азаматы ғарышқа көтерілді. Ол Талғат Мұсабаев еді. Аспанға алты айлық сапарға Талғат Мұсабаев Ресейлік  Юрий Маленченкомен бірге аттанды. Ғарышкерлерді Байқоңыр айлағынан шығарып салу рәсіміне Президент Нұрсұлтан Назарбаевта қатысты. Талғат Мұсабаев елге төртінші қараша күні қайта оралды дәл осы тарихи оқиғаны  бүгінде ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасы Талғат Мұсабаев былайша еске алған болатын:

musabaev

ТАЛҒАТ МҰСАБАЕВ

Ғарышқа алғашқы сапарыма ЭО-16 экспедициясының экипаж бортинженері болып «Союз ТМ-19» ғарыш кемесімен  «Мир» орбиталық комплексіне аттандым. Кеме командирі Юрий Маленченко екеуміз «Байқоңыр» космодромынан 1994 жылы 1 шілде күні ұштық. Сапарымыз 126 тәулікке созылды. Жалпы ұзақтығы 11 сағат 7 минут бойында ашық ғарышта жұмыс атқардым. «Мир» бекетінде ресей ғарышкері Валерий Поляков, Александр Викторенко, Елена Кондакова, неміс астронавты Ульф Мербольдпен бірге жұмыс атқардық. Жерге 1994 жылы 4 қарашада қайтып оралдық. Біздің экипажды жерде Еліміздің Президенті қарсы алды.

Сезімдер, эмоциялар көп болды. Алайда, ең бастысы Жермен, Отанмен байланысты болатын сезімдер ғарышта жердегіден де күшейе түседі екен. Орбитада болғанда, шынымен, өзіңді жер тұрғыны ретінде көбірек сезінесің, ғарыштан мемлекеттердің шекаралары көрінбейді ғой. Әйткенмен, менің кәсіби және адами қасиеттерім арқылы әріптестерім бүкіл қазақ ұлты жөнінде пікір ұстайтынын мен үнемі естен шығармадым.

Ашық ғарышқа алғаш шыққан кез «Мир» станциясының дәл менің Отанымның үстінен ұшып бара жатқан сәтімен сәйкес келді. Мен ұшқыштарды басқару орталығына «Қазақстанның үстінен ұшып бара жатырмыз!» – деп хабарладым. Юрий Маленченко екеуміз Балқаш, Алатау, Алматы, Арал теңізін анық көрдік. Бұл мен үшін көңіл толқытарлық сәт болды. Ауасыз кеңістікке алғаш шығар алдында біздің экипажға Отаным бата бергендей әсерде болдым. Содан бері ғарыштан қарағандағы Қазақстанның көрінісі жақын адамымның бейнесі секілді менің жадымда мәңгі сақталып қалды. Сондықтан да, ғарыш Отанға деген сезімді сөзсіз арттырады, бұл шексіз, ғаламдық патриотизм сезімі.

Менің өмірімде, ғарышкер болуымда, әрине, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ерекше орын алады. Оның қолдауының арқасында борт инженері, халықаралық экипаж командирі ретінде менің үш рет ғарышқа ұшуыма мүмкіндік туды. Мен Елбасына менің ғарыштық тағдырыма көңіл бөлгені үшін әрқашанда ризамын, бәлкім, әлемде ғарыштан өз ұлтының ғарышкерін бірнеше рет қарсы алған Мемлекет басшылары кемде-кем шығар.

Ғарышқа екінші және үшінші рет сапарға мен қазақ болып тұңғыш рет кеменің және экипаждың командирі болып аттандым. Ғарышқа екінші сапарымда әлем тарихында алғаш рет мен Еліміздің Астанасының ашылу салтанатына ғарышта ұшып жүріп қатыстым. Үшінші сапарда тағы әлем тарихында алғаш рет экипаж құрамында дүниедегі тұңғыш ғарыш туристі Денис Титоны алып ұштым. Сапарларға дайындықтар мен сапарлар кезіндегі қиындықтар өте көп болды. Олар бөлек әңгіме бола алады.

Биыл Юрий Гагариннің алғаш ғарышқа ұшқанына 50 жыл, бірінші қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына 20 жыл және халықаралық экипаж командирі ретінде тарихта тұңғыш рет алғашқы ғарыш турисін алып ғарышқа ұшқаныма 10 жыл толады.

Дәл осы мерекелермен барша қазақстандықтарды шын жүректен құттықтаймын. Өйткені,  бұл біздің бірлесіп қол жеткізген жетістіктеріміз.

Еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы, еліміз еңселі, аспанымыз ашық, тәуелсіздігіміз баянды болсын!

08 желтоқсан 1997 жыл Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Көшіқон демография жөніндегі агенттігі құрылды.

Yakeg

Уәлихан Қалижан

         Қазақстан егемендігін алғаннан кейін үлкен бір мәселе бұл көші-қон мәселесі болды. тарыдай шашырап кеткен қазақтың басын қосу Президентіміздің ең үлкен саясатының құрамдас бөлігі болып саналды. Алғаш егемендігімізді алғаннан кейін Түркияға ресми сапары болды. Сол сапары кезінде Түркияның әуежайында сан мыңдаған Түркиялықтармен бірге өзіміздің қандас қазақ бауырларымыз шықты. Сол қазақтардың бал-бұл жайнаған жүздері әлі күнге дейін менің көз алдымда тұр. олар сол әуежайда Абылай!Абылай! Ақсарбас! Нұрсұлтан деп айғайлап, жерге тізерлеп, жерді сүйіп жылап жатқандығын көрдім. Әуежайда 5 қойды 5 жігіт аяқ-сирағын байламай, тізеге салып, алқымдарынан тартып жіберді. Сөйтіп құрбандық шалды. Осы кезеңдерден бастап, Президентіміздің сыртта жүрген отандастарымызды  қайтару мәселесінің басқа қырынан келу саясаты орныға бастады. Сондықтан да дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды. Қауымдастықтың төрағасы болып Президенттің өзі бекіді. Үш үлкен құрылтай өтті. Сайып келгенде осы көші қон саясатының алғышарттары біздің егемендігімізбен бірге келді. Әрине, ең алғашқы кезеңдерде көші-қон саясатында арнайы заң болған жоқ. Оның бәрі әсіресе мынау Моңғолиядағы қазақтарды алып келу ретінде мынадай сәттің куәсі болдым. Сол кездегі Моңғолияның Президенті Очервард мырзамен кездесу сәтінде Біздің президентіміз сол өңірдегі қазақтармен кездесті, парламенттік кездесу мен үлкен жиын болды. Сонда президентіміз: – Очервард мырза, сен менің қазақтарымды қайтар,-дегенді айтты. Сол кезеңде ол жерде 80 мың қазақ тұрады екен.Әңгіме солай өрбіді де еңбек шартымен алғашқы Моңғолиядағы қазақтар келе бастады. СКеіліп орныға бастады, бірақ 1997 жылы көшіқон саясатының осал тұстары кездесе бастады. Еңбек шартымен келген қандастар мемлекеттің тарапынан дұрыстап жәрдем ала алмады, олар осында қалып Қазақстанның азаматтығын ала алмады сондықтан да көштің беті кері қайта бсатады. Мен сол кезеңдерде егемен Қазақстан газетінің бас редакторы болатынмын. Осы ндай мәселелерді көргеннен кейін «Егемен қазақстан» газетінде үлкен мақала жариялаттым. Авторы Гүлзейнеп Сәдірқызы. «Қазақтың көші неге кері кетті» деген атпен жарық көрген проблемалық мақала. Сол мақаланы үкіметке жібердік. Содан кейін Парламенттің төрағасы, мәдениет әлеуметтік комитетінің төрағасы академик Жолдасбековке жібердім. Осы бір үлкен үрдіс туғызды. Ол кісі газетте шыққан мақаланың негізінде заң жасау керек деп осы мәселені қолға алуды сол кездегі мәжілістің бірінші шақырылымының депутаты журналист, ақын Әкім Ысқаққа жүктейді. Әкім Ысқық ол менің шәкіртім, жас алаш газетінде жүргенде мектептің мұғалімі болып жүрген жерінен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші етіп алғанмын. Сондай білікті, білімді, көзі қарақты азамат. Әкім осы заң жобасын дайындауға кіріскен екен. маған телефон шалып, осыған байланысты деректепрді беруді сұрады, мен бердім. Сосын осы заң жобасы дайындалды. Халықтың «Көші қоны» дейтін заң жобасы Еемен еліміздің парламент тарихында ең алғаш қазақ тілінде жасалған заң жобасы. Сол дайындалған заң жобасы ол кезде Үкіметтің тарапынан да заң жобасы дайындалды, бастамашылық ниетпен Әкім Ысқақ тарапынан заң жобасы дайындалды Әкім Ысқақ сол үкіметтен келген заң жобасымен өзі бастаған заң жобасын біріктіріп отырып ортақ заң жобасын дайындады. Ол 1997 жылы 8 желтоқсанда қабылданды. Ал енді мына үлкен пікірталас, айтыс заң қалай талқыланғандығы жөнінде заң жобасыныңавторы Әкім Ысқақ толық айтып беретін шығар деген ойдамын.

Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы жөнінде.

Дүниежүзі қазақтарының үш дүркін үлкен құрылтайы өтті. 2001 жылы Түркістан қаласында өткен екінші құрылтай жөнінде менің есімде қалғаны, осы кезеңдерде Президентіміз сөз сөйледі. Жер жердегі қандастарымызды  Қазақстанға алып келудің тек мемлекеттік жолын ғана емес, оның дипломатиялық жолмен алып келу керектігін айтты. Сонымен бірге, бүгінде қалтасы қалың, бизнесте жүрген азаматтардың да қарап қалмай, сыртта жүрген азамматтарды елге шақырып, тиісті көмек түрлерін көрсетулерін тапсырды.Оындай үлкен саясаттың арқасында бүгінгі күнге дейін бір миллионға жуық біздің этникалық қазақтар өз отанына оралды. Көптеген Мемелекеттік тұрғыда қамқорлықтар жасалды. Ең алғашқы кезеңдерде осы көші қонға сәйкес келегн бауырларымызды үй-жаймен қамтамасыз ету көзделген болатын. 1997-1998 жылдың аралығында Үкіметтің қарызы 2 жарым миллиярд теңгеге жетті. Сондықтан келген бауырларымыз үй ала алмай қалды. Себебі, әртүрлі іс шаралар мысалы тендердерлер өткізіп үйді алу мақсатында солл кездердегі қажетті үйлерді табу қиын болды, көші-қон саясатында жүрген біздің кейбір ағайындарымыз нашар үйлерді қымбат бағаларға алып, бюджеттен бөлінген қаржының талан-таражға түсуіне жол берді. Осының ретінен бірнеше көшіқон төрағалары заң алдында жауапқа тартылды. Мен өзім сол кезеңдерде осы көші қон саясатына байланысты сенат пен мәжілістің ортасында көші қон жөніндегі бірлескен комиссия құрдым. Сол комиссия төрағасы болып сайландым. Соның нәтижесінде біз көптеген азаматтық алу мәселесіне байланысты ұсыныстар бердік және сол кезеңдерде қазақстанның азаматтығын алу қиынға соқты. Сөйтіп біз этникалық қазақтардың азаматтық алуына байланысты қазақстан азаматтығы жөніндегі заң жобасына тиісті өзгерістер енгіздік. Соның нәтижесінде мінекей бүгінгі күнге дейін Қазақстанға келген бауырларымыз ары кеткенде бес айдың немесе үш айдың ішінде Қазақстан азаматтығын алу мүмкіндігіне ие болды. Мұның бәрі осындай комиссияның құрылуының нәтижесінде. Өйткені біз Үкіметтің мазасын алып, осындай мәселелерге қайта-қайта назарын аударып отырдық. Екінші бір мәселе мысалы Өзбекстанда жылыны бір ақ рет Өзбекстан азаматтығынан шығару рәсімі өтеді екен және әр адамға 100 доллар көлемінде ақша төлеу қажет екен. Осы мәселені де Үкіметтің алдына қойып, дипломатиялық жолмен осы мәселенің ойдағыдай шешілуіне мүмкіндік жасадық. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығындағы айтылған мәселелердің төңірегінде қазір қазақстанда оннан астам көші қонмен айналысатын қоғамдық ұйымдар құрылды. Солармен бірге көптеген жұмыстар атқарылды мысалы Алматыда республикалық оралмандардың «Асар» деген ұйымы бар. Моңғолия дан келіп Мәскеуде оқып, кандидаттық қорғаған жас жігіт Қайрат Бодаухан дейтін азамат басқарады. Солармен бірлесе отырып біз Алматының түбінде Байбесік деген үлкен ауыл жасадық. Қаржысының барлығын жеке адамдар көтерді, бірақ біздің жер алып беруге септігіміз тиді. Және инфрақұрылымын жасауға мысалы жол салынды, мектеп, су жүйесі салынды. Қазір үлкен бір оралмандырдың ауылы қалыптасты. Қазір Астанада Нұрбесік дейтін жаңа Түріктермен бірге жобаны жүзеге асыруды бастады. Болашақта осы Астанада да сондай оралмандардың ауылы бой көтеретін болады. ол жерде бейімделу орталықтары, кәсіпке баулу, заң тұрғыда көмек алу мәселелері шешіледі. Болашақта алыстағы қандастарымыз үшін тиісті ықпалын тигізеді ғой деп ойлаймын.

Алыстағы қандастарына назар аударуда Ресеудің де саясаты қазір басқа арнаға бұрыла бастады. Мысалы, ресей басына сондай күн туып тұрмаса да бүкіл славян тектес, орыс тілді жалпы адамдарды Ресейге шақырып жатыр. Бір  ғана Калининград облысының губернаторы 300 мың адамды қабылдауға, жұмыспен қамтамасыз етуге дайын екендігін мәлімдеді. Сондықтан да Ресейдің өзінде де үш буынды шакараға орныластыру, мамандарды ірі-ірі өнеркәсіптерге шоғырландыру, жасы келген адамдарды қара топырақты аймақтарға орналастыру мәселесін қолға алып жатыр. Сондықтан да осы Қазақстанда да көші қон мәселесін тек елге келсін деген мақсатта емес, «Нұрлы көш» бағдарламасы қабылданды, сол бойынша келген адамдарды қоныстандырып қана қоймай оларды еңбекпен қамту мәселесін шешу керек. келген адамдардың ішінде ғалымы да бар, шахтер, мұғалім, дәрігер, әртісі бар бәрі базар жағалап кетті, елге келгеннен кейін ол алғашқы кездеңдерде жарсқанменен орныққан, экономикасы нық Қазақстан үшін бұл ұят саясатқы айналды.

«Нұрлы көш» бағдарламасының аясында  жақсы әңгімеге қарағанда, сын көп айтылад. Сіздің ойыңызша бағдарлама өз дәрежесінде  функциясын орындай алып отыр ма?

–         Әртүрлі пікір болғанымен мемлекеттік саясат болуы керек. «Нұрлы көш» мемелекеттік саясат. Яғни, біз ол адамдарды қай жерлерге қоныстандыруымыз керек? Мысалы: Біздің солтүстікті алсақ, ұлттық құрамы жағынан азбыз. Ал енді Моңғолиядан келіп жатқан қандастарымыздың ата тегі өзі сол Солтүстік қазақстан облысы, Қостанай, Көкшетау өңірі. Яғни олар осында келгенде өзінің ата бабаларынан қалған генетикалық коды бар туған жеріне келмегенде қайда келуі керек? Сондықтан да осы бағдарлама бойынша сол жерлерде үйлер салынып, ол жеңілдетілген тәртіппен несиеге алынып , оны алу үшін жұмыс көздерін ашып, шағын өнеркәсіп орындарын іске қосу керек. Мысалы мен жақында ғана Оңтүстық Қазақстан облысында болып, «Асар» мөлтек аулданында болдым. 450 ден астам Коттедж салынып тұр. Адамдар тұрып жатыр. Халықпен кездестім, осы 450 жанұяға көмектің керегі жоқ. Оларға Үкіметтің тарапынан үлкен қамқорлық жасалған. Әр үйдің қасында жылыту құрылғылары тұр /теплица/. Онда олар қызанақ-қиярларын өсіріп, жылына екі-үш мәрте өнім алып соны сатып күн көріп отыр. Яғни олардың бәрі мейрамханалармен, асханалармен мемлекеттік органдардағы тамақтандыру жүйесімен байланыстар орнатқан. Сондықтан да олар алысқа ат терлетпей ақ бір жерде қызметтерін істеп жатыр. Балалары оқып жатыр, үйінде отырып ақ жұмысын бітіріп отыр. Сондай-ақ қостанай да да өндіріс орындары ашылып шағын жұмыс көздері іске қосылып жатыр. Келген оралмандардың барлығын біз Алматы, Шымкент, Жамбылға қалайша қоныстандыра береміз? 2 жарым миллион халық онсыз да Оңтүстік Қазақстанда отыр. Сондықтан да олардың барлығын сансыратпай еңбек ресурстарына байланыстыруымыз керек. Бұл заманауи саясат. «Нұрлы көш» бағдарламасы арқылы оларды қалаған жерлеріне емес, басқа да  жерлерге зорлап отырғызып жатыр деген саясатты естіп жатырмыз ол дұрыс емес.

–         Мысалы олар Қазақстанның азаматтығын алғаннан кейін, елімізге әбден қоныстанғаннан кейін 5 жылдан кейін көшкісі келсе үйін сатады да кез келген облысқа барып, көшіп кетеді. Сондықтан да бізге оларды тұрақтандыру үшін белгілі бір саясат керек. «Нұрлы көш» бағдарламасы міне, соған арналған. Дәл қазір парламентте «Көшіқон саясатына» байланысты жаңа заң жобасы жатыр. Өздеріңіз білесіздер, Президенттің жарлығы шықты, сол жарлық қа байланысты осы көшіқон саясатының дені, негізгісі ішкіістер  министерлігіне беріліп отыр. Бұрынғыдай халықты еңбекпен қамтамасыз ету министерлігіне емес, ол министерлік негізінде квота бөлумен айналысады да, негізгі ұйымдастыру жұмыстарының барлығы ішкіістер министерлігіне өтеді. Сондықтан да осы мәселеге біз назар аударуымыз керек. Себебі, осы көші қонның желеуімен кімдер келіп жатыр, олардың арасында кімдер жүр? Қалай болғанда да мемлекетіміздің қауіпсіздігі бірінші орынға шығуы керек. Екінші мәселе, мысалы күйеуі қазақ, әйклі басқа ұлттың өкілі болса әңгіме жоқ. Ал енді, әйелі қазақ, күйеуі басқа ұлттың өкілдері болса біз оны қалай шешуіміз керек, балалар проблемасын қалай шешуіміз керек? алғашқы кезеңдерде мұндай проблема жоқ-тын. Кейін сол Қазақстандағы нақты экономикалық тұрақтылық, халықаралық, ұлттардың арасындағы тыныштық сайып келгенде Қазақстанға басқа ұлттардың көптеп келуіне мүмкіндік беріп отыр. Қазақстанға қазақ емес, басқа ұлттың өкілдері келуге мүдделік танытып жатыр. Сондықтан да осы мәселені біз заңмен реттеуіміз керек. Осыған байланысты заң жобасын қайта қарау керек болды. Мысалы, турист болып қыдырып келе ме, Өзбекстандағы қазақтар мысалы қазағы бар өзбегі бар 1 миллионға жуық бейтаныс эмигранттар қазақстанда жұмыс істеді. Мұның бәрін заңмен реттеу туралы кезінде біз заң жобасын қабылдадық. Сөйтіп қазір 300 мыңнан астам адамның Қазақстанға келіп жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Ал енді Қазақстандық қазақтардың ақшасы сыртқа неге кетуі керек? Заңдастырылған сол 300 мың сырттан келгендер Қазақстанның ақшасын алып кетіп жатыр. Біз өзіміз үй сала алмаймыз ба, құрылыс жүргізе алмаймыз ба, егін еге алмаймыз ба? Сонда қазақтың барлығы папка ұстап   бастық болуы керек пе? Жұмыс жоқ дейді, ең құрығанда өз үйін сала алмайды, басқа ұлт өкілдерін жалдап, жұмыс күшін пайдаланады. Осыған байланыстьы болашақта шегараны ашып қойғанды тоқтатуымыз керек. Қарым-қатынас үшін, қыдырып келу үшін, туристік тұрғыда әңгіме жоқ ал, турист болып келіп алып жұмыс жасайды. Оның екінші жағы бар. Ол келген адамдар заңмен жұмыс ісьтемейді, салық төлемейді қазынаға ақша түспейді. Жасырын жұмыс жасайды. Келген адамдардың қайда тұратынын, қай жерлерде тіркелгенін біз білуіміз керек. Немен айналысып жатыр? Кешкі алтыға дейін саудасын жасайды ал алтыдан кейін немен айналасады? Әртүрлі қоғамдық, діни ұйымдар да бар. Мемлекеттің саясатына қарсы жұмыс жасайтын топтар бар солардың қатарына қосылып алып білгенін істеп жатса біз не істеуіміз керек? Сондықтан да ішкі істер министирілгіне берудің көші қон саясатының ұшы осында жатыр. Біріншіден біз халқымыздың, еліміздің, шекарамыздың тыныштығын қорғауымыз керек. Ұлттық тұрғыдан қарауымыз керек. Кім болса сол кіріп-шыға беретін сұраусыз шекара болмауы керек қой біздің шекарамыз. Күлшелі бала сүймекке жақсы деген, әрине Қазақстан бүкіл елдің қызығушылығын танытып отырған шығар. Бірақ….

–         Мынадай деректер келтірейін мысалыға Қазақстандағы соңғы екі жылдың ішіндегі заң бұзушылықтардың 70 пайызы сырттан келгендердің есебінен түседі. Ұрлық-қарлық, тонаушылық солардың есебінде. Мемлекеттің тарапынан үйлестірілуі тиіс дүниелер.

–         Қазақстан тәуелсіздігін алғанына биыл 20 жыл толғалы отыр осыған байланысты ойыңызбен түйіндесеңіз…

–         Қазақстан тәуелсіздігің жиырма жылдығын атап өтуге бет бұрды. Осы 20 жылда біз қандай жетістіктерге жеттік, не бітірдік? дейтін болсақ, 20 жылдың ішінде …

Газетке болса, дайын материал бар менде соның ішінен қажеттеріңді алсаң болады.

–         Жалпы еларалық «Шалқар-2» газетіне деген көзқарасыңыз қалай? Газет туралы білесіз бе өзі?  Бұл басылымнан қандай хабарыңыз бар?

–         Шалқар газеті бұл ең алғашқы шыққан басылым. Кеңес дәуірінің өзінде шыққан басылым. Сырттағы қазақтарымыз үшін өте қажетті. Кезінде біз ұсыныс бергенбіз, сол жүзеге асты ғой деп ойлаймын. Мысалы: кирилицамен бірге ақпараттарды латын әліпбиінде беру, ескі араб әліпбиімен беру туралы. Кейін бір екі рет қолыма түскенде қарағанымда сондай нәрселер бар секілді. Резюме секілді берілген. Өйткені сыртта жүрген біздің отандастарымыз оны білуі керек қой. Менің ұсынысым газетте осыған сәкес Қазақстан заңдарынан түсініктеме беріліп отыруы керек. Келген адамдар Қазақстанда былай ойлайды да: Отанға келсек болды, бәрі дайын тұр деп ойлайды. Ал Қазақстанның да осындағы мың өліп мың тірілген қазағы тұр емес пе? Әлі жағдайы төмен қазақтары бар емес пе? Соңғы кезде біздің зиялы қауымның арасында бір келеңсіз жағдайлар болды. Ресми телеарналарда, Қазақстан телеарнасында біздің көптеген азаматтар мысалы менің өзім құрметтейтін Жүрсін Ерман секілді, Амангелді Ермегияев секілді азаматтар мысалы осы біз оралмандарды неге шақырамыз, Қазақстанда тұрып жатқан қазақтардың жағдайын көтере алмай жатқанда біз бұларға неге жағдай жасаймыз деген тұрғыдан келеді. Сайып келгенде мұның екінші қыры бар ғой. Мәселен келген көш демографиялық мәселемізді шешуге ықпал етеді, сыртта жүрген қазақтарымыздың 4 ақ пайызы пенсия жасында. Негізгісі еңбек ету жасында. Мұның арасында 250 ғылым докторы бар, 13 мыңнан астамының орта-арнаулы білімдері бар. Алыстан келіп жатқан оралмандар Қазақстанға масл болып отырған жоқ. Қайта өз тіршілігін өздері жасап жатыр. оларды кішкене демеп, бейімдеп жіберсек болғаны. Ал енді осы оралмандарды саясатқа пайдаланып жүрген біздің азаматтарымыз бар. Еліне, жеріңе келіп неге бұлай жасамайды, Үкімет ештеңе бермейді неге талап етпейсіңдер, деп айдап салып, әсіресе сайлаулардың кезінде сол ортаны қарсы пайдаланады. Кейбір сяаси ұйымдарға кіргізіп, тартып сол кезінде келген оралмандарды «Руханият» партиясына кіргізіп алды. Осы жағына сақ болуымыз керек. Саясат жағына оралмандарды пайдаланудың қажеті жоқ. Қазақстанның азаматтығын алдың, депутат болу міндет емес. Қоғамдық жұмыспен айналысып ел еңбегіңді бағалап жатса депутат, министер бол, оған ешкім кедергі жасамайды. Өз еңбегімен жетуі керек оған саяси талаптар тұрғысынан келіп, міндетті түрде бір оралманды өткізу керек деген әңгіме ол дұрыс емес. Өткенде мен бір топ оралмандармен кездестім. Шындығына келгенде Қытайдан келген оралмандардың көпшілігі бақуатты. Өмірге бейімді. Соларға мен мынадай пікір айттым: Бастарыңды қосып, неге бір ұйым құрмайсыңдар? Құрылған ұйымдар ал, сол ұйымдар арқылы неге Қытайда жүрген бауырларыңды әкелмейсіңдер, қоныстандырып,үй-жай әперіп көмектесіңдер деп жатырмын. Президентіміз айтқан дипломатиялық жолмен болса, ағайынмен де жұмыс істеуге болады деген осы. Менің ойымша бұл мәселеге саяси мән бермей, бұған ұлттық рең беру керек. Ұлттық тұрғыдан келгенде ғана бұл мәселеде демографиялық жағдайымыз шешіледі, тіліміздің орнығуына әсер етеді, келіп жатқан оралмандарымыздың көпшілігі халықтың өнерін, қолөнер дәстүрін жандандырып әкелір жатыр. Мұның бәрі сайып келгенде ұлттық саясатымыздың бір бөлігі  деп қараймын, біздің Үкімет бұған барынша назар аударып отыр. Кеше ғана өз жолдауында Президентіміз оралмандар мәселесін тағы да қадап айтты. Сыртта жүрген қандастарымызды елге әкелу мәселесі әрі қарай жалғаса береді. Тек топырлатып қана әкелу ғана емес, оның халыққа пайдасы жағынан мәнге ие болады.Бәрін екшеп, кім қай жерде отыр, не істей алады, соған сәйкес орналастыруымыз керек. Сонда ғана біз көші қон саясатын жүзеге асыра аламыз. Сондықтан да Шалқар газеті осы сыртта жүрген қазақтарға  қазақстандағы саясаттың қандай екендігін түсіндіруі керек. Заңдардан шағын-шағын үзінділер беріп, азаматтық алудың жолы мынандай, Қазақстанға келгенде мынадай мәселелер бар Сіздер білуге тиіс соның ішінде бейімделу орталықтары осындай жерлерде бар, қазір көптеген адамдар Түркіменстаннан, Өзбекстаннан қандастарымыз мұнайлы өлке Ақтау, Атырауға қарай барып жатыр. Арғы жағында үлкен мұнайлы аймағы бар таза оралмандар ғана тұратын. Көбісі Жаңаөзенде қоныстанған кезінде барып, оралмандармен кездесіп, жағдайларын ескеріп мен «Егемен Қазақстанда» үлкен мақала жаздым. Сол мақалада: – Егер осы мәселелерді қазір шешпесе, бұл әлеуметтік жарылысқа әкелетін топ,  кейінгі кезде Жаңаөзенде заң бұзушылыққа апарып соғып, аяғында келісімге барып, мінекей сондай жағдайларға жол бермес үшін алдын алатын саясат керек. Шалқар газетінің сыртта жүрген өз оқырмандары бар. Соларға осындай нақты ақпарат көзі арқылы  мағлұмат берілуі керек. Шалқардан соның бәрін оқып олар: Ия, мен елге барсам осындай жеңілдіктер бар екен, заңдылықтары мынадай екен, осыған бейімделу қажет екен деген сияқты , баж салығынан босатылады екенмін мынадай заңы бар екен, кеденнен мен нені өткізе аламын деген сұрақтарға жауап алуы керек. Мысалы: Кеденге келіп олар: Көлігімді, станогымды кеден бажынсыз өткізіп бер деп жатады. Оның барлығының өзінің тәртібі бар ғой. Кейде оны сатуға алып келеді. Оның бәрі заңның аясында жасалуы керек. Мысалы Германия, Израйлда да, Ресейде де солай. Заң бәріне де ортақ қой.   Немен келсең онымен кел деп  10 көлік, 10 тракторымен өткізуге болмайды ғой. Осындай осындай мәселелері бар. Соны түсіндіру мақсатында газет те өз үлесін қосса екен дегім келеді.

–         Газет ұжымына айтар тілегім осы мәселелер төңірегінде кішкене коментарийлер, түсініктемелер беріп отырса деген тілек. Жазып қана қоймай, сол коментарий жанына көші қон саясатына қатысты тиісті министрліктің, құзырлы орындардың мамандары жауап берген түсініктемесін берсе. Стихиялық жағынан қандай болғанда да көші қонды реттеу керек. Құдайға шүкір барлық мемлекеттерде елшіліктеріміз, консулдарымыз қызмет етеді, соларға тіркеп, кезең-кезеңімен рет-ретімен әкелуіміз керек. Бюджет тен оралмандарға бөлінген қаржы сол қалпында тұр, қысқарған жоқ. Ақша бар, заңменен реттеп бауырларымызды елге әкелуді жақсылап жорлға қоюуымыз керек. Бұл жолда Сіздердің газеттеріңіз атқаратын қызметте қомақты болу керек деген ойдамын. Оқырмандарыңыз көп болсын, шығармашылық табыстар тілеймін, тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы құтты болсын! Алматыдан арнайы келгеніңіз үшін Сізге рахмет!

            

 15-011-262x350

Әкім Ысқақ

         Өмір өткен күндер емес, есте қалған күндер дейді. Адам өткеніне бір шолу жасап алмаса болмайды. 20 жыл оңай уақыт емес. Дәл осы күн, осы бір күннің бір сәті үшін қаншама адам қан төкті. Осы үшін ата-бабаларымыз қандастарымыз күресті. Найзаның ұшымен, білектің күшімен атсалысты. Шын мәнінде армандады, зарықты. Дәл қазіргі кезде біз тәуелсіздіктің қадірін сезіне алмай жүрміз бе? Меніңше, әлі де қадірін сезіне алмай жүрген жайымыз бар. Біздің әрбір азамттың негізгі мақсаты сол тәуелсіздігімізді нығайту болуы керек. Ал оны нығайту үшін, экономикамыз мықты болуы керек әрбір азаматымыздың намысы мықты болуы керек. Осы күнді әрбір ата-бабамыз аңсады, армандады десек артық айтқандық емес. Шынында қарасақ, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы әрбір азаматқа, әрбір қазаққа әсер ететіндігі анық. Кешегі күнді елестететін болсақ 1997 жылдың қаңтар айы көз алдымнан әлі күнге дейін кетпейді. Мәжіліс депутатымын ол кезде. Үкіметтен «Көшіқон туралы» заң жобасы түсті. Мен оған жұмысшы тобының жетекшісі болып тағайындалдым. Көшіқон әлемімен танысуыма тура келді. Сырттан көшіп келген ағайындарды шақырдым. Өзім де біраз кісілермен пікірлестім. Түптеп келгенде қарасам Үкіметтің дайындаған заң жобасы шикі екен. Неге? Себебі онда біздің қандастарымыздың жағдайын ойламаған. Мәселен, бір бапта Қазақстан республикасына көшіп келетіндерге бөлінетін қаржы жергілікті жердің есебінен деп жазылған. Ал, екінші бір бапта: Қазақстан республикасынан көшіп кететіндер Республикалық бюджеттен арнайы қаржыландырылсын деген. Ойлап қарайтын болсаңыз, мұның астарында үлкен мән мағана жатыр. Қазақстан Республикасына көшіп келетіндер кімдер, көшіп кететіндер кімдер? Өйткені жүрегі бар, көзі қарақты әрбір жанға түсінікті нәрсе. Қазақстан дегенге Отанымыз деп көшіп келетіндер жалғыз қандастарымыз, бауырлас ағайындарымыз. Ал көшіп кететіндер өздерінің Отандары бар азаматтар. Әрі бұл жерде босқындармен біріктіріп жіберген көп нәрсені. Босқындармен біріктіретін болса біздің Қазақстан көшкіндердің, босқындардың еліне айналмақ. Осындай мәселелер үшін көптеген керағар пікірер дүниеге келді. Осылай болғаны үшін Үкіметтің заң жобасына жетекші болудан бас тарттым да, Үкіметтің заң жобасына қарама-қарсы негізделген тұңғыш рет қазақ тілінде дайындалған өз заң жобамды ұсындым  депутаттық құқымды пайдаланып. Ондағы негізгі мақсат, жалпы көші қон мәселесімен айналысуымыз керек өйткені қазақтың төрттен бірі сыртта. Дүниежүзіне тарыдай шашырап кеткен қазақ ағайындарымыз. Ол жердегі негізгі қойған мәселемнің бірі, уәкілетті орган құру. Ал, уәкілетті орган дегеніміз сол кезде еңбек және әлеуметті қорғау министері болып келген Коржова ханым көшіқон жөнінде сол министерлікте кішкене ғана басқарма бар екен соның өзін жоқ қылып жіберді. Яғни, іздеушісі, сұраушысы арнайы уәкілеттік органы болмайтын мекеме болатын болса, онда көші қонмен кім айналысады? Коржова онымен міндетті түрде айналыспайды оның да зейнеткерлермен айналысатын уақыты сол кезең болатын. Оның үстіне дәл сол кезең айлықтар айлап кешігіп, зейнетақылар уақытнда берілмей жатқан кезең болатын. Сондай дағдарыс кезеңінде жергілікті бюджетте қайдан ақша болсын? Біздің қандастарымыздың көшіп келуіне арнайы үймен жабдықтап, жағдай жасауға мүмкіндік жоқ еді ғой. Сондықтан да мен арнайы өзімнің тобымды құрдым. Тобымызда бірнеше депутаттар болды. Оралман ағайындарымызды да сол топқа тарттым. Ондағы мақсат тікелей Елбасыға бағынатын агенттік құру жөнінде. Елбасымен бірге саясатты жүргізіп, барлық жасалып жатқан дүниеден халықты ақпараттандыру мақсатында. Өйткені қазақтың көбеюі ол еліміздің қауіпсіздігі. Қазақтың көбеюі ол әрбір азаматтың өзінің отанында өмір сүріп, тәуелсіздікті нығайтуы. Мұның астарында үлкен мән мағана жатқандығын анық сезіндім.

Екі заң қатар мәжілісте де сенатта да талқыланды. Оңай болған жоқ. Бұған 11 ай уақыт кетті. Он бір ай бойы Коржова ханыммен шайқасқаным рас. Түптеп келгенде мен сол кездегі мәжілістің де сенаттың да депутаттарына ризамын. Дегенмен жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңістің бұйыруына мүмкіндік туғызған сол кездегі «Егемен Қазақстан» және «Қазақ елі» газетіне айтар алғысым шексіз. Заң жобасын  халықтық талқылауға ұсынуға берді. Халықтың ішінде елдің жағдайын, халықтың жағдайын келелі мәселелерін керемет білетін адамдар үн қосты. Бірнеше, мыңдаған хаттар келді парламентке. Соның арқасында түптеп келген кезде 42 отырыс өтті. Бұл аз нәрсе емес. Бір заңға байланысты 42 отырыс өту деген бұл тарихта қалған талқылау болды. Оның мәні де зор. Осы заң қабылданғаннан кейін мені Санкт Петербургке шақырды. Парламентаралық ассамблея да тұңғыш рет СНГ дейміз немесе ТМД елдерінің арасында көшіқон туралы заң қабылдаған жалғыз қазақстан екен. Міне сондқтан да біздің заңымызды Ресейдегі ағайындар да, Беларусь, Қырғыз ағайындар да қолдап-қуаттап модульдік заң ретінде ұсыныс берді.

Рас, бәрі де оңай болмады. Залда қаншама ұлттың өкілдері болса да үш ақ адамның қалыс қалуымен басқа адамдардың қолдауымен заң қабылданды. Мен үшін бұл ең қымбат, аяулы күндер. 1997 жылдың 8-13 желтоқсан аралығы. Сол жылым түгелдей қаңтардан астап желтоқсанға дейін көшіқон мәселесімен өтті. Сондықтан да сол жылы шағар бүкіл қазақстандық баспасөз «Жыл адамы» деген атақ берді маған. Мәжіліс депутаты-саясаткер ретінде. Сондықтан да бұл күндерді ұмыту мүмкін емес. Бұл халықтың жадында, халықтың жүрегінде сақталатын күндердің бірі. Көшіқон саясаты қай кезеңде де  дұрыс бағытта жүре берсе екен, дәл қазір ақсап тұрған жерлері бар кішкене бірақ оның орнығып, толығып жүре келе сол көші түзелер деген ойдамыз. Қазіргі депутаттарға ол аманат деп білемін.

– Алматыдан ең алғаш Астанаға қоныс аударған кезіңіздегі ерекше есіңізде қалған оқиға туралы айтып бере аласыз ба?

Әр арман асқақ ерек қой.

Адалдық  асыл жолдасың

Адам боп өту керек қой,

Адамның ұлы болғасын!  Шынында адамның өзі намыстан, жүрегі жақсылықтан, ізгіліктен тұратын болса ғана ол адам!  Өз еліңнің адал ұлы болғанға не жетсін?! Астанаға ең алғаш көшіп келген кезде бәрі рет-ретімен орнай қалып, бәрі керемет қалпында қалыптаса салды деп айта салуға болмайды. Алғашқы рет осында келген кезімізде бізді қарсы алған боранды әлі күнге дейін ұмыту мүмкін емес. Даланың суықтығы жан дүниемізге қатты әсер етті, әсер еткені сонша, біз біраз уақыттан кейін шынайы іссапрға ғана келіп, сол іссапар біткеннен кейін қайта кететіндей әсерде болдық. Боран ұрып тұрды, суық . Ол кезде парламент дептутатымын. Мұнда келсек Парламент әлі дайын емес, құрылысы аяқталмаған. «Турист» деген қонақ үйге орналастық. Сыртқа шықсаң ызыңдаған қатты боран. Бірақ, дала қатты суық болғанымен ішкі жүрегімізде бір жылылық болды. Ол не жылылық, ол тәуелсіздіктің жылуы еді. Тәуелсіз елдің перзенттері болғандықтын, бекерден бекер Астанаға ауыстырылып жатқан жоқ қой, оның тереңіне мән беретіндей азаматта ойлылық , тереңдік мән мағанасы бар көш болатын бұл. Елбасының терең саясатын түсінуге тырыстық. Соны түсінуге тырысқан депутаттардың бірі болуға тырыстық. Келгеннен кейін елбасы жиналыс жасап, Ақмола-Қазақстанның Астанасы деп жариялап арнайы жиналыс өткізді. Сол жиналыстың әсері бар, одан кейін келген кезде де көптеген адамдардың неге екенін білмеймін қабағы қатулы болды. Бәлкім аясздың әсері, жоқ әлде бұрыңғы кеңестік дәуірдің әсері ме.?…

Әлі есімде, облыстық жасмтар комитетінен бізді бір жас қыз қарсы алып, «Турист» қонақ үйіне орналастырып жатты. Лифтімен көтеріліп келе жатқанымызда Төлеген Қауныш деген мәжіліс депутаты сұрақ қойды. – Қарындас, атыңыз кім? – деп. Ол өзі қабағы қарс айрылып тұрған адамнан бірнәрсені білгісі келгендей ниет жасады. Сөйтіп еді, қарындасымыз: Этого знать не обизательно! деді.   Мен сонда қарап тұра алмай былай деп жауап қатқаным есімде: – Қазақ тілін білесіз бе? Деген сұрақ қойдым. Ол үндемеді. Сол үндемегеннің арғы жағында білмейтіндігі сезіліп тұрды, но теперь это обизательно! деп айтқаным есімде. Сол кезде қазақ тілінің мәселесі бұл жерде тіпті сын көтермейтін жағдайда еді. Қонақүйге орналасқан кезімізде түгел дей газет-журналдардың барлығы Ресейдікі еді. Бірде-бір қазақстанның басылымы жоқ. Тәуелсіз елміз деп мәз болып жүрсек те бірде-бір қазақ газетін кездестіре алмадық. Бұл да біздің намысымызға қатты әсер етті. Сосын почтаға, оның басшыларына хабарласып, «Егемен Қазақстан», «Жас алаш», «Ана тілін», «Қазақ әдебиетін», «Қазақ елін» алдыртқанымызға біз мәз-мәйрам болдық. Соның өзі санаулы болып, тез ақ таусылып кететін. Осы уақытқа дейін арнайы жерлерде қазақ басылымдарының сатылмағандығына мен таң қалдым. Басқаша саясатпен, басқаша тірлікпен өмір сүрген. Әлі күнге дейін әуежайда болған оқиға көз алдымда. Әуежай қызметкерлерінің киінген формасының түймелерінде Ресейдің жазуы, белгісі тұратын. Шынында орысшалау, Ресейдің бағытына берілген, соған бейімделген салқын көзқарастағы, кеңестің саясатымен  Ақмола қарсы алды бізді! Елбасының жарлығы, Парламент, Үкіметтің осында көшіп келуі көптеген тоң боп қатып қалған мұздарды ерітіп, бір жылылыққа, әдеби күншуаққа  бөлегендей болды. Ал, содан кейінгі жылдарда қандай күш әсер еткенін білмеймін, күн де жыли бастады. Міне, алғашқы кездңдарді ешуақытта, ешқашан ұмыту мүмкін емес. Ол күндердің белесі өмірімізде дәл осылай қалыптасқан болатын.

–         Біздің газетімізге айтар тілегіңіз….

–         «Шалқар-2» басылымының жарық көріп қайта шығып жатқандығына шынымды айтсам қуанып отырмын. Себебі, бұл газет мен үшін ыстық. Бір кездерде, жастау шағымда бұл газетке де мақалалар берген кезім бар. Ауылдың егде тартқан ақсақалраы үшін бір кезде бұл басылым қасқалдақтың қанындай қасиетті болды десем артық айтпаймын. Содан кейін газет біраз уақыт көзден ғайып болған еді… Мен ойлаймын басылымдарыңыздың бір кездегі оқырманының басылымға деген ықыласы әлі де солай болуы керек, басылым өз құндылығын жоғалтқан жоқ деп білем.Алдымызда келе жатқан үлкен мереке наурыз құтты болсын! Тұғырлы тәуелсіздігіміздің жиырма жылында қаламдарыңыз ақ қағаз бетінде жүйтки берсін! Баршаңызға шығармашылық табыс тілеймін, ұлы мерекелеріміз құтты болсын!

18 маусым 2001 жылы  күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астанаға әкелінді.

 imgpreview (2)

Мырзатай Жолдасбеков

Бағзы замандардан халқымыз, біздің бабаларымыз жасап ұрпаққа аманат етіп қалдырып кеткен асыл мұра ол Құлтегін ескерткіші. «Түрік қағанаты» заманынан, Тоныкөк, Білге хан ескерткіштері. Күлтегін ескерткішін Жапонияға аумаған көшірмесін жасатып, «Осака» дейтін қаладан 2000 жылы алдырды. Бұл менің өмір бойғы зерттеп жүрген асыл мұраларым, ең қымбатым менің. Жақыным. Мұны аударған адаммын, жаңашалаған адаммын қазақшаға.Құдайға тәуба соның арқасында кейін Күлтегін де Тоныкөк те басқа емес тек қазақтың бабалары деп халықтың санасына енді. Сонда мен айтайын ескерткіштің көшірмесі самалетке сыймай Осакадан Токиоға, Токиодан Сеулге ұшты самолетпен. Ол кезде Сеул мен Қазақстанның арасында үлкен бір Самолет ұшатын. Сол самолетке салып, біздің Алматыға келді. Алматы мен астананың ортасында ондай үлкен самолет жоқ самолетке сыймай мұны поездға жеке вагонға салдырып, солай жеткізгенбіз Астанаға. Күлтегін келіп, жарықтық шалқасынан шалқақтатып аяғымен кіргіздік. Сол кезде мен жыладым. Ебіл-дебіл, білмеймін неге екенін? Өзімді-өзім ұстай алмадым. О, баба оралдың ба баба отаныңа, асылым ау жеттің ау сен де қанша ғасыр жаттың сен аңсап 13 ғасыр осыны аңсадың сен табан тірейтін жерің осы еді ғой деп көк тіретіп орнына қойдық. Елбасы келіп өзі ашты. Үлкен тарихи оқиға. Біз конференция өткіздік. Иманғали Нұрғалиұлынан айналайын, өзі сол басм болып қасымда жүріп, маған үлкен дем беріп, Түркі өркениентті елі ғажап конференция өткіздік. Түрік кіндігінен тараған асылдарды жинадық ол жерге. Мұстай Кәрімов тірі еді бірақ жете алмады. Аурумын шырағым, деп өз себебін айтып келе алмады. Бәріміз тебірендік сол кезде.

Бір сұмдықты айтайын, Еуразия университетінің бас корпусы салынған жердің асты бір кезде зират болған екен. Түріктер осының астын қазған кезде сұмдық сүйек шығыпты. Сол жерде білетін біреу айтыпты мынау қорым еді, сендер мұсылмансыңдар ғой мынау сүйектердің бәрін бір жерге көміп құран оқытыңдар деп. Оны ешкім жасамаған. Сонан кейін мында адам айтса нанғысыз оқиғалар болды мен келген кезде. Құдай сақтасын, түнде есік ашылады, жабылады шам жанады, сөнеді. Неше түрлі дыбыстар шығып айқайлайды. Мен күзеттің де санын көбейттім осындағы балалар қорыққаннан кейін. Кейбір ыдыстар быт-шыт болып сынад өзінен өзі. Құдайға тәуба Күлтегін келген соң құран оқыттық, құдайы бердік соның бәрі пышақ кескендей тыйылды. Сенесіз бе соған? Бұл құдіретті адам болған, қасиетті. Қазір ел алдыңғы қатарлы елдің қатарындамыз. Бізбен есептесетін болды, елімізді танитын болды, мойындады. Қазір Қазақстанды айтсаң алдымен Назарбаевты айтады. Елбасы Қазақстанның синониміне айналды. Шын солай болса қайтейін? Өтірік ештене артық жазып жатқанымыз жоқ қой. Аллаға мың шүкіршілік етуіміз керек, халқының қамын ойлаған, көшін бастаған азаматқа да тәңір жарылқасын айтуымыз керекпіз. Шүкіршілікті көп айтатын халықпыз ғой, қанағатшылмыз. Заманында әруағыңнан айналайын Зейнолла Қабдолов ағамыз тартыс-талқы көп болып кеткенде Назарбаевқа балама жоқ! деп   жар салғаны бәріміздің есімізде. Болад, шығады алтын құрсақ аман болса, қазақтың аналары туады перзентті мұндай. Бірақ оның да заманы келу керек шығар деймін. Нұрекең дәл қазір Қазақстанның көшін жақсы бастап келе жатыр. Көш көлікті, баянды болсын! Дейміз.

Мен осы кісінің жанында көптен келе жатқан адаммын. Қасында жүрген әр сапары бір университет. Үлкен мектеп.  1992 жылы күзде Түрік мемлекеттерінің алғаш саммитіне бардым Анкарада өткен. Осы кісінің тарпсырмасымен Түркістанда қазақ-түрік халықаралық университетін құру туралы келісім-шартқа қол қойдым. Түркияның тарапынан Хикмет Шетин дейтін Түркияның сол кездегі сыртқы істер министері қол қойды. Дәл қазір осы университет үлкен салауатты университетке айналды. Одан шыға сала Иранға кеттік. Иранда бірінші рет болуым менің. Барлық қазақтар сол жерде жиналып, бір мейманхананы алыпты сол Ирандардың қазақтары. Не істейміз мынаны? Деген ойға келдік. Сосын Елбасы маған тапсырма берді. Сен менің атымнан қандастарымызбен кездесіп, сол жиынды ұйымдастырсаң деді. Мен кездестім ғой. Құдай сақтасын, Ауғанда болып, содан қашып шыққан қазақтарды көрдім, бет аузын опырып оқ жұлып кеткен. Неше түрлі қиямет қайымды басынан қиындықты өткерген. Солармен кездестім. Иран үкіметі бұлар не істейді, не айтады деп қадағалап, қасымызда өздері болды. Президентпен келісіп алдым, ол кісі айтты, Иранның Президентімен келісіп жатырмын менің атымнан сәлем айт, көшем деген елді көшіреміз деді. Иранның Президенті Әлиакпар Хашеми Рафсанжани  айтты: – Бұл жерге келді, олар біздің адамымыз. Ешкім оларға қиянат жасамайды, ал тарихи Отаныма қайтамын десе, жол ашық кедергі болмаймыз!-деді. Ақылды кісі еді. Сол жерде шәй ішіп отырғанымызда қайтардың алдында. Осы жерде елшілік ашамын, қасысың келесің елші болып? Деді ғой Елбасы? 1992 жылы. Жазған басым мен қайдан білейін? 1993 жылы дәл сол жерге елші болып мен бардым. Онда үкіметтің орынбасары едім. Сөйтіп, елшілік аштық. Иранның төрінен үй алдық. Сол Ирандағы қазақтарды шақырдым елшілікті ашатын кезде. Шіркін ай десейші, жасым 87 де деп еді үш автобус жібердім Иранның Каспий жағында жағалауда Горган, Кунбет, Бандер Түркмен дейтін қалаларда тұрады қазақтар. Үш автобуспен жетті. Соынң ішінде жасы 87 жастағы Нұрымшақ деген кісі болып ед қария. Сақалы селеу, сөзге шешен адам. Мырзатай шырақ! деді. Нұрсұлтан екеуің Тегеранның төрінен үй тіктіңдер, төбесіне ту тіктіңдер сөйтіп Ирандағы өлген қазақты тірілттіңдер! Екі дүниеде ризамын шырағым деді. Өте ірі сөйлейтін кісі екен. Жасым 87 де елші шақырып жатыр деген соң қуанышым қойныма сыймай ауырып турсам да жеттім. Шақырған сайын келе береді деп ойлама, біздің тұрып жатқан жерімізге сен кел! деді. Наурызда бүкіл елшілікті алып тойға бардым сонда. Сондағы қуанғанын көрсең қазақтардың! Иранда 2 миллион түркімен бар, бәрі сол жерлерде отырады. Қазақтармен бірге араласып тұрады екен. Бір-бірімен тату. Сол жерде Түркменнің қариялары бар екен. Солар: Ей, Нұрымшақ! деді. – сен бақыттысың ғой. Сендер жалпы бақытты қазақсыңдар! Менің елшімнің бұл жерге келгеніне екі жыл болған. Сенің елшің келе салып Иранға сендерді іздеп шауып келді ғой. Сенің іздейтінің бар екен ғой, сен өлмейді екенсің ғой,-деді. Көзімнен жас шығып кете жаздады. Сол жолы көп сырластық. Үйдегі жеңгең кіші жүздің қызы ғой, олардың бәрі кіші жүз, адайлар мені күйеубала-жездесініп, жас қыздардың бәрін қасыма отырғызып қояды. Мына балдыздарың қасыңа отырсын деп. Жағамды ұстадым, қанша сыртта жүрсе де мыналар бағзы салттарымыздың қаймаған бұзбаған екен ғой деп. Неше түрлі әңгіме болды. Нұрымшақ айтты: – Мырзатай, көрмеген қоқайымыз жоқ, бірақ Иран үкіметіне рахмет, осылардың қолтығына сыйдық біз, жалғасып кеттік. Елімізден қудаланып, амалсыз кеттік, қимай, жалтақ-жалтақ қарап, сонда осы жерге келгенде 4 жылға дейін келіндер бала көтермеді. Ой, сорлаған екенбіз ғой, құрыдық, жоғалдық дедік. Сөйтсек жерсінбеген екен, 4 жылдан кейін ғана қайта бала көтере бастады. Сол кездегі қуанышымызды көрсең, есіміз шықты деді. Енді қазір жағдайымыз жаман емес, бірақ арманым елге жетіп бір уыс топырақ бұйырса екен деймін деген.  Тап осы жерден астыма ат берсе көкейімде сайрап тұр, төтесінен тартсам, кіндік қаным тамған жерге мен Маңғыстауға үш күнде жетер едім деді. Жарықтық, ол арманына жете алмады. Келесі жылы 88 жасында қайтыс болды, иманды болғыр. Өз еліңде туған да, өз еліңде тұрған да, өз еліңде өлген де үлкен бақыт! Екен ғой! Менің шамамда туған жерге жете алмай өлген қазақтың мүрдеде де сүйегі қызып жататын болуы керек деді. Мен осының бәрін Ираннан келгеннен кейін «Егемен Қазақстан» газетінде 1 бет мақала бердім. «Қазақтар қаңбақ емес көше берер»  деген атпен. Елші болдық, оны да көрдік, жаман болғынымыз жоқ. Атамыз, бабамыз елші болған жоқ, өзіміз елші болдық, үкіметтің мүшесі болдым. Ел басқарған адамның бірі болдық, енді бақытты емеспін деп қалай айтарсың? Аллаға тәуба. Балалы-шағалы болдық, арғы Кеңестік заманның да жақсылығын көрдік. Аллаға мың тәуба!

Тәуелсіздікті бәріміз бірге керегесін керіп, уығын шаншыдық, шаңырағын көтердік, үзігін жаптық, түңдігін аштық.

Қазір немерелі атамыз. Шөберелі болдым! Қазір екі шөберем бар, атын өзім қойдым. Үлкенінің аты Әлихан кішісінің аты Елхан. Елхан түрік қағанаты заманында үш ғасыр бойы үш ақ ханға Елхан деген атақ берген. Құдайқаласа енді менің де Елханым келешекте ел басқарсын деп ырымдап қойдым. Мен күнделік жазатын едім. Сол  күнделігіме жазғаным бар екен былай деп:

–         Жұрт немере тәтті дейді, рес шынында да немере тәтті бірақ ол шөбере сүймегендердің сөзі,шөбере одан да тәтті. Біз қазір Әлиханның алдында бүкіл әулет болып төрт аяқтаймыз, деппін. Сондықтан менің әңгімемді оқып отырған барша қазақ бауырларыма шөбере сүйіңдер, жұптарыңмен бірге қартайып бақытты болыңдар! деймін.  Аллаһ басымызға қондырып отырғани бақытты ұшырып алмайық, абайлаңдар!

–         Кезінде жарықтық Дінмұхаммед Қонаев та осындай жақсы сөздері болатын еді. Қазақ айтатындай ақырын жүріп анық бас, деген сияқты. Шешен халықпыз ғой, кейде артық сөйлеп кетеміз, бәрін өлшеп орнымен сөйлеп, екшеп айту керек деп ойлаймын. Жақсы заманға келдік. Енді қазақтың басынан бақ таймасын деп тілеймін!

Біз кешегіні ғана көрдік қой. Қазақтың анық 2 жарым мың жыл тарихы бар. Қазақ аспаннан түскен жоқ. Қазақтың 2 жарым мың жыл тарихында дәл бүгінгідей бақытты ұрпақ болған жоқ. Сол бақытты бағалай біліңдер деймін жас ұрпаққа. Біреу артық айтады, біреуі кем айтады, мен өзім ойлаймын қазақтың намысшыл, ұлтының қасиетін білетін, өзінің туған жерін ардақтай алатын, елін қызғыштай қорғайтын қазақтың өте білімді, талантты жаңа ұрпағы өсіп келе жатыр деп ойлаймын. Қазақстан келешек солардікі! Жайнап тұрған Астана да солардың қаласы. Мемлекет сендердің мемлекеттерің жастар! Ел сендердікі. Енді бірте-бірте, бір көш екінші көшті алмастырады дегендей, ата-бабаларымыз өлмесе қайда кетті? Ұрпақ алмасады. Ендігі жауапкершілік осы жас ұрпақтың қолына тиіп жатыр. Біздің жаскезімізден қазіргі жастардың өмірі әлдеқайда басқаша. Біз ешқайда шыққанымыз жоқ. Бір төбеден қыр асқанымыз жоқ. Қазір шетел еысп жақсы мен жаманды көріп жатыр, екшеп отыр, талай тілді біліп меңгеріп жатыр. Көргені, сезгені көп. Өзге елмен терезесі тең тұрып сөйлесіп жатыр. алла осы жастарға өмір беріп, ынтымағын бекітіп, біріктірсін, тілсіз ұлт болмайды, ол ұлттың жаны. Енкуін бөлуге болмайды, тілін қадірлеп, аяласын! 2020 жылы бүкіл мектепті бітірген бала қазақ тілін толық меңгеріп шығатын болады. Кейін нәсіліне қарамай, Президент болатындардың бәрін алып, шарт бойынша ол Қазақстанда туылуы керек, соңғы он бес жыл тұру керек, жасы 40 қа толуы керек және қазақ тілін білу керек. Міндетті түрде! Менің қаупім бар. Біздің балалар бұл өз тілім ғой деп, тілге немқұрайлылықпен қарап, өзге ұлттың балалары осы тілді жетік меңгеріп алып, ертеңгі күні Президент басқа ұлттан сайланып жүрмесін. Тізгінді бермеу керек. Ел, жер сенікі! Ата бабаның қаны, тері тамған жер бұл. Бүкіл азапты осы жерден көрген, Соның бақытын осы ұрпағым көрсін деп жасап отыр ғой. Сол бақытқа кенелсін ұрпақ. Білім жетеді қазақта.

Өз басым ауылда өстім, ауылда қазақ мектебін бітірдім, Алматыға келіп маңдайымызға іткен жалғыз университет ҚазМудің филология факультетін бітірдім. «Қазақ тілі-әдебиеті» пәнінің мұғалімі деген мамандық алдым. Жұрт сияқты бәленбай университет бітіргем жоқ. Қазіргі балалардың қарасаң қолында 5-6 дан дипломы бар. Оның бәрінің не қажеті бар, саны бар сапасы жоқ. Қазіргі заман білімді жастардың заманы. Ең бастысы білім алу тағы да білім алу. Жастарға Алла сана беріп, ұлтын сүйгізсін.

Біз өзі жылқы мінез халықпыз, бірдеңе болса қоғадай жапырыла саламыз. Сенгіш, өте иланғышпыз. Кеңес дәуірінде бәріміз бір сәтте атейст болып шықтық. Енді қарасаң бәрі мұсылман. Исламның өзі 90 тарау болып келіп жатыр қазаққа бұл не деген сұмдық? Неше түрлі ағымдар. Ислам ол саясат емес, қолға ұстап жүретін жалау емес, Ислам-жүректе тұратын қасиет. Исламды саясатқа айналдырып, әлекке салма. Дін ұстай алсаң қасиетің – ұстай алмасаң қасіретің… Дінді өз деңгейінде ұстай алмай қасірет шегіп жүрген елдер аз емес жер бетінде. Біздің дініміз Ислам, мұсылманбыз Иншаллаһ! Бірақ, ата-салтымыздан таймауымыз керек. Біздің ата-бабаларымыз осы дінді ұстанған кезінде. Одан бұрын да болды бізде Тәңір діні дейтін мөп-мөлдір таза дін болған. Бірақ не болғанда да біз негізгі тамырымыз ата-салтымыздан таймауымыз керек. Қазір қарасаңыз күллі жерде қаптаған қажылар. Қай құдай оларға сен қажысың! Деп қолына құжат беріпті? Оның үстіне қажылық деген ұшақпен барып келуі қажылық емес. Табаныңнан таусылып, өз маңдай тер еңбегіңмен жиған-тергеніңмен барып, азап шегіп, соның жолында өтеуің керек. Сонан кейін қажыға барғаннан кейін осы орындаған бас парызыңның бірін қабылдады ма жоқ па ол Алланың қолында ғой. Оны Алла біледі. Меккеге үшып барып келе салып мен пәлен қажы, түген қажымын дегенге таң қаламын. Ол Алланың жолына да исламның жолына да жат нәрсе. Ислам әр кісінің санасында. Ең алдымен Ислам жүректе сақталуы керек. Мен соңымыздан ерген жастарға осыны айтар едім.

2011 жыл.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑