banner-top12

Ақпараттар ағымы балалар куни 179

Қосқан уақыты Қыркүйек 6, 2017 | 300 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Тағлым мен тағзым» атты кездесу өтті

балалар куни 342 балалар куни 332 балалар куни 324 балалар куни 312 балалар куни 259 балалар куни 201 балалар куни 179 балалар куни 104 балалар куни 099 балалар куни 076 балалар куни 049 балалар куни 040 балалар куни 024 балалар куни 007 балалар куни 373

Халықаралық «Жанашыр» қоры Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі» тақырыбындағы жоба аясында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына орай Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан қоғам қайраткерлерімен және зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен студенттер мен жастар арасында  «Тағлым мен тағзым» атты кездесулер өткізуде.

Сондай бір кездесу 5 қыркүйек күні  Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан қоғам қайраткерлерімен және зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің Экономикалық колледжінде өтті.

Жастармен кездесуге Жазушы, мәдени мұралардың жоқтаушысы, ұлттық құндылықтарды қорғау жөніндегі көптеген мақалалардың авторы Назрахмет Қали, Желтоқсан қозғалысының қаһарманы, Шора Қарабаев, Білім беру ісінің үздігі, қазақтың қолөнері тақырыбындағы кітаптардың авторы, этнограф Шәмшия Әбдуәлиева, қоғам қайраткері Мұрат Сейітасқаровтар келді.

Зиялы қауы өкілдері жастарға Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласында көрініс тапқан  Қазақстанның басты рухани құндылықтары жайлы сөз қозғады. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы дей келе, жастарды да Елбасының ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасынан тыс қалмай, өз үлестерін қосуға шықырды. Мемлекет басшысының ХХІ ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың феноменінің іргетасы – жастар екенін ескертті. Жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарына тоқталып, жастарға тәптіштеп түсіндірді.

Аға буынның Ұрпақтар сабақтастығын қолдауға және жастарды патриоттылыққа тәрбиелеуге бағытталған қызықты да тартымды әңгімесін колледж жастары зейін қоя тыңдап, мол мағлұмат алды.

Гүлмарал Ерсұлтанқызы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑