banner-top12

Айтарым бар 1358100204

Қосқан уақыты Қаңтар 16, 2012 | 796 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

1

Тағы да “ЖАС ҚАЛАМ” әні туралы

 

Бір күні телеарнадан “Сағыныш” атты концертті көріп қатты толқыдым. Мүмкін жалғыздық жанымды жабырқатқандықтан болар ағыл-тегіл тебірене отырып көрдім. Амал не, нақ біздер айтып жүрген әнді “Жас қалам” деп ат қойып орындағанда арқам қозып, отыра алмадым. Сондай үлкен атағы зор, ақыны мол елде де осындай үлкен ағаттыққа жол беретініне қайранмын. Әннің мәтінін мүлде мән-мағынасыз жойып жіберген, тек адамдар әннің әуеніне ғана елітіп тербеле қосылып отыр. Егер Алматыда болсам, дереу сол жердің өзінде барып айтар едім. Сонда осы Қорабай дейтін екі адам болғаны ма, жоқ әлде бір адам ба? Егер екі басқа адам болса, онда дауым жоқ. Мүмкін Қорабай дейтіннің әнін біз Төлеубектердің жеткізуімен естіп, бұл ән Төлеубектікі деп малданып жүрген шығармыз. Ол кезде Совет Қазақстаны десе ішкен асымызды жерге қойып, беріле табынып жүргенде, ол жақтан жеткен дыбыстар біз үшін бағалы, біз үшін тұмар еді.
Орындаушы да, ән жазушы да Қорабай болғанда, онда қисыны аздау. Ол кезде бұл Қорабай өлең жаза қоярдай кезі емес шығар? Тіпті ән өзінікі болмаған күнде де, мәтіні дұрыс болуы керек ғой. Ол үшін осы концертті жүргізушілерге өткенде өздеріңіз газетке берген мақаланы, егер менің мақалам басылған болса соны әнімен жазып жіберген қаламгердің толық мәтін нұсқасын көрсетіп, түсіндірер ме екенсіздер.

Рысалды ТӨКЕЕВА,
Белгия.




One Response to Тағы да “ЖАС ҚАЛАМ” әні туралы

  1. гульниса says:

    Рысалды апай, өлеңді алғаш 64жылдары Қорабай орындапты қытайдан келген қазақ қызы жазыпты деді “Таңшолпаннан” Мен сізбен мектепте бірге жұмыс істеп едік 8 702 500 60 94

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑