banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_3829

Қосқан уақыты Мамыр 15, 2019 | 95 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Таланттарды таныту» шарасы өтті

 

Алматы қаласы, №146мектеп-лицейде «Таланттарды таныту» шарасы өтті. Шара мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаттарын, оның жаңа мазмұнын және Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамаларын ілгерілету бойынша жүйелі ақпараттық-түсіндіру және ағарту жұмыстарын қалыптастыруды, қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, философиясы, әдебиеті, өнері, тұрмысы мен ой-санасы туралы неғұрлым толық білім алу жүйесін және бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыруды көздейді.

Кеш қейіпкері – Т.Жүргенов  атындағы  Өнер академиясының студенті, Рамазан Стамғазиевтің шәкірті,  Арқа ән  мектебінің түлегі, Әсет Найманбаев атындағы байқаудың қола жүлдегері, Әміре Қашаубаев атындағы байқаудың қола жүлдегері, Ж.Елебеков атындағы байқаудың күміс жүлдегері, М.Егінбаев атындағы байқаудың жеңімпазы, кіші олимпиаданың жеңімпазы Мұратхан Диас. Кеш  қонағы сұхбат беріп, өз өнерімен жастарды тәнті етті. Кездесуге мектеп ұстаздары мен  оқушылары қатысты. Кеш  қонағы  қатысушылармен пікірталас жүргізіп, сұхбаттасты. Кеш соңында Диас Мұратханға алғыс хат, сыйлық табысталды.

Шараға  профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы, ғалым Асылы Әлиқызы Осман, «Халифа Алтай» қорының төрағасы, дінтанушы Қәбден Алтайұлы, ақын, «Отандас ел» ҚБ төрағасы Мұқан Мамытхан, № 146 мектеп директоры Н. Нуридинов Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті  Жаңыл Амантайқызы Әпетова, ақын, қоғам қайраткері Ләззат Игісін қонақ ретінде қатысты.

Осылайша, жас талант кеш қатысушыларын әсем әнімен сусындатты.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑