Талғар тұрғындарына «Қазақтану» лекторийі өткізілді - Шалқар газеті
banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 4 июля, 2019 | қосқан shalqar | 250 рет оқылды

0

Талғар тұрғындарына «Қазақтану» лекторийі өткізілді

IMG_5772 IMG_5740IMG_5764IMG_5699

Лекторий барысында Салт-дәстүр академиясының академигі, тарих ғылымдарының кандидаты, этнограф-тарихшы Досымбек Қатран, өнер зерттеушісі, күйші-домбырашы Әбіш Әділбекұлы және «Славян мәдени орталығының жетекшісі, «Лидер» жастар оқу орталығының жетекшісі Третьяк Жанна Сергеевна  «Қазақтану» тақырыбында баяндама жасады.

Шараға Талғар ауданының мәслихат депутаты, ақын Әбдіғани Бәзілхан, Талғар аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Бегембаева Фарида Мамырбекқызы,  Талғар қаласының Орталық кітапхана директоры Махамбет Қармысов, Талғар аудандық мәдениет үйінің директоры Берік Шағаев, «Қызылқайрат» ауылдық мәдениет үйінің директоры Кеңес Қосайұлы Баймуханов, жазушы, этнограф-зерттеуші Баяхмет Жұмабайұлы, Салт-дәстүр академиясының академигі, этнограф Болат Бопайұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы,  дәстүрлі әнші Қостыбай Қажыби, аудандық аналар кеңесінің төрайымы М.Сихымбаева, «Қоғамдық келісім» кеңесінің басшысы Ж.Бұтабаева, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Р.Байшықова және «Жасыл ел» жастар үйымының мүшелері  қатысты.

Шаралар  Қазақстан Республикасы  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты негізіндегі «Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету» тақырыбындағы жоба аясында өтті.

 




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑