banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_5806

Қосқан уақыты Шілде 5, 2019 | 125 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Талғарда өткен «Цифрлан! Трендте бол!» акциясы

        Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсырысы негізінде Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі жоба аясында Алматы облысы, Талғар ауданында өткен  «Цифрлық Қазақстан –болашаққа бағдар!» айдарымен «Цифрлан! Трендте бол!» акциясы өтті.

Электрондық қызметтерді арттыра отырып, азаматтарды онлайн Мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларына үйрету және жалпы сандық сауаттылықты арттыру бойынша іс-шаралардың бірі – алматы облысының Талғар ауданында өтті.

Аудан тұрғындары арасында «Цифрлан! Трендте бол!» акциясы өткізіліп, смартфон арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үйрететілді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта телеграм-бот (@EgovKzBot) арқылы мемлекеттік қызметтердің 25 түрі қолжетімді. Бұл мекенжай анықтамаларын, зейнетақы аударымдары туралы анықтамаларды, психо және наркодиспансерден анықтамаларды, сондай-ақ кезекті онлайн брондау, дәрігерді үйге шақыру және т. б. анықтамаларды алуға болады.

Мобильді mGov.kz қосымша арқылы білім беру, отбасы, жылжымайтын мүлік, денсаулық сақтау және т. б. сала бойынша тоқсан мемлекеттік қызмет қолжетімді. Статистикаға сәйкес, 2018 жылы қосымша mGov.kz 1,3 млн. рет жүктелді,оның көмегімен 3,6 млн. қызмет алынды.

Бүгінгі күні 742 мемлекеттік қызметінің 532-і, яғни 71% – ы электрондық форматта қолжетімді.Жыл сайын электрондық жолмен көрсетілетін қызметтер саны ұлғаятыны анық. 2020 жылға қарай электрондық тәсілмен ұсынылатын қызметтердің үлесі 90% – ды құрауы тиіс.

Сонымен қатар, Алматы энергетика және байланыс университетінің студенті Бектұрганова Әйгерімнің «Разработка ботов в Telegram на языке Python» атты инновациялық еңбегі таныстырылды.

Шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсырысы негізінде Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі жоба аясында өткізілді.

Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑