banner-top12

Руханият 949840_1411536916

Қосқан уақыты Қараша 8, 2017 | 367 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Тарихи орындар мен ескерткіштердің жаһанданудағы рөлі

(Мақала Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы негізіндегі Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының  «Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі» тақырыбындағы жобасы бойынша жазылған.)

Мамаева Жантолы Мұқтарқызы

 педагогика ғылымының магистрі, «Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі» КМҚК

 

Еліміз ұлттық руханиятымыздан нәр алып, өткен тарихымыз бен бүгінімізді, жарқын болашағымызды үйлестіріп, ұлттық танымымыз бен санамыз өркендесе, болашаққа басар қадамымыз сеніммен айқын болары сөзсіз.

Қоғамнан қалыспай, ғасырлық жаһанданумен қатар ілгерілеу бәсекеге қабілеттілігі маңызды. «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім», «Цифрлы Қазақстан» сынды бағдарламалар ұрпағымыздың ғасыр талаптарын игерудегі жаһанданудың  көрінісі болып табылады.

Ұлттық мәдениеттілігімізді, тілімізді, дәстүрімізді, байлығымызды, тарихымызды көзіміздің қарашығындай сақтап, қастерлесек, ұлттық бірегейлігіміз бен бірлігіміздің асқақтары сөзсіз.

Бүгінгі жастардың білімі мен санасының ашықтығы, еліміздің дамуында орны басым болмақ. Қосар үлес салмағының көрінісі айқын.

Мен өз елімнің, өз қатарымның жастары мен азаматтарына сеніммен қараймын!

Өткен тарихымыздың естеліктері, мағлұматтары, сол уақытта зерттелген құндылықтар шыңырау шегіне жетпесе де, тарихымыздың тереңде екенін дәлелдейтін аса құнды деректер мен сол заманның қайталбас куәгерлері болып табылады. Осындай зерттеудің бірі археология ұнатушылардың Түркістан үйірмесін ашуы мен В.В.Бартольдтің Талас пен Шу аңғарларындағы ортағасырлық қалаларға зерттеу жұмыстарын жүргізуі болып табылады.

Талас аудандарындағы Ұлы Жібек жолындағы сауда саласында маңызды болған қала Тараз қаласы жайлы көптеген деректер жазылған. VII ғасырдағы қытайлық саяхатшы Сюань-Цзянь, үш ғасырдан соң ибн-Хаукал, әл-Макдиси қаланың құрылысы мен орналасуын суреттеп жазған болатын, алайда, нақты орны дәл көрсетілмегендіктен археологтарға қазба жұмыстарын жүргізуде қиындықтар туындады. Қаланы әр жерлерден іздестірді. Ал академик Василий Владимирович Бартольд әл-Максидің жазбаларына сілтеме жасап, археологтар М.Е.Массон, А.Н.Бернштам, Г.И.Пацевич бұл болжамды  зерттеу нәтижесинде дәледеді.

Шу мен Талас аңғарларындағы Төрткүл, Жувикат қалашықтары, Жікіл (Шігіл) шаһары, Атлах қаласы, Дех Нуджекет, Адахкен қалашықтары, Шелжі, Сус, Көл, Текабкет, Қостөбе, Шөлтөбе, Қаратөрткүлтөбе, Қоңыртөбе, Жантөбе, Бектөбе, Өрнек, Оққұм, Құлан және Мирки, Ақыртаста жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында зерттелді.

20-жылдары Ташкент қаласында Түркістан (кейін Орта Азиялық) мұражай мен ескерткіштерді қорғау, зерттеу, өнер және табиғат мұраларын қорғау комитеті құрылды.

Комитеттің негізгі мақсаты Орта Азия және Қазақстанда археологиялық картаны құрастыру болды.

Кейінірек 30-жылдары бұл жұмыстарды кейбір республикалардың өлкетану ұйымдары мен мұражайлары жүргізді. Қазақстан Республикасында өлкетану қоғамы мен мәдени ескерткіштерді қорғау комитеті жүргізілді.

Кеңес Одағының әр түкпірінде археологиялық зерттеулер жүргізулерінің арқасында үлкен материалдар жинақталып, ғылыми дәлелделінген археологиялық карталар құрылды. Бұл кішігірім территорияларда ғана емес, бүкіл Одақтық республикалар дәрежесінде дамыды.

ХІХ ғасырдың 90-жылдарының соңында ескі мұраларды зерттеу,  өлкетанушылар мен археологияға қызығушылардың арқасында ғылыми қоғамдар пайда болды. Қоғамдар археологиялық мұраларды санаққа алу және зерттеу мақсатында құрылды.

Солтүстік және Батыс Қазақстанда ескерткіштерді зерттеумен Орынбор ғылыми активтік комиссиясы айналысты, ал Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы ескерткіштерді зерттеуде Жетісу-Түркістан археология үйірмесі айналысты.

Шығыс және Солтүстік-шығыс Қазақстанда ескерткіштерді зерттеумен Батыс Сібір орыс географиялық қоғамының бөлімі, 1902 жылдан бастап Семей бөлімшесі айналысты.

А.С.Уваров қоғамының үлгісімен Қазанда, Тифлисте,Ташкентте 1895 жылы археология ұнатушылардың Түркістан үйірмесі құрылды.

Түркістан үйірмесінің құрылуы оның көптеген мүшелерінің алдында үлкен өлкетану және жинақтау жұмысы жүргізілуінің арқасында және ірі шығыстанушы В.В.Бартольдтің Орта Азия (1893-1894 жылдары) сапарында болды. Ол Шу, Іле, Талас өзендерінің жағалауындағы Шымкенттен Жамбылға дейінгі жерлердегі археологиялық ескерткіштерді бақылап, зерттеген. В.Бартольд бұларға тек шолу жасап қоймай, Жетісудағы қираған қалалардың орындарын, тарихи атауларын қайта көтеру,зерттеу мәселесін жүргізді. Осының есебінде ол Таразды Қазақстанның ортағасырдағы ең ірі де қаласының бірі екенін алға қоя отырып,тарихына көп мән аударды.

Түркістан үйірмесінде жоғары әскери әкімшілік өкілдері, әскерлер орта оқу орындарының мұғалімдері және директорлар,барлығы 100 адамдай болды. Ал, шынымен Археологиямен айналысқандардың саны 30-ға жуық. Олар патша әкімшілігі жағынан үнемі бақылау жағдайында ғылым жолында маңызды деректерді жинаған. Олардың алдына қойған мақсаты тек қана Қазақстанның тарихын зерттеу ғана емес, сонымен қатар өлкетану жұмысында өз өлке тарихын зерттеуде көп нәрсе табуға тырысты. Үйірме мәжілісінде көп мәселе-сұрақтар археологиялық ескерткіштермен байланысты (қала және елді мекендердегі қираған зират,  жартастардағы жазулар, мазарлар, эпиграфтық және нумизматикалық материалдар және тағы басқа)аңыздар,діни мәдениет, өтілген қазба жұмыстарының қорытындылары талқыланды. Үйірменің барлық жұмыстарының қорытындылары “мәжілістер мен хаттамаларының”арнайы басылымдарында басылған.

Жетісу экспедициясы Шу аңғарларындағы ескерткіштерді зерттеген.

Негізгі жұмыстары Шу және Ақсу өзендерінің қиылыстарында орналасқан Ақтөбе қаласында жүргізілді. Ескерткіштердің орталық бөлігі 7,5 га жуық орын алады. Оған әр түрлі жиілікте салынған территория жанасады. Ол 2 қатар дуалмен қоршалған қаланың ұзындығы 2-4 км созылған (негізгі алғашқы жайылмадан жоғары бастырма).

Орталық қираған қаладан 1 шақырым жерде оң жағындағы мекен зерттелген, алғашында тұратын бөлігі ортадағы төртбұрышты бөлмеден тұрған (3,3х3,3). Ол 2,8м. ені және ұзындығы 4,5м қоршауы бар ұзын дәлізбен қоршалған. Орта бөлмеге кіру үшін есік оң қабырғаның ортасында орналасқан. Оның ені 1,2м. шығыс-солтүстік және батыс қабырғалар бойы жанынан ұзындығы 0,95 м, ені 0,75 м тұтас биік орын орналасқан.Ол екі сатылы карниз және іргебастырғы, томпақ ішкі кірпіштен құралған. Биік орынның бүйір жақ жазықтары сары бояумен боялған. Шығыс қабырғасында жартылай циркульді қуыс (80х50) 36см тереңдікте орналасқан. Орта залдағы және батыс айналым дәліздегі үйінділерде қызыл және сары түсті әшекейленген сылақ үзінділері табылған. Алғашқы құрылыс комплексінің жұмыс істеу уақыты орта залда салынған VІІ-VІІІ ғасырлардағы ақшадан анықталды.

ІХ-Х ғасырдыңаяғында кешен қайта салынды. Орта зал және айналма дәліз кірпіштен толтырылған (42-40х22-18х10-8 см) биіктігі 1,2м. Қабырғалары сондай сұр кірпіштен толтырылған. Ал іш жағында кейбір жерлері (20см) жұқа қабаттармен бекітілген. Дәліздері пахсы қабырғалармен қоршалған және әрбір қоршауы жеке бөлме болып есептеледі. Залдың оң қабырғасында өтетін жер бар. Бір бөлмеде бір өндірістік комплекс тұр(ерітілген,күйдірілген кірпіш сақталған).Егер алғашқы комплекстің міндеті белгісіз болса,жаңа құрылыстың тұруға арналғанын білеміз.

Екінші қазба жұмыстарының үйінділерінде өтті. Ол көптеген мекендердің жалпы ауысында өтілді. Онда Х-ХІІ ғасырлардағы шарап ашыту қалдықтарын көруге болады. Ол тік бұрышты ()бөлмеде орналасқан.Онда дәліз және бөлме бар, және тік бұрышты күйдірілген кірпіш тәрізді жәшік тәрізді алаң бар. Ол 2,2х1,6, биіктігі 0,3м. Алаң су ағызатын науаны жерге көмілген құммен біріктірілген[12].

В.В.Бартольдтің орасан зор әдеби мұрасы – Жетісуды зерттеуі, соның ішінде Қырғыз ССР-інің территориясын зерттеуі үлкен орын алады, Оның үлкен зерттеулері дәл осы Жетісуда 1893-1894 жылдары алғашқы ғылыми жұмыспен барғанда басталды.

1889 жылы Орхон өзенінде ежелгі түрік  жазуларын тауып, оны сәтті талдауы В.Томсон және В.Радлов жасады. В.Радловтың қолдауымен экспедициядан соң 1890-1891 жылдары орыс археология қоғамы сол сияқты жазуларды іздеу үшін Жетісуға отряд жіберуін ұсынды. Орыс археология қоғамының бір басшылары Н.И.Веселковский С.М.Дудиннен басқа (В.Радловтың кандидатурасымен) Жетісуға шығыс тілдерін білетін,толық өңірді зерттейтін, сонымен қатар жіберілгенэкспедиция археологиялық қазбалар жүргізетін адамды жіберуін ұсынды. Сондай адамға лайық деп, сол кезде Петербург университетінің доценті В.В.Бартольд шақырылды.

Археология мен шығыстанудың дамуын Бартольдтің 1893-1894 жылдары Шымкент-Әулие-ата Мерке – Пішпек – Ыстық-көл – Верный желісімен іссапары үлкен роль атқарады.Оның іссапары тек толық тарихи мәлімет қана емес, осы күнгі археологиялық зерттеулердің бағытын көрсетеді. Ол өзінің іссапары туралы есепте: «1893жылдың мамыры Санкт-Петербург Университетінің шет тілдер факультетінің жолдамасымен Орта Азияға бардым, әсіресе, Шу және Іле аңғарларына көп көңіл бөлуім керек болды» деп мәлімдеген болатын.[1]Ол Шу және Іле аңғарларындағы ескерткіштерді қарап шықты. Оның «Орта Азияға ғылыми мақсатпен баруымның себебі осыған дейін тарихи мәлімет үлгісі болып есептеледі. Көптеген жазбаларға сүйене отырып, Бартольд зерттелген аймақтың топографиялық жағдайын суреттейді,ескерткіштерді археологиялық тұрғыдан болжап анықтайды және оларды белгілі ортағасырдағы қалалармен теңестіреді. 1893жылы Бартольд Талас аңғарының оңтүстік-шығыс бөлігін тексеріп ортағасырдағы Садықорған, Ақтөбе жанындағы Орловка қалаларын көріп шығып, қаланың қамал мен күзет мұнараларының бар екенін анықтады[2].

1894 жылы Бартольд Талас аңғарларының солтүстік-батысын тексере отырып, Шөлтөбе, Түймекент, Оххум, Ақыртас қалаларын тапты. Ол Ақыртаспен байланысты Алаңғасыр батыр туралы аңызды бейнелейді. В.Бартольд 1894 жылдың өзінде көптеген Шу аңғарларындағы үйінділерді көріп шықты және Құлан, Мерке, Шалдавар, Қарабалта, Соқылық Новониколаевск,Ключевск,Төлек,Ашпара, Ақ-Бешім,Шаш-төбе,Бурана қалаларын қысқаша бейнелеп, «есеп» шығарып,жазды.Ол тағы Қайыңды, Краснореченск,Степнинск,Қыр-Жығаш қалаларын атап өтті. Ол ортағасырлардағы Шу және Талас аңғарларына қатысты талдау жасады[3].

1894жылы Бартольд Бурана қаласында болып, оны көріп,мұнараның мұнара екенін дәлелдеп, оның Қараханидтер кезеңінде салынғанын анықтады[4].

Осы және көптеген шығармаларында көрнекті өлкетанушы қала салуға және сәулетті мұраларға көп көңіл бөлді. Ол Ақыртас қалдықтары мен Бурана мұнаралары туралы жазып, Іле аңғары Шудың ұзын қабырғалары топографияларының ерекшеліктерін алға атап көрсетті. В.Бартольд Верный қаласының жанындағы ежелгі қала туралы айтты,онда күйдірілген кірпіштен салынған ескі құрылыс қалдықтарын көргенін жасырмады.

В.В.Бартольд археолог болмаса да, үйінді елді мекендер туралы қысқаша түсінік бере отырып, олардың жоспарларын (және оларды) анық баяндады. Археологиялық материалдар мүлдем қамтылмады.

В.В.Бартольдтің үлкен жетістігі оның алғаш жазба-деректерді және елді-мекен қалдықтарын зерттеуді ғылыми жұмысқа енгізуінде болды.

Оның «Түркістанның археологиялық зерттеулері мәселесіне» мақаласында Шу, Талас аңғарларының керуен жолдары VІІ ғасырларға дейінгі құрылғанын және осы аймақтағы ерте ортағасырдағы қалаларға тоқталды[5]. Ал «Жетісу тарихының очерктері» кітабында қалалары арқылы өтетіні суреттелген, ол Жетісу саясы тарихының ертеден ортағасырдың соңына дейін соғдылардың осы аймақтағы «колонизация» мәселесіне көңіл аударып, толық және жүйелі шолу жасады[6].Оның «Орта Азиядағы (1888жылы) христиан діні туралы» мақаласында, «Моңғол дәуіріне дейінгі Түркістандағы христиан діні туралы (1893)», «Тағы да Орта Азиядағы христиан діні туралы (1895)» мақалаларында жазба деректерге шолу жасап,Орта Азия мен Қазақстанда христиан дінінің таратылуын көрсетті[7].

Орта Азия және Қазақстанда ортағасырдағы археология және шығыстанудың дамуына Бартольдтің «Моңғол басқыншылығы кезеңіндегі Түркістан» (1т) шығармасының маңызы өте зор.

Онда Қазақстан қалаларына көп көңіл бөлінген. В.В.Бартольд Жетісу аудандарындағы көне мұралар топографиялары ерекшеліктерін алғаш байқаған зерттеуші «соғды колонизацияларының» Жетісу қаласының дамуына маңыздылығын көрсетті. Осы қалалардың локализациялануына көп мән бөлді.[8].

Археологиялық материалдар қолданбастан және болмағандықтан,Бартольд Жетісудың егіншілік және мәдениетінің пайда болуын соғдылармен байланыстырып,мәселенің шешімін біршама жеңілдетті. Соған қарамастан осымәселені қоюдыңөзі осы күнге дейін қызығушылықты кемітпейді.

В.В.Бартольд суландыру тарихын және Орта Азия мен Қазақстанда  ауыл шаруашылығын археологиялық негізде зерттеуге көп көмек берді[9].

Бартольдтің ұсынған ескі қалаларды қазіргі заман үйінділерімен теңестіруі Н.Ф.Петровскийдің қарсылығын тудырды. 1894 жылдың «Моңғол шапқыншылығына дейінгі Түркістандағы христиан діні» мақаласы шықты.

«Бурана атты мұнарасы бар Тоқмақ қаласы жанындағы ескі үйінділер деген не?» және «Тоқмақ жанындағы Бурана мұнарасы» Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих – и – рашиди» (ХІV) еңбегінде жазылған Мұнара қаласын ортағасырдағы Бурана қаласымен теңестірді[10].

В.В.Бартольдтің 1893-1894 жылдардағы сапарлары археологияның жандануына әкеп соқтырды. Ташкентте 1895 жылы құрылған археология ұнатушылардың Түркістан үйірмесімен тығыз байланысты[11].

Бартольдтің қолдауымен өткен 1917 жылы революцияға дейінгі шығыстану мамандары археология энтузиязистерімен археология ұнатушылардың Түркістан үйірмесінің мүшелерімен үлкен жұмыс жасады. Ең бастысы мұраларды белгілеу, суреттеу,қазба жұмыстары жақсы жүрді.

ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында Ресей мемлекетінің өзінің экспедиция жүргізген ғалымдарының өзі осы біздің Орта Азия соның ішінде Қазақстан жерінде үлкен мұражайлардың, өркениетті мәдениеттің бар екенін дәлелдеп, тарихи жазбаларды қалдырып кетті. Сол жазбалардың арғы-бергі жағын терең іздестіру ата-бабаларымыздың өмірін білуімізге септігін тигізеді.

Тарих-біздің істеріміздің өткенінің  куәсі, қазіргіміздың үлгісі мен өнегесі, ал болашағымыздың асыл қазынасы екенің ескеріп, 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғыртылды, ал 2013 жылы «Халық-тарих толқылында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең беделді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды  жүйелі түрде жинап, зерттелген еді, 2017 жылы «Болашақ бағдар: рухани жаңғыру» саяси реформасында жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде тарихымызға баса назар аударылуда. Рухани байлығымызды жаңғыртқанымыз ұлы елдің ұлағатты ұрпағы екеніміздің дәлелі.Тәуелсіздік-тарих тұлпарының қос тізгіні. Осы тізгінді тізгіндейтін жас ұрпақ ХХІ ғасырда ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, ұлттық санасы мен бәсекеге қабілеттілігі қалыптасқан, білімді ұрпақ Қазақстанның дамуына елеусіз үлес қосары сөзсіз.

 

Әдебиеттер.

  1. Бартольд В.В.Сочинения.Т.ІҮ-Работы по археологии, нумизматике, эпиграфике и этнографии.-Москва: Наука,1966 г.(стр 111)
  2. Бартольд В.В. Сочинения.Т.ІҮ-Работы по археологии, нумизматике, эпиграфике и этнографии.-Москва: Наука, 1966 г.(стр133-114)
  3. Бартольд В.В. отчет о поездке в Среднюю Азию с научной целью. 1893-1894 г.г./Сочинения.Т.ІҮ-стр.22-25,31-33-35,40-44,48-19,56-57.
  4. Сочинения.Т.ІҮ стр.44.
  5. Сочинения.Т.ІҮ стр.95-109.
  6. Сочинения.Т.ІІ.ч.2., стр.24-166.
  7. Сочинения.Т.ІІ.ч.2., стр.263,302,315-319.
  8. Сочинения.Т.ІІ.ч.2., стр.265-302.
  9. Сочинения.Т.ІІІ.ч.2., стр.97-233.
  10. Н.Ф.Петроский. Еще заметка к статье В.В.Бартольда «О христианстве в Туркестане в до монгольский период»//ЗВОРАО, 1984 г.,Т.8,СТР 534-358; Его же. «Что такое древние развалины близ Токмака с башней известной под названием Бурана»//ТВ –Ташкент, 1894, №25;

Его же. Башня Бурана близ Токмака.//ЗВОРАО, 1894 г. т.8, стр.382-354

  1. Лунин Б.В. «Из истории русского востоковедения и археологии в Туркестане». -Ташкент: Узбекгосиздат, 1958г.
  2. К.Байпақов. «Қазақстанның ежелгі қалалары». -Аруна 2007. б.б.107-157

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑