banner-top12

Оқырман хаты no image

Қосқан уақыты Ақпан 18, 2012 | 678 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Тәуелсіз қарашаңырақ

 

Алаш ұранды қазақ баласы тарих сынынан сүрінбей өтіп, 21- ғасырмен жарысып оза шауып, үздік келеміз. Дүниенің ана шеті мен мына шетінен киелі Отан топырағына жамыраған қозыдай ағылып, айқасқан білектер, тоғысқан жүректер, өткенге салауат, кейінге ғибрат етіп, ұлттың бірлігін, мемлекеттің тыныштығын арқау етіп, өз Отанының ауасымен тыныстап, шәрбатымен сусындап, тәуелсіздіктің қадіріне жетуде қараңғы қапастан шығып, дәуірдің желмаясына мінгендей болған халқымыздың бүгінгі шаттығына шек келтіру мүмкін емес.

Міне, осындай «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» бейбіт күннің шуағына мастанған қазақ баласы, бақытымыздың баянды болуы үшін, ертеңгіні көз алдымызға келтіре отырып, асу бермес асқардан, өткел бермес дариядан өтудің дайындығы жақсы жолға қойылғандығында талас жоқ шығар.

Алаш ұранының қарашаңырағы болған тәуелсіз Қазақстанда, көк байрақтың көлеңкесінде көлбеңдемеген, ел мүддесіне қатысты істерді жөн демеген адам болмаса керек. Жаңа ғасырдың тұсында жасаған жаңа қазақ, өмірдің шыт жаңа бірбелесінен асып, жаңа дәуірге қадам басты. Өмірін сағаттың тілі ұрлап келе жатқанын жаңа түсінген қандастарымыз, тарихтың доңғалағын кейін шегінуіне әсте жол берер емес екендігі белгілі болып, аңсаған арманына жетіп, көздеген нысанасын қолмен ұстағандай болып, бейбіт күннің шуағына шомылған халқымыз туған жер, ана-отан, атамекен деп шарықтаған көңіл-күйін баса алмай, былай деп жырлайды:

Атам жауға шапқан жер, тұлпар мініп, ту алып,

Анам бие сауған жер, жез шәугіммен су алып.

Ағам арқар атқан жер, садақпенен қуанып,

Жеңгем бесік тербеткен, ұл тапқанға қуанып.

 

Інім жылқы баққан жер, құрық ұстап қолына,

Тоқсан толғап ән салып, жаным құрбан деуші еді.

Отанымның жолында келін сәлем еткен жер,

Әдеп- иба жолында үлкендерге иіліп.

Қыз-бозбала жиылып, алтыбақан тепкен жер,

Таңба қылып тарихқа, топырағына Отанның.

Өшпестей ғып өндіріп ,

Алаш ұранды қандастың, ұрығын әкеліп сепкен жер.

Ынтымақты-арқау, достықты ту етіп,

Қиын- қиын түйінді, қара қылды қақ жарып.

Ел ұйытқысы бабалар бір ауыз сөзбен шешкен жер,

Сай-салада мыңғырып, төрт түлік мал өскен жер.

 

Ақ білектің күшімен, ақ найзаның үшымен,

Ертеңгі ұрпақ қамы үшін,

Қасқа менен жайсаңдар, жанын құрбан еткен жер,

Арқалатып қарызын, ұрпаққа тастап кеткен жер.

 

Мәшкей Нұғыман

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑