banner-top12

Керек кеңестер egov

Қосқан уақыты Маусым 24, 2015 | 757 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Тегін өзгертуді тіркеуге арналған онлайн-өтініш

Некеге тұрғаннан кейін немесе оны бұзғаннан кейін текті өзгерту кезінде уақытты үнемдеуге е.gov.kz. электронды үкімет порталы көмектеседі. Тегін өзгерту туралы өтініш беру үшін міндетті АХАЖ-ға барудың қажеттілігі жоқ, онлайн-өтініш толтыру жеткілікті. Е-өтінішті беру үшін www. е.gov.kz. порталында тіркеліп және электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) болу қажет. «Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеуге электронды өтінішті беру» қызметі «Отбасы» бөлігінде «Онлайн қызметтер бір тізіммен» категориясында тұр. Нысан жолдарын толтырғаннан кейін, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту үшін негізін таңдау қажет: неке қию немесе неке бұзу. Осыдан кейін өтініш электрондық сандық қолтаңбамен куәландырылады. Үш жұмыс күннің ішінде өтініштерге өтінішті қабылдау туралы немесе түсініктемемен бас тарту туралы хабарлама алады. Мәселе оң шешілген жағдайда, хабарландыруда тегін, атын, әкесінің атын тіркеу үшін және куәлік АХАЖ бөлімінің мекен-жайы, уақыты мен күні көрсетіледі. Қызмет алу үшін баж сомасы электрондық түрде өткізіледі кез келген банктың төлем картасы «Жинақтаушы банк»-тағы дербес шот, немесе банкте өтінім-шот арқылы. Қызмет құны 2 АЕК. Қызмет көрсету мерзімі 15 күнтізбелік күн.
Егер электронды түрде берілген өтініште қате мәліметтер көрсетілсе немесе дұрыс толтырылмаса бас тарту туралы дәлелді себебі көрсетіліп, хабарлама жолданады. Бұл қызмет азаматтардың уақыт үнемдеуіне, АХАТ саласы бойынша қызметті жедел алуда өте ыңғайлы, әрі кедергісіз арыз беруге мүмкіндік туады. Тұрғындар әлемнің кез келген жерінен некеге тұру, неке бұзу, тегін өзгерту үшін электронды түрде арыз бере алады. Қазір халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды сандық қолтаңба алуға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар, электрондық өтініш беру, өтінішті қағаз жүзінде беру мүмкіндігін жоққа шығармайтынын еске сала кетейік.
Алматы қаласы бойынша ХҚКО мекенжайлары:

Әуезов аудандық бөлімі
Алматы қаласы, Жандосов көш., 51

Алмалы аудандық бөлімі
Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көш., 221.

Алатау аудандық бөлімі
Алматы қаласы, «Шаңырақ-2» ықшам ауданы, Жанқожа батыр көш., 2

Бостандық аудандық бөлімі
Алматы қаласы, «Алмагүл» ықшам ауданы, 9а

Медеу аудандық бөлімі
Алматы қаласы, Марков көш., 44

Жетісу аудандық бөлімі
Алматы қаласы, Төле би көш., 155

Түрксіб аудандық бөлімі
Алматы қаласы, Рихард Зорге, 9

Наурызбай аудандық бөлімі
Ақжар ш.а. Егінсу көшесі, 33

Алматы қаласы ХҚКО баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑