banner-top12

Денсаулық no image

Қосқан уақыты Мамыр 16, 2014 | 967 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Темекі тауқыметі

 

Қазақстан халқының 27 пайызы (4 миллион адам) темекі тартады. Оның 600 мыңнан астамы қыз-келіншек болса, 120 мыңы -13-15 жас аралығындағы  жасөспірімдер. Олардың басым бөлігі 20-ға толмай жатып , шылымның «дәмін» татады екен. Сорақысы сол, елімізде жылына -25 мың, күн сайын 70 адам темекнің кесірінен туындаған дерттерден көз жұматын көрінеді. Қазақстандағы ерлердің 45, ал әйелдердің 8 пайызы темекіге әуес. Алматыда бір мезгілде 350 мың адам шылым шегетін көрінеді. Ал, Қазақстандықтартар жыл сайын 400 миллион доллардың темекісін тұтынады. Біздің еліміз темекі тарту жөнінен әлемде 13-орында. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы темекі шегушілердің есебінен 2020жылы онкологиялық  дерттер  әлем елдерінде,, оның ішінде Қазақстанда да өсе түседі деген пікірде. Бүкіләлемдік  денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, жиырма бірінші ғасырда жер бетінде 1 миллиардқа жуық адам ажалын темекі шегудің салдарынан туындайтын аурулардан таппақ. Ал, әлемде сағатына шылым шегудің кесірінен 560 адам көз жұмса, оның үшеуі біздің елдің азаматтары. Еліміздегі 12 мен 14 жас аралығындағы балалардың 10 пайызы, 20-29 жастағы адамдардың 39 пайызы  шылым шегуге әуестенген. Ал, 29 бен 59 жас аралығындағы еңбекке жарамды, қалалық жерлерде тұратын ер адамдардың 62 пйызы  және ауылдық жерлерде тұратын ер адамдардың 62 пайызы және ауылдық жерлерде тұратындардың 65 пайызы көк түтінді серік еткен. Сондай-ақ, қалаларда туу жасындағы әйел адамдардың 8 пайызы, ауылда тұратындардың 7 пайызы жаман әдетке бой алдырған.

 

Темекі орыс рулеткасынан да қауіпті

 

Түркиядағы «Хаджеттепе» университеті медицина факультетінің оқытушысы, профессор Назми Билир: «Темекіден өлу ықтималы орыс рулеткасынан өлу ықтималынан көп» екенін алға тартады. Профессор Билир рулеткада өлім ықтималының  алтыда бір, темекіде болса алтыда үш екенін атап көрсетті. Егер жарнамалық тұрғыда насихат жасауға тыйым салынбаса, ғасыр соңына дейін 1 млрд. пенде темекінің құрбанына айналады.  Темекі – адамдардың өліміне себепші бола тұра, заң жүзінде тұтынуға рұқсат етілген әлемдегі жалғыз өнім. Езуіне темекі қыстырғандардың үштен бірі, кейде тіпті, тең жартысы ажалынан 15 жыл бұрын өледі екен. Темекі тартатын адам күніге орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін тартса, ал 45 жастағы адам өмір бойына орташа 2 млн.рет темекі тартады деседі. Қызығы сол, оны о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады.

Денсаулық зияны

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы темекі тартуды жұқпалы ауру (эпидемия) ретінде қарастыруда. Олар 30 жылдың ішінде жасалған ірі көлемдегі 8 зерттеу нәтижелеріне сүйенеді. Бұд зерттеулерде 2миллионға жуық сырқат пен 290мың өлім себебі қарастырылған. Аталған нәтижелерге сүйене отырып, дәрігер-мамандар темекінің адам ағзасына зиянын төмендегідей топтарға бөліп қарастырады.

       Ас қорыту жүйесіне зияны

  1. Дәмге деген тәбетті қашырады.
  2. Ас қорытуды нашарлатады.
  3. Асқазанда жара пайда болады.
  4. Ерін, тіл және өңеште қатерлі ісік ауруына жол ашады.
  5. Тамақ бойға дұрыс сіңбейді.

 

Тыныс алу жүйесіне зияны

 

  1. Өкпе мен көмекейді қатерлі ісік ауруына ұшыратады.
  2. Осы тектес аурулардың 90 пайызының себебі – темекіден екені дәлелденген.
  3. Мұрын, ауыз, тыныс алу жолдары қабынады.
  4. Жөтел және қақырық пайда болады.
  5. Тыныс алу жолдары созылмалы ауруға ұшырайды.

ПСОРИАЗ

Темекі шегетін адамның терісінің қалыпты қызметі бұзылып, теріде ұсқынсыз алабажақ дақтар пайда болып, псориаз ауруына душар етеді.

 

ТӘУЕЛДІЛІК

Темекі құрамындағы улы никотин ми қызметінің қалыпты жұмысын бұзып, темекіге тәуелді етіп тастайды.

 

БЕТТІ ӘЖІМ БАСУЫ

Шылым шегу-қанның терідегі айналымын нашарлатып, адамның жүзіне ерте бастан әжім түсіп, қартаюына әкеп соқтырады.

 

СОҚЫРЛЫҚ

Темекі шегу- көздің көруін нашарлатып, түбінде соқырлыққа ұрындырады.

 

АУЫЗ ҚУЫСЫНДАҒЫ РАК АУРУЫ

Темекі шегетін адамның аузындағы сілекейі түрлі зиянды бактерияларды залалсыздандыра алмайтындықтан ауыз қуысын рак ауруына ұшыратады.

 

ӨҢЕШ РАГЫ

Өңеш рагына ұшыраған әрбір бес адамның төртеуі темекі шегеді.

 

ЖҮРЕК АУРУЫ

Темекі шегу-жүрек, қан-тамырлары ауруларының ең негізгі себепшісі.

 

ӨКПЕ РАГЫ

Темекі шегетіндердің өкпе рагымен сырқаттану қаупі шекпейтін адамдармен салыстырғанда 20 есе жоғары. Темекі шегетіндердің 90 пайызы ентікпе және эмфизема кеселіне ұшыраған.

 

АСҚАЗАН ЖАРАСЫ

  1. Тамырды қатайтады (атеросклероз), қан қысымын көтереді.

2 .Қол-аяқтың қан тамырлары бітеледі, гангрена (тән тканьдерінің жансыздануы, шіруі) пайда болады, содан қол-аяқты кесуге тура келіп, адам кемтар болып қалуы мүмкін.

  1. Миды қамтитын тамырлар да қатайып, жасушалары өледі (орнына

+келмейді). Сол себепті есте сақтау қабілеті төмендейді. Осындай кеселдің салдарынан адам жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек ұстамасы) шалдығады. Осы аурумен өлетіндер саны темекі тартпайтындардан он есе артық.

 

Көңіл-күйге, сана-сезімге, жас мөлшеріне және өзге де зияндары

 

1. Адамның есте сақтау қабілетін төмендетеді.

2. Көңілсіздікке душар етеді.

3. Ұйқыны бұзады.

4. Тез қартайтады

5. Теріге көп әжім түседі.

6. Белсіздіктің (еркектер) ең басты себебі.

7. Темекі тартпайтындар да уланып, мазасызданады.

8. Өрттің шығуына да себепші(үй, орман өрті).

9. Адамның өмірі 10-15 жылға айналасындағылардың жасы 5 жылға

қысқарады.

10. Бүкіл ғұмыры аурумен, азаппен өтеді.

11. Болашақ ананың темекі тартуы іштегі баланың өлі тууына себеп.

12. Темекіге тәуелділік нашаға тәуелділіктен де қатерлі. Медицина

ғылымының докторы Л.В.Орловскийдің баяндауынша, темекі шегетіндер стенокардиямен13 есе, миокард инфарктымен 12 есе және  асқазан жарасымен 10 есе көп ауырады. Темекі шегетін әрбір жетінші адам қан тамырларының (әсіресе аяқтың) қатерлі ауруы – эндатеритпен ауырады. Темекі тартпайтындарға қарағанда жүрек ауруынан 2-3 есе жиі өледі, өкпе рагымен жиі ауырады. Күніне 10-12 тал шегетіндер өкпе рагымен 15 есе, ал күніне 2 қорап темекі шегетіндер 30 есе жиі сырқаттанады. Темекіге байланысты мынадай қайғылы оқиғалар болған: Бірде темекі түтінінен емшек жасындағы бала уланып өлген. Енді бірде әкесінің темекі шегетін мүштігімен су ішкен үш жасар бала іле-шала қайтыс болған. Олардың балалары әлжуаз, күйгелек болып өседі. Жиі ауырады, ерте шетінейді. Шылымқорлардың әйелдері басқаларға қарағанда туберкулезбен 4 есе көп ауырады. Одан аман қалғандары темекі тартпайтындардың әйелдерінен 4 жыл аз өмір сүреді. Темекінің адам өміріне төндіретін көптеген зияны күн өткен сайын ғылыми тұрғыдан дәлелденуде. Дәрігерлер  «баяу өлім» деп атайды. Темекі – денең мен санаңды баяу түрде білдіртпей улайтын, түбіңе жетпей қоймайтын түрлі дерттердің бастауы. Құранда: «Өздеріңдң өз қолдарыңмен қатерге итермеңдер!» («Бақара» сүресі, 195-аят.) десе енді бір аятта: «Өздеріңді өздерің өлтірмеңдер!» («Ниса» сүресі, 29-аят.)-делінген.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑