banner-top12

Замандас no image

Қосқан уақыты Маусым 3, 2013 | 786 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ТІЛ ЖӘНЕ ҰЛТ

 

«Сөзі жоғалғанның өзі жоғалады» дейді ұлы тұлға Ахмет Байтұрсынұлы.Тіл адамдардың қатынас құралы. Ойлаймыз, ойлағанымызды тіл мен нақтылап айтып жеткізе алу-аллахтың адамға берген үлкен сыйы.

Тіл – ұлттың жаралмысынан біте қайнасқан жан тамыры. Тілсіз өмір жоқ. Тіл жойылса,  ұлт та жойылады. Өзге ұлттан өзгешелігіңде, қазақ деген ұлы атты арқалап тұрғаныңда,  тіл қасиетті. Қасиеті болмаса он бір жастағы Қазбек сөйлегенде арыстандай ақырған Қалмақ ханы сөз таба алмай  сасар ма еді. Қазбек жаудың  десін басар ма еді. Қызыл тіл қылыштан өткір, жібектен жұмсақ. кезінде ата-бабамыз таудай дауды да, қылышынан қан тамған жауды да, бір ауыз сөзбен шешкен. Сан ғасырлар бойы өз өміршеңдігін сақтап, талай-талай қан кешкен сұрапыл заманды басынан өткізген қазақ тілі енді өшуі мүмкін емес. Десе де өз тілін білмейтін бауырларымыз бар. Бұған себеп бір кездері орыстың бұғауында қалған халық орыс тілін білмесе күн көре алмайтын дәрежеге барды. Барлық экономика, саясат, әлеумет, қысқасы халықтың жан тамырын орыс тілі шеңгелдеп тұрды. Қара халыққа не амал тілі үйреніп, тіпті қанына сіңейін деген. Енді оны қалпына келтіру оңайға соқпайды. Бірақ әрбір қазақ өз бойында ағып жатқан нағыз қазақтың қаны екенін ұмытпағаны жөн. Өзге ұлттың тілін үйреніп оған құл болуды, өз тілін ұмытқан мәңгүрт болуды қалай ма, жоқ қаламай ма, өзі шешер.Ұлы Абайдың «Жартасқа бардым, күнде айғай салдым, оданда шықты жаңғырық, баяғы жартас сол жартас, қаңқ етер түкті байқамас» деп көкірегі қараңғы көзі ашылмаған надан халықтың қамын жесе, бұл  заманда көкірегі ояу, көзі ашық бізге не жетпейді? Дүниенің бәрін білгенде өз тілімізді ұмыту ол біздің азғанымыз. Оянайық қазақтар. Бізге тек азғантай рух жетіспейді,  Рухы көкке өрлеген бабаларымыздың асқақ үні қалған далада,қайдағы бір орыстың шүлдір тілін ойнақтатпайық. Өзге елден келетін ұлт өкілдері Қазақстанға қазақ тілін емес керісінше, орыс тілін үйреніп келеді. Бұдан өткен бізге сайқы мазақ жоқ шығар. «Айқайлай, айқайлай қасқырдан ұят болды» дегендей айтылып жатқан ақыл-кеңес аз емес. Айтылған сөз айтылған жерінде қалмағаны жөн. Іс жүзіндік барыста реалдыққа асыруымыз керек.  Елбасы бір сөзінде «әрбір қазақ өз тілін, дінін, тарихын білуі керек. қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін, отбасында ата-ана балаға қазақша сөйлесін, қазақша тәрбие берсін» деген еді. Жас ұрпақ-ұлттың келешегі, күре тамыры, ендігі жерде олардың шала қазақ болуына әсте  жол бермеу керек. Мектептерде жалпы қазақ тілінде оқыту, балалар оқитын оқулық  материалдарды қазақ тіліне аудару керек.  Бізде өз тілін менсінбейтін адамдар бар, Олар қазақ тілінде білім жоқ, білім орыс тілінде деп түсінеді, Олар білімде тілдік парық жоқ екенін түсінуі керек. Ағылшын, орыс тілінде бар сөз, қазақ тілінде де бар. Оны тек аударып қолдана білуімізде. Бүкіл әкімшілік жүйе қазақ тілінде жүруі тиіс, орыс тілін араластырмау керек. Билік басында отырғандар қазақ тілін білуі керек. Қазақ тілін білмеген қазақша ойлай алмайды. Жүрегі қазақ деп соқпайды, ондай адамның қазаққа көмегі тимейді. Тілін, дінін, білмеген адам ұлттың ділін де білмейді. Халықтың мұң-мұқтажын түсінбейді. Өз тілін білмеген, өзге тілде сөйлеп, айға ұшпайды. Тіліміздің жойылып бара жатқаны-бізге үлкен қасірет. Тіл жойылса Мұқтар Шахан айтқандай «құнымыз көк тиын». Бір кездері бодандықта болып өз тілімізде сөйлеу мүмкін болмады, енді кімнен жалтақтап кімнен қорқамыз, өз тілімізде сөйлейік!

 

Әкіш Байдәулет

Қытай Халық  Республикасы

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑