banner-top12

Ана тілі no image

Қосқан уақыты Мамыр 18, 2012 | 1  759 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Тіл-жазу, ойлау және қоғам

 

 

Тіл – ойлаудың тіке шындығы, адамзаттың ең маңызды қатынас құралы, ойлау құралы. Тіл – ғылым, тіл ғылымының объектісі – тіл. Тіл – қоғамдық құбылыс. Сондықтан тіл ғылымы – қоғамдық ғылым. Бір ұлт жөнінен алғанда, сол ұлт тілінің пайда болуы, дамуы сол ұлт тілінде сөйлейтін адамдардың тарихымен тығыз байланысты. Тіл – идеяны, көзқарасты, сезімді бейнелеудің тәсілі. Тіл – тақауға сөз, соқырға көз.

Тіл белгілі бір дәуір дамуының туындысы емес. Базис өзгерсе де, ол өзгермейді. Тіліді белгілі бір базис тудырған емес, белгілі бір тап та тудырған емес. Қайта мыңдаған жылдар барысында бүкіл қоғам дамуы жаратқан. Тіл – талай дәуірдің туындысы. Тіл әрқандай базистен де, қондырмадан да ұзақ өмір сүреді. Тілдің қимыл көлемі кең болады. Тіл – базиске де, қондырмаға да ұқсамайтын қоғамдық құбылыс.

Тіл мен қоғам диалектикалық байланыста болады. Тіл азамзат қоғамымен бірге пайда болған. Тіл қоғаммен бірге дамып, бірге жойылады. Тіл – жалпы халықтың қазынасы. Тіл тарихы – азамзат тарихына жетеқабыл ұзақ тарих.

Тіл мен ой бір-бірімен тағдырлас. Ой – адам миының бір түрлі ерекшелігі. Тіл – ойлаудың құралы. Тіл ұлттық ерекшелікке ие. Ой -тілдің мазмұны, тіл -ойдың формасы. Ойды логика ғылымы зерттесе, тілді тіл ғылымы зерттейді. Ой мен тіл егіз. Ойы олақтың, тілі де шолақ.

Жазу – тіл негізінде пайда болған тілдің жазба белгісі. Тіл – халықтық қарым-қатынас құралы, жалпы халыққа ортақ, жалпылық сипатқа ие қоғамдық құбылыс. Ендеше, жазу да жалпы халықтық қарым-қатынас құралы, жалпылық сипатқа ие. Жазу тілдегі уақыт және кеңістік шектемесін бұзып тастады. Жазба естелікке түскен нәрсе ұзақ тарихқа және жершары кеңістігінің барлық жеріне жетеді. Жазу – адамзат мәдениетінің даму кезеңіне жеткендігінің таңдай алды шартының бірі. Жазу – ғылым қамбасын ашудың кілті. Жазу – тілді бірлікке келтіріп, жалпыластырып дамытудың бірден-бір қаруы. Жазу мәдениеті даму арқылы тіл мәдениеті дамиды. Жазуы олақтың тілі де олақ. Тіл мәдениетінің, әсіресе, жазу, баспасөз мәдениетінің маңызды мәселесінің бірі – еміле. Жазуда, баспасөзде әдеби тіл нормаларын, ортақ еміле ережелерін толық игеру – тіл мәдениетінің басты талабы. Адамзат мәдениетінің барлық табыстары тіл-жазу арқылы естелікке алынады, оқырманмен бет көріседі, ғасырлар бойы соңғы ұрпаққа жалғасады. Жазудың пайда болуы – адамзат мәдениетінің жаңа дамыған қоғамға қадам тастағандығының белгісі. Жазу арқылы тарих бетіне өшпес таңба болып басылған тарихи, мәдени, әдеби мұралар – қай ұлттың болмасын мақтаныш ететін дүние мәдениетіне қосқан есесі. Жазу мәдениеті арқылы халықтың тіл мәдениеті де дамиды. Жазу мәдениеті төмен халықтың әдеби тілінің даму дәрежесі де төмен, жұмсалу аясы да тар болады.

Жазба тілі болмаған ұлттың мәдениетінің дамуы зор шектемеге ұшырайды. Ауыз тілімен ғана дамып жалғасқан мәдениеттің үмыт болуы, өзгеруі, үзіліп қалуы оңай. Өз ұлтымыздың ерте замандағы әдебиет, мәдениет және қоғамдық өмірдегі жасампаздықтарынан жазу болмағандықтан, ішінаралары болмаса, көбі үмыт болып, тек тасқа басылған ойма таңбалар ғана жетіп отыр.

Жазу күні бүгінге дейін адамзаттың ең маңызды қатынас құралы болып келеді. Жоғары дарежелі дамыған қоғамда жазу болуы шарт. Жазу – білім жиюдың, мәдениет таратудың асыл қаруы. Жазу болмайынша, гүлденген мәдениет болмайды. Жазу – ұлттардың өзара үйрену, өзара түсінсуіндегі, мәдениет таратудың асыл қаруы. Жазу болмайынша, гүлденген мәдениет болмайды. Жазу-ұлттардың өзара үйрену, өзара түсінісуіндегі, мәдениет ауыстыруындағы алтын көпір. Жазу жарыққа шыққан соң тілге белсенді ықпал жасайды. Тілдің дамуына, кемелденуіне жебеу болады. Егер, жазу мәдениетің төмен болса, көрікті ойың қағаз бетіне түскенде қиюы кетіп, өңі қашады. Сондықтан жазуды көркем әрі дұрыс жазумен бірге, айтайын деген ойды дәл, түсінікті, әсерлі етіп жеткізу үшін тыныс белгілері қажет. Тыныс белгілерінің заңды, орныққан ережелері бар. Тыныс белгілері – тіл-жазу мәдениетінің маңызды құрамдас бөлімі. Қай ұлт болса да ұрпағын ең алдымен ана сүтімен, ана тілімен ауыздандырады. Алғаш мектепке түскенде ана тілімен тіл ашады, тілін ұштайды.

Ұлттық пішін дегеннің өзі не нәрсе? Ол – ең алдымен ана тілі,-дейді Фадаева. Демек, ана тілі ұлттың басты белгісінің бірі. Тілге, жазуға немқұрайды қарайтын адам, немқұрайды ойлайтын адам. Нағыз қазақ емес, шала қазақ.

Өз ана тілін қанық білумен басқа ұлт тіл-жазуын да білу – білімділік, мәдениеттілік. Алайда, ауызекі тілде, әдеби жазба тілде қазақ тілін тұнық сөйлеп, тұнық жазу шарт. Басқа ұлт тіл-жазуын білу – ұлттар ара мәдениет ауысудың, береке-бірлікті күшейтудің көпірі. Ана тілін сүю, дұрыс сөйлеп, дұрыс жазу – азаматтардың ұлттық ар-намысы. Басқа ұлттың тіл-жазуын қанық білу үшін, өз ұлтының тіл-жазуын жетік игеруі қажет.

Ана тіліміз – арымыз. Алайда, ана тілімізде қате сөйлеп, қате жазудан араланбайтын надандық ұлтымызда әлі де сақталып отыр. Надандық – көзге көрінбейтін жау. Егер, бүкіл адамзатқа, өз ұлтына деген адал, жылы жүрек болса, ана тілін білмесе өз халқының өткенінен, болашағынан қол үзетінінен аралнып, құлшына үйренер еді қазақтың намысты перзенттері. Меніңше, ана тілімізді дұрыс сөйлеп, дұрыс жазу сынды өнер алды мәселеде, балтамен шабатын мініміз бар деп ойлаймын. Кезекте кейбір жас әнші сымақтарымыз еті жоқ, қан-сөлі жоқ қарасөздің қаңқасын әнге қосып әндетіп сахнаға шығып жүр. Бұл сөздің патшасы, сөздің сарасы – поэзияның құнын түсіріп, мылжыңға айналдырғандық. Қазақ тілін білмейтін шала қазақтарды былай қойғанда, қазақ тілін білетін қазекемдер өзара орысша щүлдірлеседі. Бұл – өз ұлтын қор, басқа ұлтты зор санағандық, өзін, өз тілін қор санағандық.

Қазақ тілі грамматикасына қайшы сөздер мен шұбар тілдер аяқ алып жүргісіз. “Ауылда жұмыс істеп жатқандар” дегенді, “ауылда жұмыс жасап атқандар”, “балалар” дегенді “балдар”, “ана жаққа”, “аяққа”, “мына жаққа”, “маяққа”, “көрме”, “көредіме”, “біле ме,” “біледі ме”, “бітім”, “келісім” дегенді “диалог”, “төрешілік” дегенді “бюрократ”, “еркіндік” дегенді “демократия”, “дәретхана (дәрет үй)  дегенді “әжетхана”, “сөзсіз” дегенді “міндетті түрде”, “меніңше” дегенді “мен айтар едім”, “дегенімен” дегенді “дей тұрғанымен” деп соғады-ау шіркіндер.

Кейбір жүргізушілер сөз тіркестерін, сөйлем мүшелерін орыс тілі грамматикасына бағынып, басын артына қайырып айтып, құранның аятын сөйлегендей мәз болады. Кейбір атақты жазушымыз “жүрегінің түгі бар” дегенді “жүрегін жүн ораған” дегеніне таңғаламын. Отаншылдық дегенді “патриот”, “мөрал” дегенді “марал”(Аңның аты), “шопан”(қойшы) дегенді “шабан”, “жарайды” дегенді “молодец” дейді. Бұл – бірнеше мысал.

Тіл-жазу, ойлау және қоғам балық пен судай диалектикалық байланыста болады. Сондықтан, ана тіліміз – болашағымыз, арымыз деп біліп, құлшына үйренейік бәріміз.

 

 

Дәкей Қазанғап ұлы,

Текелі қаласы, Алматы облысы.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑