banner-top12

Ана тілі 06bcbd720b390cf803be31c5ef4f285c

Қосқан уақыты Маусым 23, 2016 | 547 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Тіл мәртебесі – ел мәртебесі

Тіл байлығы –әрбір халықтың ұлттық мақтанышы. Тіл-қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы екені анық. Адамзат тіршілігінде тіл арқылы қарым-қатынас болмаса сөз болмайды. Сөз арқылы әрбір адамзат өз ойын жеткізе отырып, ақпарат алмасады. Демек, қоғамда тілдің орны ерекше екенін ұмытпауымыз керек. Және де әрбір адамзат өз тілінің дамуына үлесін қосып, ана тілі жайлы терең ойлану қажет.
Жыл өткен сайын тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар, ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Мемлекеттік тіл – барлық қоғамдық қатынас салаларында, яғни мемлекет аумағында жүргізілетін барлық іс-шаралар, іс-қағаздар мен құжаттарында мемлекеттік тілде болуы тиіс.
Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Әуезов аудандық бөлімінде мемлекеттік тілімізге байланысты түрлі шаралар өткізілуде. Орталыққа келген әрбір азаматқа қазақ тілінде кеңес беріліп, толықтай ақпарат беріледі. Сонымен қатар, қазақ тілінде арыздар толтырылып, қолхаттар беріледі. Қызметкерлер арасында психологиялық тренингтер қазақ тілінде жүргізіліп, әр түрлі ойындар өткізіледі. Мемлекеттік тілде өтетін барлық іс-шараларға аудан қызметкерлері бірдей атсалысып, өз үлестерін қосуда.Ұлттың, мәдениеттің дамуы мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты.
Мемлекеттік тілді қолдау Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы, міндеті деп білемін және де еліміздің гүлденуі, көркеюі біздің қолдымызда екенін ұмытпайық.
Тіліміз – бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы.

Айман Байжігітова,
Алматы қаласы бойынша «ХҚКО» департаменті
Әуезов аудандық бөлімінің инспекторы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑