banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG-20150129-WA0022

Қосқан уақыты Қаңтар 29, 2015 | 712 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Тіл – тірегіміз!

IMG-20150129-WA0014  IMG-20150129-WA0021.jpg 1 IMG-20150129-WA0020.jpg-2 IMG-20150129-WA0021 IMG-20150129-WA0011IMG-20150129-WA0013

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Тәуелсіздік – Алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгіміз бар, оның біріншісі – Елтаңба, екіншісі – Әнұран, үшіншісі – көк байрақ, төртіншісі – қазақ тілі» деген еді. Тіл саясаты – мемлекеттің саясаты, ол егеменді еліміздің берік арқауы. Еліміз тәуелсіз болғаннан, егемен мемлекеттің нышандарының бірі ретінде қазақ тілі өзінің тарихи рөлін атқаруда.
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тілге басымдық бере отырып іс-шараларды жүзеге асыру көзделген. Бағдарламаның басты мақсаты да – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету.
Бұл ауқымды шаралардан Халыққа қызмет көрсету орталығы да тыс қалып отырған жоқ. «ХҚКО» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы мемлекеттік тілдің қолдану аясын арттыру мақсатында түрлі шараларды жиі өткізуді дәстүрге айналдырған. Мәселен, өткен жылы филиал және оның 8 бөлімінде мемлекеттік тілді дамыту бойынша 296 мәдени шаралар, 136 дөңгелек үстелдер өтсе, ХҚКО қызметкерлері 98 әртүрлі деңгейдегі қалалық, аудандық, республикалық семинарлар мен байқауларға қатысқан. ХҚКО-дағы тілді дамыту мен өткізілген шаралар туралы 38 материал БАҚ-тарда жарияланған.
Филиалда жұмыс істейтін 24 өзге этнос өкілдері де мемлекеттік тілді жақсы меңгерген. Филиалда ұйымдастырылатын түрлі мәдени шаралардан тыс қалмай, белсенді түрде қатысып отырады. Және «ХҚКО» РМК тарапынан тіл дамытуға үлес қосып жүрген қызметкерлер ынталандырылып отырады.
Филиалдағы мемлекеттік тілді дамытуда жергілікті атқарушы органдармен тығыз бірлікте жұмыс істеледі. Сондай шаралардың бірі – бүгін Медеу аудандық ХҚКО-да өтті. Медеу аудандық әкімдігі Тілдерді дамыту бөлімінің мамандары ХҚКО-ға келіп, инспекторларға мемлекеттік тілдегі іс жүргізу қағидасы жайлы баяндады. Әкімдік өкілі Сакен Жаббарұлы Аралбаев мемлекеттік тілге өз үлестерін қосып жүрген Медеу аудандық ХҚКО ұжымына аудан Әкімі С. Мәкежановтың Алғысхатын тапсырды.

Алмагүл Атагарова,
Алматы қаласы Медеу аудандық ХҚКО қызметкері




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑