banner-top12

Шалқар no image

Қосқан уақыты Мамыр 14, 2014 | 711 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ТІРШІЛІК УАҚЫТТАН ҚОРҚАДЫ, УАҚЫТ ПИРАМИДАДАН ҚОРҚАДЫ

 

Әлемнің алғашқы жеті кереметінің ең ғажайыбы – Египет пирамидасы. Ол – біздің жыл санауымыздан 27 ғасыр бұрын салынған Египет патшаларының мазары. Ең биігі – 146 метр. Византиялық Филон жазып кеткен әлемдегі жеті кереметтің біріншісі осы Египет пирамидасының біз білетін тарихы: мұнан бес мың жылдай бұрын, біздің дәуірімізге дейінгі 2700 жылдары перғауын Хеопстың бұйрығымен алғашқы пирамида құрылысы басталып, кейіннен үлкенді, кішілі бірнеше пирамида салынды. Пирамида ежелгі Мысыр перғауындарының қабіріне ескерткіш белгі ретінде (Гизадағы Хеопс пирамидасы және тағы да басқалары) тұрғызылғанымен, кейбір пирамидалар ғибадатхана, қазына қоймасы ролін де атқарды.
Қай халық та мемориалдық сәулет құрылыстарын өзінің сол кездегі діни түсінігіне және қоғамдағы әлеуметтік жағдайға байланысты салып отырған. Әлемдегі дамыған мәдениет ошағы болып саналатын көне Мысырда дін құрылыстарға да әсер етіп, мұнда мәдениет дінмен бірге өркендеді. Бұрын мысырлықтар үйінде де құлшылық бөлмесін жасап қойып, қалада да, көшеде де, егістікте де, ауылдарда да ғибадатханалар жұмыс істеп тұрды. Мұнда дін мысырлықтар-дың ой-пікірін басқарып, олар өлгеннен соң қайта тірілетініне қатты сенді. Халық Зурис – Ніл өзенінің тәңірі, Ра – күн тәңірі деп ойлады. Діннің әсер етуімен перғауындардың қабірі ретінде пирамидаларды салып, өлген адамның денесін ақыретке дейін сақтау үшін мумияны ойлап тапты.
Пирамида – архитектурада төрткүл дүниенің төрт тарапына түгел қарап тұратын, төрт бұрышы ту биіктегі бір нүктеде түйісетін алып құрылыс. Пирамида тарихын зерттеуші кейбір адамдардың пікірінше, пирамида төрт бұрышының бір нүктеде түйісуі әу баста Адам Ата (ғ.с.) мен Хауа Анадан тараған адамзаттың бірлігін бейнелейді. Негізінен, пирамидаға ұқсас құрылыстар (ғибадат-хана тұғыры, космологиялық құрылыстар) Орталық және Оң-түстік Африка жерінде (біздің замаңымыздың 1-мыңжылдығы) де кездеседі. Халық арасында: «Тіршілік уақыттан қорқады, уақыт пирамидадан қорқады», – деген қанатты сөз бар. Бұл пирамиданың мәңгілік ескерткіш етіп салынғанын, оның уақыт тезіне бой бермей, адамдарды аһ ұрғызып, сахараның күзетшісі, тарихтың куәгері ретінде тапжылмай тұра беретіндігін танытады.

Ал біздің әзір қарастыратын мазмұнымыз математикалық екінші кезеңде пайда болған, төртінші кезеңде дамуға бет алған египеттегі пирамиданың математикалық ерекшеліктері , бір ортақ төбесі бар қалған төрт жағы соған түйілісіп қоршалып жасалған шатыр немесе қырлы конустың  көрісін беретін геометриялық дене , бүйір қырларымен бүйір жақтары тепе-тең ұшбұрыштардан  құралады .Египет пирамидаларының ішіндегі ең үлкен пирамидасы алып айтсаң оның биктігі 146,59м. неше мың жылдан бергі жауын  нөсерлерді соққысындада өз қалыпын сақтап түрған , оның табаны дұрыс тік төрт бұрышты қабырғаларының ұзындығы 230м. астам пирамиданы айналасын бір айналып шығу үшін 1км жол жүруге тура келеді. пирамида көлемінің үлкенділігімен  адамды таң қалдырып қалмастан,  құрылысты салу өнері жағынан дүниеге әйгілі. Eкі пирамида кесегінің аралығы ешқандай  балшық тектес заттармен жапсырылмаған .қайта бір кесекті енді бір кесектің үстіне қойып салып шыққан қазірге дейін немесе мың жыл өтсе де құламаған, міне бұл дұрыс бұрышты пирамиданың орнықтылығын бір жағыннан ашып көрсетеді, пирамиданың солтүстік жағында жер бетінен 13м  биік пирамида кесегінен өңделіп жасалған үшбұрыш пирамиданың кіріпшығар ауызы бар ерекшелігі өте ғажап ,егерде оның орынна тік төрт бұрыш  формалы  кіріп шығар аузы салынса  жүз неше метр биктегі алып пирамида бұл кіріп шығар ауызын күйретер еді . Ал үш бұрыш болғандықтан  алып кесектердің кіріп шығар ауызына болған қысымы шашыратып жіберетін ерекшелікке ие.

Астана қаласындағы Бейбітшілік және Келісім сарайына айналған бұл пирамида ғимараты идеясының түп авторы – Қазақ елінің басшысы Нұрсұлтан Әбіш ұлы Назарбаиев. Қазір Бейбітшілік және келісім сарайында бай акустикаға негізделген 1500 орындық опера залы мен маңызды келісімдерге қол қойылатын аспалы зал, мұражай, көрме залы, кітапхана, барлық дәстүрлі дін өкілдерінің кеңселері жұмыс істейді. Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съездері өткізіліп жүрген зал Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі отырыстарының залы үлгісінде жобаланған. Бұл ғимарат халықаралық деңгейдегі қай шараны өткізуге де өте қолайлы.

Әлібек Қастер,

Қытай Халық  Республикасы

.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑