banner-top12

Замансөз 434_edef6849f443e2987b1c64e7d7fd6fb0

Қосқан уақыты Желтоқсан 3, 2014 | 1  079 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Тұғырлы тәуелсіздік құны

Қазақ жері – Сақ, Ғұн заманынан бері алтыннан сарай салған, хандары алтын тақта отырған, әлемді аузына қаратқан, жиырма мемлекет дәурен сүрген Ұлы Дала.
Басымыздан бақ тайған, қан жылаған заманымыз – жоңғар шапқыншылығынан бергі бес ғасыр, Ресейге бодан болған үш ғасыр. Әсіресе соңғы үш ғасырда, империя құрамындағы 70 жылда қазақ жаппай репрессияға ұшырады, ар-ожданы тапталды.
Қазақ халқының басына дәурен ХХІ ғасырда қайта оралды. Түсімізге кірмеген тарихи бақытқа ие болдық, сан мың ұрпақ жете алмаған тәуелсіздікке жеттік. Бас-аяғы 23 жылда заман, қоғам өзгерді, адам өзгерді, ой-сана өзгерді, мемлекетіміз қалыптасты, экономикамыз нығайды, демократия орнықты, бізді әлем таныды.
Бүгінгі Қазақстан – жаһандану жағдайында аймақтық қана емес, сонымен қатар бүкіл дүниежүзілік мәселелерді талқылау және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.
23 жыл ішінде қысқа мерзімде ашық қоғам құрылып, Конституция негізінде адам мен азамат бостандығы мен құқықтарын қорғайтын демократиялық институттар бекіді. Бұрынғы тоталитарлық идеологияның қатал құрсауынан арылған және шынайы демократиялық құндылықтар мен мақсаттарды құрметтейтін қазақстандықтардың жаңа ұрпағы өсіп-жетілді.
Осы тұста жаңа мемлекеттік мекемелердің – Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылып, бой көтеруі туралы да айтып кетуді жөн көріп отырмын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы №1 қаулысына сәйкес бүкіл Қазақстан бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды. Алғашқы 20-ға толмайтын мемлекеттік қызмет стандартынан осыдан бес жыл бұрын жүзеге асырамыз деп ойламаған 170-ке дейін мемлекеттік қызмет көрсету шыңын бағындырған маңызы зор бірден бір мемлекеттік мекеме. Бүгінгі таңда Халыққа қызмет көрсету орталықтары жоғары деңгейде халыққа сапалы қызмет көрсететін ұйым. Сонымен қатар шалғай ауыл аймақтарға шығумен «Мобильді ХҚКО», мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға үйге шығумен қызмет көрсететін «Мүмкіндіктерді күшейту» бағдарламалары жүзеге асырылады. Осылай, Ақмола облысы бойынша ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысы бойынша «Мобильді ХҚКО» бағдарламасы бойынша 16 891 құжат қабылданып, 16 620 дайын құжат берілді, ал «Мүмкіндіктерді күшейту» бағдарламасы бойынша 1 497 тапсырыс келіп түсті. Жалпы алғанда, облыс бойынша барлығы 1 104 182 құжат қабылданған екен. Әсерлі сандар екенімен келісесіздер ме? Бұл дегеніміз, осынша нәтиже көрсетуде қаншама адамның күші мен жұмысы, жігері мен адамдарға көмектесем деген ниеті жатыр. Осындай кішіден үлкенге деген қағидамен біртұтас мемлекет қалыптасады. Түкіре, түкіре көл болады демекші, бір жағадан – бас, бір жеңнен қол шығарсақ, алар қамалымыз әлі алда демекпін.
«Бақыт қайда барасың? Ынтымағы жарасқан елге барамын» деген сөзді айтып кеткен бабаларымыз. Бізге бүгін де ең керегі – ынтымақ пен бірлік. Ынтымақ кеткен жерден байлық кетеді, бірлік кеткен жерден береке кетеді. Шыққан тауымыздан, шықпаған тауымыз көп, қол жеткізген жетістіктерімізден, қол жеткізбеген жетістіктеріміз көп. Көздеген мақсаттарымызға жету жолында бізге әлі көп күш жұмсап, тер төгіп, ауызбіршілік, жігерлік деген қанымызға дарыған, туа біткен қасиеттеріміз ауадай қажет болады. Ел тағдыры сынға түсетін кездерден сүрінбей өтіп, абыройымызды асқақтатып, көк туымызды желбірететін шақтар алда, ағайын! Қазақстанымыздың тұғырлы тәуелсіздігінің қадірін түсініп, оны мәңгілік етуге әрқайсысымыз ат салысу керек. Себебі сол елде біздің ұрпағымыз бейбіт өмір кешіп, тәуелсіздік туын одан биік көтермек.
Бақыт бағалағанның ғана басында тұрады. Ендігі ұрпаққа Қазақстанда туу да, тұру да бақыт. Қазақстандық отансүйгіштік – егемендік тірегі. Өз елін, оның тарихын, мәдениетін, тілі мен дінін сүю, оған қамқоршылық ету, дамуына, көркеюіне өз үлесін қосу әрбір саналы азаматтың іс-әрекеті болуы тиіс.

 Ш. Әбішева,«ХҚКО» РМК Ақмола облысы бойынша
филиалының Жақсы ауданындағы
бөлім инспекторы

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑