banner-top12

Керек кеңестер IMG_4825

Қосқан уақыты Қыркүйек 25, 2015 | 534 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Тұрғындар мемлекеттік қызметті ХҚКО-да жылдам әрі ыңғайлы түрде алуы үшін

 

Кеңестік кезеңде қандай да бір анықтаманы, не қандай да бір құжатты алу үшін қаншама күш пен уақыт жұмсалатын. Құдайға шүкір, қазір жағдай басқа. Электронды автоматтандыру даму үстінде. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру біздің өмірімізге енгеніне бірнеше жыл болды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев азаматтарға қамқорлық көрсету және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру адамдардың мүдделері мен сұраныстары экономикадан және жалпы саясаттан жоғары тұрған – әлеуметтік бағдарланған мемлекет саясатының іргетасы болып табылатынын бірнеше мәрте еске салған болатын. Осы мақсатта Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) құрылған еді.
ХҚКО-лар арқылы көрсетілетін қызметтер саны жылдан-жылға артып келеді. Егер 2011 жылы ХҚКО-лар арқылы көрсетілген қызметтер саны 59-ды құраса, қазір бұл сан 156-ны құрайды. Биыл тағы да 35 мемлекеттік қызмет түрі пилоттық негізде біртіндеп енгізілуде. ХҚКО-лар арқылы көрсетілетін қызметтер саны үш есеге артты. Бұл қызметтерді автоматтандыру есебінен артты.
ХҚКО қызметі барлық халыққа бағытталған. Қандай да бір қызметті жеңілдету үшін. Адамдар, мысалға, жәрдемақыны алу үшін жеке куәлікті не үшін көрсетеміз деп сұрайды, ол дұрыс сұрақ. Жеке куәлік бойынша барлық деректер «Мәліметтер базасында» бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен олардың мемлекеттік қызмет стандарты бойынша «Мәліметтер базасында» бар құжаттар қысқартылған. Егер бұрын ХҚКО-ға 10 құжат алып келу керек болса, қазір «Мәліметтер базасында» бар құжаттар қысқарған. Мысалға, тұрғын үй кітапшасының, жеке куәліктің, неке қию куәлігінің және тағы басқаларының көшірмелері. Егер олар мәліметтер базасында болса, оны не үшін сұрайды. Егер заңды тұлғаларды тіркеу үшін бұрын үш жарғыны: орналасатын жеріңізден келісімшарт және т.б. алып келу қажет болса, қазір оның қажеті жоқ. Қазір «электронды үкімет» порталына кіріп, электронды қолтаңбаның көмегімен заңды тұлғаны тіркей аласыз. Осылайша, қабылданатын құжат түрлері қысқартылуда. Мәселен, рұқсат беру құжаттарына талап етілетін 2736 құжат түрінің 1094 алынып тасталып, жалпы құжаттар саны 1642-ге қысқарды. Құжаттарды өңдеу уақыты 30 күннен 15 күнге дейін қысқарды.2012 жылдан бері барлық лицензиялар тек электрондық форматта беріледі.
Әлеуметтік маңызға ие мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру нәтижесінде талап етілетін 112 құжат 16-ға дейін қысқарды. ХҚКО-лардың ақпараттық жүйесі арқасында 160 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. Азаматтардан талап етілетін 851 құжат 411-ге дейін қысқартылды, ал өтінімдерді рәсімдеу уақыты 1 сағаттан 15-20 минутқа дейін қысқартылды.
Және қазір адамдар белгілі бір қызмет түрін ала алатынын не ала алмайтынын білу үшін арнайы Call-орталықтары жұмыс істейді. Елде «электронды үкімет» даму үстінде, электронды сандық қолтаңбалар бар, бірақ олар несімен ыңғайлы екенін іс жүзінде көрсету үшін ХҚКО-ларда Connection Pointe құрылған. Мысалға, адамдар ХҚКО-ға анықтама алу үшін келеді. Алдарында 10 компьютер тұрады, олардың кез келгеніне отырып, анықтаманы өз бетінше шығарып алуға болады. Егер білмесең, кеңесшілер электронды сандық қолтаңбаны қалай алуға болатынын, оны қалай пайдалану керектігін айтып жібереді. Және осы кезде адам оны үйде жасай алсам ХҚКО-ға несіне келдім, деп ойлана бастайды. Осылайша ХҚКО компьютерлік сауаттылықты да арттыруда.
Сонымен қатар, адамдар көп жиналатын орындарда ХҚКО-ның шоу-румдары жұмыс істейді. Яғни, ХҚКО қызметкерлері сол жерде отырып халыққа қызмет көрсетеді. Мәселен, сондай бір шоу-румның бірі – Алматы қаласындағы Бас поштада орналасқан. Мұны көпшілік біле де бермеуі мүмкін. Сол себепті, Алматы қаласы ХҚКО инспекторлары ХҚКО қызметі мен электрондық үкімет порталын танымал ету мақсатында пиар-акциялар өткізіп тұрады. Инспекторлар халыққа ХҚКО-да көрсетілетін қызметтер, Электрондық үкімет порталы қызметі туралы буклеттер мен кітапшаларды, парақшаларды таратады.
Мұның бәрі, түптеп келгенде, азаматтар мемлекеттік қызметті жылдам әрі ыңғайлы түрде алуына жағдай жасау ниетінен туып отыр.

Алматы қаласы ХҚКО баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑