banner-top12

Ақпараттар ағымы 999747_10152064752649715_1948642632_n

Қосқан уақыты Қазан 29, 2014 | 1  006 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

7

Үкімет оралмандарды тегін баспанамен қамтамасыз ететін болды

Шетелден келетін қандастарымызды ҚР Үкіметі тегін пәтермен қамтамасыз етеді. Ал, азаматтықты алты айдың ішінде алуға болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және миграция комитетінің төрағасы Аслан Қаржаубаев мәлімдеді, -деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«Өздеріңіз білесіздер, осы уақытқа дейін оралмандардың көшіп келу квотасы тоқтатылған болатын. Осыған сәйкес қаржылай көмек беру де тоқтатылды. Ал, азаматтық алу құқығы 4 жылға қалдырылған еді. Квота тоқтаған 2012 жылдан бергі статистикаға қарасақ, 2012 жылы 39 мың ағайындар көшіп келді. 2013 жылы 35 мың ағайын келді. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығының мәліметтеріне сүйерсек, 7 мың қандасымыз көшіп келген», – деді А.Қаржаубаев.
Шетелден көшіп келген этникалық қазақтардың статистикасынан хабардар еткен комитет төрағасы олардың азаматтық алуына жағдай жасалып отырғанын да атап өтті.
«Көшіп келу деген оңай нәрсе емес. Сондықтан Үкімет тарапынан оларға көмек керек екені белгілі. Үкімет осыны ескеріп жаңа қабылданған заңға өзгерістер енгізді. Заңға сәйкес, ағайындар Қазақстан аумағының қай өңіріне келсе де өзі таңдайтын болады. Елімізге келісімен «оралман» мәртебесін алады. Тұрақты тұруға рұқсат үшін төлем қабілетін растамайтын болады. Тұрақты тұруға рұқсат алысымен азаматтық алуға өтініш бере алады. Былай қарасаңыз жарты жылдың ішінде Қазақстан азаматы атануға мүмкіндік бар», – деді комитет төрағасы.
Сонымен қатар, қандастарымыз үшін материалдық жағдай да жасалмақ. Олардың ең басты проблемасы баспана мәселесі шешімін табатын болды.
«Үкімет белгілеген мекендерге келген ағайындарға көшіп келу шығындарын төлейді. Міндетті түрде қызметтік пәтермен де қамтамасыз етіледі. Бұл қызметтік пәтерді олар 5 жылдан соң меншігіне алуға құқылы. Енді осындай жағдайлар жасалып отырғанда шетелден келетін қандастарымыздың саны артады деп ойлаймын. Шетелден келетін қазақтар үшін Қазақстанның есігі әрдайым ашық. Кейбір азаматтардың жаңсақ ақпарат таратып «шетел қазақтарына Қазақстан тосқауыл қойды» деген сөз дұрыс емес. Осыны әрбір қазақ біле жүргені жөн. Шетелден қазақ осы уақытқа дейін көшіп келді. Алдағы уақытта да көшіп келе береді», – деді А.Қаржаубаев.




7 Responses to Үкімет оралмандарды тегін баспанамен қамтамасыз ететін болды

  1. маржан says:

    Саламатсыздарма.шынымен солайма баспана берілемаоралмандаемаоралмандарға Актауда уйжалдаптұрамыз 3балам бар жолдасым кұрылысшы тапқан ақшасы əреңжетеді тамакка отырған уйге кайжерге хабарласайык өтініш айтыңдаршы бізге уй берілмейді 4балаңболуы керекдедіəкімшілік балдарға жәрдемақы да берілмейді көмектесіңдерші.

  2. Нурлыбек says:

    Жылы жайынды суытпа оралман болып келсен казакстанга квартира жалдап омырын отеды ешкашан бермейды уй,жер каншама оралман кайтып кетты елыне менде 2005те келдым але уйде жерде жок лахатрон екен Казахстан жогарыдагылар тек оздерын ойлайды кара калыхты ойлап жаткан ешкым жок оз кушыне сенсен гана кел айтпесе уй берыледы жер берыледы деген лахатронга сенып е елыне кайта алмай киналасын

    • shalqar says:

      ҚР Үкіметі 2016 жылы мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылатын 1259 адамға оралмандарды қабылдау өңірлік квотасын бекітті. Оралмандарды қабылдау және орналастыру бойынша еліміздің 7 өңіріне: Ақмола облысына – 123, Атырау облысына – 28, Шығыс Қазақстан облысына – 260, Батыс Қазақстан облысына – 29, Қостанай облысына – 21, Павлодар облысына – 690, Солтүстік Қазақстан облысына – 108 адам баратыны анықталды.
      Егер, оралмандар бекітілген квота аясында аталған облыс өңіріне баруға ниет білдірсе, заңдылыққа сай, әлеуметтік қолдау мүмкіндігіне ие болады. Мұндай кезде оларға көлік шығыны, көшіп баруға субсидия бөлініп, қызметтік тұрғын үй немесе жатақханамен қамтамасыз ету қарастырылады. Қажет жағдайда біліктілігін арттыру және жаңа мамандық алу мүмкіндігі, сол сияқты, жаңа мекенжайда жұмысқа орналастыруға жәрдем жасау қаралады.
      Негізі, “Оралман” мәртебесі – этникалық қазақтар шетелдерден көшіп келіп 5 күн ішінде “оралман” куәлігін алған сәттен бастап ҚР азаматтығын алғанға деінгі уақыт аралығы. Бүгінде азаматтық 3-6 ай аралығында беріледі. Сондықтан, келген қандастар жоғарыда аталған а

      • shalqar says:

        Сондықтан, келген қандастар үй-жаймен, жұмыспен қамтылам десе, жоғарыда аталған, квота қарастырылған аймақтарға орналасқандары жөн.

  3. Нурлыбек says:

    11жылдан беры кВ жалдап турамын жер алып уй салуга акша жок кв плата ышып жемнен арттыралмай койдым

    • shalqar says:

      Сіз, келгелі 11 жыл болса, енді оралман емессіз. Сіз ҚР азаматтарымен бірдей мүмкіндіктерді пайдаланасыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑