banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 17 мая, 2015 | қосқан shalqar | 626 рет оқылды

0

«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Тағдыр тәлкегімен мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар аз емес. Ондай отбасылар бауыр еті баласын арнаулы орындарда оқытып жатса, көпшілігі үйде оқып тәрбиеленуде. Үйде оқитын мүгедек балаларға мемлекет тарапынан материалдық қамсыздандыру тағайындалатынын білмейтін де ата-аналар болуы мүмкін. Мемлекет тарапынан көрсетілетін мұндай мүмкіндікті алу үшін, Сіз әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерімен қатар, өзіңіз тұратын жердегі Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінсеңіз болады.

«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Халыққа қызмет көрсету орталығында баламалы түрде көрсетіледі.

Ол үшін ХҚКО-ға мына құжаттарды алып барасыз:
1) сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімінің анықтамасы);
4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
5) мүгедектігі туралы анықтама;
6) банктегі шоттың болуы туралы құжат;
7) сәйкес нысан бойынша мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде
ХҚО-да – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы:
1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні көрсетілген өтініш;
2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттарды алатын күні (уақыты) мен орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіліп қолхат беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
ХҚО-ға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асырылады;
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ақпаратты – 1414 нөмірінен білсеңіз болады.

Алматы қаласы ХҚКО баспасөз қызметі.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑