banner-top12

Ақпараттар ағымы фото_GGG_победа!

Қосқан уақыты Қазан 20, 2015 | 697 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Ұлт мақтанышы!

фото_GGG_победа! фото_GGG_2 фото_GGG_3
Орта салмақ дәрежесінде бокстан 3 дүркін әлем чемпионы Геннадий Головкин 2015 жылғы 18 қазанда «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында төртінші рет чемпион атанды. Қазақстан халқы Геннадий Головкин мен канадалық боксшы Давид Лемьенің жекпе-жегін асыға күтті. Геннадий, өз кезегінде, Халықаралық бокс федерациясының (IBF) нұсқасы бойынша экс-чемпионы Давид Лемьені 8-раундта жеңіп, ел үмітін ақтады. Бұл жекпе-жек бокс жанкүйерлерінің көңілінен шыққан кәсіпқой бокстағы әсерлі оқиға болды, – деп хабарлайды “Қазақстан” телерадиокорпорациясының баспасөз қызметі.
Головкин-Лемье жекпе-жегін «Қазақстан» және «KAZSPORT» арналары тікелей эфирде көрсетті. 3,5 миллионнан астам қазақстандық жекпе-жекті тікелей эфирде тамашалады.
Сондай-ақ, «Қазақстан» телеарнасы жекпе-жекті таңертең көре алмаған көрермендер үшін қайталауын сағат 13.00-де және 18.55-те көрсетті. Жекпе-жектің қайталауын 1,5 милионнан астам телекөрермен тамашалады.
Бұдан басқа, жекпе-жек «Қазақстан» телеарнасының ресми сайтында онлайн-тәртібінде көрсетілді. Телеарнаның интернет-редакциясының мәліметтері бойынша көрермендердің сайтқа кіру саны бір миллионнан асты.
«Қазақстан» терерадиокорпорациясының заманауи техникалық базасының және қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында Геннадий Головкиннің қатысуымен өткен күрес осындай оқиғаларды трансляциялайтын заманауи технологияны пайдаланумен жоғары деңгейде көрсетілді. Сонымен қатар,осы ауқымды, әрі маңызды іс-шараны жоғары деңгейде жүргізген «KAZSPORT» телеарнасының комментаторларының еңбегін де атап өткен жөн.
Алдағы уақытта «Қазақстан» және «KAZSPORT» телеарналары елімізде және әлемдегі өтетін маңызды спорт оқиғаларының трансляциясын тікелей эфирде көрсетуді жалғастырады.
Геннадий Голвкинге жоғары жетістіктер мен жеңістер тілейміз! Себебі Геннадийдің жеңістері еліміздің оң имиджін қалыптастыруға әсер етеді.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑