banner-top12

Руханият 1463341739_320af836de9266467d279711345a08f0

Қосқан уақыты Маусым 19, 2017 | 461 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Ұлы бір күндік төңкеріс

Қуантып, кейбірін жылатып, мұңайтатын ҰБТ майданына да санаулы күндер қалды. Тұрсынбек ағамыздың сөзімен айтсақ: «ҰБТ бұл – ұлы бір күндік төңкеріс». Төңкеріс майданына түсер бітіруші түлектеріміздің он бір жылдық білімінің нағыз нәтижесі айқындалар кезі. Өмір болғасын қуаныш пен өкініш қатар жүретіні сияқты, ҰБТ-дан бірі алақайлап, ал, енді бірі ренжіп шығып жатады. Себебі, бұл үміткерлердің білім атты теңіздегі бағдарын айқындап, шешетін жаңа өмірге басар қадамның келесі сатысы іспетті.

Осынау сан мыңдаған талапкерлердің тағдырын анықтайтын ҰБТ-ның қазіргі жағдайы күрделендірілген. 2008 жылдан бастап 125 сұрақ болған тест саны 2017 жылғы өзгерістерге сәйкес 140 сұраққа көтерілді. Тест сұрақтары санының өскенінен бөлек, пәндерден де бірталай өзгертулер жасалып, 2 сынақтан өтетін етті. Мұндай қатаң өзгерістер түлектерімізден де айтарлықтай білімді талап ететіні сөзсіз. Жалпы, тестке енген жаңартуларға көпшілік наразылық білдіріп, өздерінің қарсы екендіктерін жасырмай айтып та жатты. Алайда, осындай қиын сынақтар арқылы еліміз нағыз ертеңінен жақсы үміт күттірер талапты жастарды іріктеп алатындығын да естен шығармағанымыз жөн. Өйткені, мемлекетіміздің ертеңі – жастардың қолында!
Ал, іні, сіңілілерге алдағы уақытта болатын сыннан сүрінбей өтулеріңе тілекшіміз. Сәттілік жолдастарың болсын. Қазақстанның болашағы – сіз бен біздей жастардан үміт күтеді. Үмітті ақтай білейік, достар!

Гүлмарал Ерсұлтанқызы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑