banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_2279

Қосқан уақыты Қараша 25, 2019 | 145 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Ұлы дала өнері» атты көрмелер өтті

 IMG_7662 IMG_8240 IMG_8981 IMG_8220IMG_2279IMG_3178 IMG_3203 IMG_0796 6900a7914dc43ff1a615fd6e019473be IMG-20190929-WA0009  IMG_7651 IMG_4309 2f24109a-64f9-404d-a20e-6bc51d5102a3 20191018_112403 20191018_183930 IMG_9303

Қазақстан Республикасы  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы негізінде «Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету»  жобасы аясында сәуір-қараша айлары аралығында «Ұлы дала өнері» атты көрмелер ұйымдастырды.

Жастарды ұлттық құндылықтарымызды бағалауға, сақтауға, дәріптеуге  үндейтін көормеде, ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау, суреттеп бейнелеу және фотоға түсіруді талап етеді. Осылайша, жастарға ұлт өнері жайлы ойлануға,  атсалысуға, сол салада ізденуге, еңбектенуге ықпал ететін шара, республиканың Алматы қаласында ғана емес,  республиканың кейбір өңірлерінің жастарын да қамтыды. Оның ішінде, мектептердегі этнос өкілдерін де қамтыды.

Оннан аса  колледждер мен мектептерде ұйымдастырылған «Ұлы дала өнері» көрмесіне, жастардың ұлттық құндылықтарды бейнелеген 200-ге жуық еңбектері қойылды.

Әсіресе, Алматы қаласындағы №13, №107 және №146 мектептері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Бертаев, Қорам мектептері, Көксу ауданындағы Мұқаншы мектебі, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы №163 мектеп, Түркістан облысы, Кентау қаласы,  №12 Б.Момышұлы атындағы мектептер қолөнерімен ерекшеленсе, Шелек ауылы, Х.Бижанов атындағы орта мектеп, тартымды фотоларымен көзге түсті.  Алматыдағы №153, №156 мектеп-гимназия,  Алматы обл, Достық ауылы, А. Бертаева атындағы мектептер ұлттық құндылықтарды бейнелеген суреттерімен ерекшеленді.

Осылайша, Халықаралық «Жанашыр» қорының «Ұлы дала өнері» атты тақырыптық көрмесі  жастардың отаншылдық пен елжандылық қасиеттерін оята түскені байқалды. Шараға қатысушылар «Рухани жаңғыру» кез келген ұлттың, ұлыстың рухани мәдениетін дамытуға үлес қосатын бағдарлама екенін айта келе, осындай шаралар ауылды жерлерде жиі өткізіліп тұрса деген  ұсыныстарын білдірді.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑