banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_2125

Қосқан уақыты Сәуір 27, 2019 | 262 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Ұлы дала тарихы – ұрпаққа аманат

IMG_1945 IMG_2077 IMG_1832 IMG_2125 IMG_1873 IMG_2052 IMG_1886 IMG_1689 IMG_1621 IMG_1665 IMG_1638 IMG_2038 IMG_1713IMG_1777IMG_2120IMG_2097

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсырысы негізінде Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту” тақырыбындағы жоба аясында Алматы қаласы Сервистік қызмет көрсету колледжі студенттерінің ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастық өкілдерімен «Ұлы дала тарихы – ұрпаққа аманат» атты кездесуі өтті.

Шараға  Халықаралық «Нұр-Мүбәрак» ислам мәдениеті университетінің Жалпыгуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Досымбек Қатран, ақын, халықаралық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері  Талант Арынғали, «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Әпетова, «Бәйтерек» жастар орталығының жетекшісі Мейіргүл Қазыбаева, Тұлғаны дамыту академиясының құрылтайшысы, Қазақстан психологтар қоғамдастығының және «ОРТА» ұйымының мүшесі Жасұлан  Сейітқалиев, Өзара қарым-қатынас саласы бойынша сарапшы,  «Табысқа жол», «Әйел үйлесімділігі», «Бақытты бала» курстарының авторы, «Тұлғаны дамыту» академиясы жанындағы«Гармония» әйелдер клубының жетекшісі Жанна  Сейтқалиева, журналист Айдос Жұқанұлы, жас әнші, Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қоғамының  мүшесі Самат Шоновтар қатысып, жастармен рухани жаңғыру тақырыбында әңгіме өрбітті.

Сонымен қатар, колледж студенттері арасында «Рухани жаңғыру» тақырыбында бірқатар шаралар өтті. Мәселен, «Рухани жаңғыру: Өзгерісті өзіңнен баста» атты лекцияға колледждің 50 студенті қатысып, 3 тақырыпта танымдық лекция тыңдаса, этнос өкілдеріне арналған «Қазақтану» лекторийінен де жастар мол мағлұмат алды. «Буккроссинг», яғни кітап алмасу шарасында студенттер өздерінің артық кітаптарын кітапханаға әкеліп өткізіп, бір-бірімен кітап алмасты. Ал, «Book Dating» жобасына, яғни танымал тұлғаның өзі оқыған кітабы жайлы таныстырып, айтып беретін шарада ақын, халықаралық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері  Талант Арынғали өзі оқыған Қадыр Мырзалының көп томдығы жайлы тамаша шолу жасап, жастардың әдебиетке, кітапқа деген құштарлығын арттырды. Бұл жастарды кітап оқуға, әдебиетті сүюге баулитын тартымды шара болды.

Мұнан кейін студенттердің «Рухани жаңғыру» тақырыбындағы лекциядан және «Қазақтану» лекторийінен алған білімдерін пысықтау мақсатында викториналық ойындар өтті. Студенттер қазақ салт-дәстүріне, тарихына, этнографиясына қатысты сұрақтарға жауап берді. Қазақтану шеңберіндегі білімдерін толықтырып, «Мен «Рухани жаңғыруды» қалай түсінемін» деген тақырыпта шығарма жазды.

Осылайша, Халықаралық «Жанашыр» қорының Сервистік қызмет көрсету колледжіндегі «Рухани жаңғыру күні» жастардың рухын көтеріп, санасына сәуле түсіріп, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерінің арта түсуіне ықпал етті.

Халықаралық “Жанашыр” қорының баспасөз қызметі.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑