banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_9454

Қосқан уақыты Қыркүйек 19, 2019 | 181 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Ұрпақтар үндестігі

IMG_9505 IMG_9537 IMG_9546 IMG_9619 IMG_9514 IMG_9559 IMG_9454 IMG-20190918-WA0205  20190918_125359 20190917_184521 IMG_9635 IMG_9621 IMG_9608 IMG_9384 IMG_9337IMG_9507IMG_9393IMG_9362IMG_9287IMG_9572

Түркістан облысының Кентау қаласы мен ауылдарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету бойынша шаралар өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілетуге атсалысу, жастар арасында насихаттау, отбасы жəне ата беделі негізінде қоғамдық келісім мен ел бірлігін қамтамасыз ету, отбасылық құндылықтарды тарату мақсатында Түркістан облысы Кентау қаласы мен ауылдарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету бойынша шаралар өтті.

Қаладағы орталық кітапханадан бастау алған шаралар кешені, қала маңындағы Хантағы, Оранғай ауылдарында жалғасты. «Ұлы дала тарихы ұрпаққа аманат» тақырыбындағы кездесулерге мектеп оқушылары қатысып, тағылымды әңгімелер тыңдады. Кітапханаларда өткен «Буккросинг», «Букдейтинг» шаралары да оқушылардың қызығушылығын тудырды.

Хантағы, Оранғай ауылының Мәдениет үйінде өткен «Қазақтану», «Өзгерісті өзіңнен баста» тақырыбындағы лекциялар да мазмұндылығымен ерекшеленді.

Айтыскер ақын, ҚР Мәдениет қайраткері Әбдікәрім Манапов, Өлкелік тарихи мәдени-этнографиялық орталығының бөлім меңгерушісі Омар Жексенбаев, ардагерлер ұйымының мүшелері Мұратбек Абдуллаев, Пахырдин Абыддин, Фарида Ираханова, Досжан Рүстемов, Мәди Досанов, Фарида Бекжігітовалардың тағылымды әңгімелері рухани құндылықтарды әспеттеуге үндеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілетуге атсалысу, ұрпақтар сабақтастығын жалғау мақсатында Хантағы, Оранғай ауылдарында жергілікті ақсақалдар, аналар, билер алқалары мен жастар кеңесі құрылды. Алқалар негізінен қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты жəне этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дəстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту жəне сақтау үшін жұмыс жүргізіп, ата-аналардың дені сау, рухани адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ тəрбиелеудегі жауапкершілігін арттыруға жəрдемдеседі.

Жас ұрпақты рухани-адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеуде адамгершіліктің ақ жолынан айнымаған бұрынғы өткен ақыл-ой алыптарының мұра етіп қалдырған өсиет сөздері және ғұламалардың ғибраттары арқылы қоғамымызда салауатты өмір салтын қалыптастыруымызға болады. Сонда ғана бүкіл жер бетінде, әсіресе, жастар арасында бой көрсетіп жатқан маскүнемдік, нашақорлық, парақорлық, дүниеқоңыздық, көреалмаушылық сияқты кеселдерден мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпағымызды қорғап қала аламыз. Осы міндеттерді атқаруға жергілікті алқалар бел шеше кіріспек.

Осылайша, Түркістан облысында өткен рухани жаңғыру шаралары ұрпақтың санасына сәуле құйды.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑